Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бауыржан мұрасы – ұрпаққа ұран

07 ақпан 2019, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Бауыржан мұрасы – ұрпаққа ұран
№121 топ

Тәрбиелік мақсаты: Бауыржан Момышұлы өмірін үлгі ете отырып, өз елін, туған жерін сүюге, елін, жерін қорғаған ата - бабаларымызды құрметтеуге, аталар өсиетінен өнеге алуға тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.
КӨРНЕКІЛІГІ: Б. Момышұлы портреті, суретті бүктеме, өсиетті бүктеме, кітап көрмесі, слайдтар.

Тәрбие сағатының барысы:
1. Тәрбие сағатын ашу
2. Кіріспе Топ жетекшісі
3. Өлең – «Бауыржан Момышұлына» - М. Мақатаев.
4. «Ұшқан ұя». Повестен үзінді.
5. Өлең – «Туған жер» - Б. Момышұлы.
6. Өлең «Соғыстан қайтқан солдаттар».
7. «Қазақ тілі туралы пікір» - Б. Момышұлы.
8. Бәукеңнің нақыл сөздерінен
9. Слайд. Б. Момышұлының суреттерімен таныстыру.
10. Көрініс.
11. Соғыс ардагерінің ұрпағына сөз.
12. Қорытынды.

1.
ЕРКЕБҰЛАН.
Көз жұмғанша ел мүддесін ту ғып ұстап қасарған,
Ар мен намыс сөз болғанда өзіңнен кім аса алған!
Бір ғажабы: қан майданда көзсіз батыр атанып,
Куәлігін жарты ғасыр кеш алған.-
Сендей қайсар перзент туу - әр әйелге бас арман!
2
Топ жетекшісі:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы, жауынгер - жазушы, тіл жанашыры Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған « Бауыржан мұрасы – ұрпаққа ұран» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз. Жазушылығы мен азаматтығы аңызға айналған
Бауыржан Момышұлының тарих тарауларынан алар орны айрықша.
Тұтас бір халық төбесіне көтерген ардақты азаматқа көп жылдар бойы Батыр атағы берілмей келді. Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен тек қана 1990 жылы Ұлы Отан Соғысының даңқты қолбасшыларының бірі Бауыржан Момышұлына кеңес одағының батыр атағы берілді. Сол бір қуанышты күн туралы мынадай бір әңгіме бар. Бақытжан Момышұлына жолдаған құттықтау хатының соңында Елбасы: « Бауыржанның жұлдызды болған күні - халықтың жұлдызы жанған күні» деп жазыпты. Баукеннің тағы бір ерекшелігі - көрегендігі.
Ұлы Жеңістің 65 жылдығы және Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойы тұспа - тұс келіп отыр.
3.
Хамзаев Ж
М. Мақатаев
Бауыржан Момышұлына
Аға,
Саған, білмеймін не айтарымды,
Қай қырыңнан білмеймін байқарымды,
Көңілдегі ой көмейге кептелді де,
Түрмесіне кеудемнің қайтарылды.
Қайтерімді, білмеймін не айтарымды.

Жасқануды білмеуші ем, жалтаруды,
Неге көңіл, білмеймін, аңтарылды?!
Ақ тұлпарым бар еді саған деген
Алып ұшпай ол неге қаңтарылды?!

Тұрлыбек.
Сен зәру емессің ғой құрметке,
(Сырлы аяқтың сыны бар, сыры кеткен...)
Тонға емес, орамал жолға жарап,
Сый тартуды атамыз ырым еткен

Тартар сыйым өзіңе болмағасын,
Белгілі ғой қасыңа жоламасым.
Ақ сұңқарым бар еді, ұшпай қойды,
Алсам - дағы басынан томағасын.
Аман.
Қылышымды суырып қынабынан,
Қыл қапқан жүзін көріп, жыладым - ау...
Жетімдердің кегі мен жесірлердің
Суарып ем суалған бұлағына.

Қайрап едім зауалдың шарығына,
Қақтап едім қан майдан жалынына.
Қынабына оны да жасырдым мен,
Керек болып жүрер деп халығыма.

Қынабына сап қойдым үмітпенен,
Оның несін жасырам бүгін сенен.
Саған, аға, сақталған бір сый бар - ау,
Назарына ешкімнің ілікпеген.

Наурызбаева Қарашаш Исақызы
Қызылорда политехникалық колледжі
Бауыржан мұрасы – ұрпаққа ұран жүктеу
2 558
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя
Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя
Оқушыларды Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Б. Момышұлы туралы мәлімет беру.
Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесіндегі ұлттық тәрбие, халық даналығы
Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесіндегі ұлттық тәрбие, халық даналығы
Батырдың балалық шағы немесе жалпы «Ұшқан ұя» повесін оқығандығы туралы не білетіндерін ескере отырып, ұлттық тәрбие, өнеге, халық даналығын талдап шығуға мүмкіндік беру.
Бауыржан Момышұлы өмірбаяны
Бауыржан Момышұлы өмірбаяны
Бауыржан Момышұлы (1910 – 1983) (слайд) Батыры бар ел сағын сындырмайды, Суық жүзін біз жаққа күн бұрмайды. Қорғап өткен намысын Бауыржанның, Туған халқы жырламай кім жырлайды...
Есімше мен көсемшеден өткенді бекіту сабағы
Есімше мен көсемшеден өткенді бекіту сабағы
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Ащысай орта жалпы білім беретін мектеп – балабақшасы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нурушева Ақкүміс Мұқташқызы
Алаштың айбыны - Бауыржан Момышұлы
Алаштың айбыны - Бауыржан Момышұлы
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мустафаева Биғайша Абубакировна
Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» романының үзінді
Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» романының үзінді
Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сабырова Жамиля Сатыбалдықызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×