Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»

17 қаңтар 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қазақ әдебиеті 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы».
Сабақтың мақсаты: а) Бауыржан Момышұлы өмірімен, ерлік жолдарымен, кітаптарымен, естеліктерімен таныстыра отырып, елін, жерін құрметтеу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
ә) көркем прозаға деген қызығушылыққа, халықтық салт - дәстүрін түсіне білуге тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: ерлік сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, топтау, «Карусель», «Микрофон» әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, «Батыр ата» бүктемесі т. б.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, өмірмен байланыстыру.
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: (5 минут). Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Санау бойынша 5 топқа бөліп отырғызу.
б)«Карусель» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау. (10 минут). Оқушылар бір - бірінің ішінде орналасқан екі шеңбер құрады. Ішкі және сыртқы шеңбердегі әр оқушы бір - бірімен бетпе - бет тұрып жұп құрайды. Берілген уақыт ішінде (30 секунд) бір - бірімен ақпарат алмасады. Уақыт өткен кезде жүргізушінің белгісімен ішкі топ бір қадам сағат тілі бағытымен жылжып, келесі оқушымен жұп құрайды. Тағы да бір - біріне түсіндіре бастайды. Оқушылар тақырып бойынша алдын ала сұрақтар құрастырып, интервью алуға да болады.

1. ӨМІРБАЯНЫ. Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 - желтоқсанда Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде дүниеге келді. Бауыржан Момышұлы – Екінші дүние жүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Бауыржан 7 жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады. 1941 жылы ІІ дүниежүзілік соғыс басталысымен Бауыржан даңқты генерал – майор И. В. Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанды, батальон, полк командирі қызметтерін атқарды. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен ерекше көзге түседі. Бауыржанның осындай ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы А. Бек «Волокаламское шоссе» повесін жазды. Соғыстан кейін Бауыржан Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмысымен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді. Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады. Кеңестер Одағының батыры атағын алады. Алайда бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді. 2. ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ. Бауыржан Момышұлы – көрнекті жазушы, шығармаларын қазақ және орыс тілінде жазған. Алғашқы кітабы «Офицер күнделігі» деген атпен жарық көрді. Одан кейін «Бір түннің тарихы», «Біздің семья», «Москва түбіндегі шайқас», «Майдан», «Генерал Панфилов», «Куба әскерлері», «Адам қайраты» тағы басқада әңгімелері мен повестер жинақтары шықты. Бауыржан әңгіме, повестермен қатар өлең толғаулар да жазған. Бауыржанның бойындағы ақындық қуаттық бүршігі ерте белгі бергендігін мектептегі ұстазы Тәңірберген Отарбаев байқаған. Шәкірттеріне шығарма жаздырып қабілеттерін байқау үстінде бала Бауыржанға «сенен ақындықты иісі шығады» деп айтқан екені аяулы ұстазы.

Солтүстік Қазақстан облысы,
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан,
Новоишим ауылы, №2 Новоишим орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Калиева Жанар Кенжебайқызы

Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы». жүктеу
2 309
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бауыржан Момышұлы өмірбаяны
Бауыржан Момышұлы өмірбаяны
Бауыржан Момышұлы (1910 – 1983) (слайд) Батыры бар ел сағын сындырмайды, Суық жүзін біз жаққа күн бұрмайды. Қорғап өткен намысын Бауыржанның, Туған халқы жырламай кім жырлайды...
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»
Бауыржан Момышұлы өмірімен, ерлік жолдарымен, кітаптарымен, естеліктерімен таныстыра отырып, елін, жерін құрметтеу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу; көркем прозаға деген қызығушылыққа, халықтық салт - дәстүрін түсіне білуге тәрбиелеу;
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы» (2 - сағат)
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы» (2 - сағат)
Бауыржан Момышұлының тұлғасы, қасиеттері туралы білімдерін кеңейтеді. Оқушыларды алған жаңа материалдары бойынша жұмыстану дағдыларын қалыптастыру;
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»
Ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»
Алматы қаласы, № 178 лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Борибаева Айжан Сауытбековна
Бауыржан Момышұлының өз бейнесі, батырлық тұлғасы
Бауыржан Момышұлының өз бейнесі, батырлық тұлғасы
Атырау қаласы, № 6 орта мектептің қазақ тіл әдебиет пәні мұғалімі Әбуова Орынша Сақтағанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×