Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа технология – сабақта

23 ақпан 2015, Дүйсенбі
Тренинг cабақ тақырыбы: «Жаңа технология – сабақта»
Тренинг мақсаты:
1. Инновациялық оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін меңгерту.
2. Студенттердің әдістемелік білімі мен танымдық белсенділіктерін дамыту.
3. Сабақта студенттердің кәсіби шеберлігін тәрбие үрдісі бойынша нақтылау.
Тренинг көрнекілігі: сабақ сипаттамасы жүйесіне арналған жоспар – кесте, үлестірме материалдар, буклеттер сериясы, түрлі үлестірмелі – дидактикалық құралдар, лотерея.
Тренинг әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, идеялар каруселі, таныстырым, көрініс, сыр – сұхбат, үстел түйіндемесі (резюме)
Тренинг жүрісі:
І. Бағдарлама туралы бірер сөз.
- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар және студенттер?
- Сәлеметсіз бе?
- Бүгін біздің сабағымыз тренинг түрінде өтеді. Оның жоспары тақтада тұр. Мына отырған жастар І курс студенттері әдістемені енді ғана бастап, сауат ашу әдістемесінің әліппесімен енді ғана танысып жатқандар және сабақта сырттай оқитын топ студенттері де бар. Оларға әр семестр сайын ауылдарындағы мектептерге сабаққа қатысу үйге тапсырма ретінде беріледі. Бүгін сол қатысқан сабақтары жайында, көрген - білгендерін баяндауы тиіс. Бұлардан басқа сабағымызға ІІІ курс студенттері де қатысуда. Оларды кейін өзім қосымша таныстырып өтермін.
ІІ. Карточка – тент.
(теориялық сұрақтарға жауап).

Күндізгі топқа:
1. Методика деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
2. Бірінші заңдылық туралы не айтар едің?
3. Екінші заңдылық қандай әдістемелік ережелерді сақтауды талап етеді?
4. Төртінші заңдылық жөнінде қай ғалым пікір айтты?
5. Жетінші заңдылықтан қандай принциптер шығады?
6. Қазақ тілін оқытудағы мақсат не?
7. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мазмұны.
8. Қазақ тілін оқыту әдістері қандай?
9. Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздерін табыңыз.
10. Сауат ашу барысындағы оқу мен жазу процесінің психофизиологиялық ерекшеліктері қандай?
11. Сауат ашу әдісі туралы ұғым.

Сырттай оқу тобына:
1. Сауат ашудың неше кезеңі бар?
2. Дайындық кезеңінің ерекшелігін түсіндіріңіз.
3. Сауат ашу кезеңінде орындалатын жұмыстарды атаңыз.
4. Сауат ашу сабақтарында дыбыс пен әріп қалай үйретіледі?
5. Көрнекіліктің сабақ өткізудегі рөлі қандай?
6. Грамматикалық ойын түрлері сабақта қалай пайдаланылады?
7. Сергіту жаттығулары не үшін керек?

Оқытушы:
- Карточка - тент сұрақтарынан кейін бір топ екінші топқа сұрақтар қойып байқасын. Жауап бере алмай қалған топқа басқа топтың жауап беруіне де болады.
ІІІ. Жұптық кездесу.
Сырттай оқу тобы мен күндізгі оқу тобы студенттері бір – біріне сұрақ қояды. Қоятын сұрақтары сабаққа, сабақтан тыс шараға қатысуы, практика туралы болуы керек. Мысалы:
- Өзіңіз қатысқан сабақтан қандай әсер алдыңыз?
- Бастауыш сыныпта сынып сағатын қалай өткізуге болады, т. б?
Оқытушы сөзі:
- Студенттер, Жұптық кездесу қандай әсер қалдырды? Бұған жауапты жоғарғы курс студенттері берсін. Айнұр, Меруерт, Гүлзиралар өз пікірлерін айтады.

ІV. Үстел түйіндемесі. ( резюме)
Өз үстеліңіздің айналасында отырған адамдардың тізімі.
Жалпы жас мөлшерін анықтау мақсатында өз үстеліңіздің айналасында отырған барлық қатысушылардың жасын қосыңыз.
Өздеріңіздің қатысқан сабақтарыңыздың саны.
Сіздің үстел мүшелерінің спорт түріне қатысы.
Сіздердің өткізген сабақтан тыс шаралардың саны.
Үстел мүшелерінің жаттаған өлеңдерінің саны.
Сіздің үстел мүшелерінің көңіл - күйін түспен белгілеңіз және оны дәлелдеңіз.
Оқытушы студенттердің пікірін сұрайды.

V. Галерея бойынша жүру.
ШП - 31 тобының студенті Бектұрғанова Гүлзира жаңа технологияларға арналған буклет бетшелермен таныстырып шығады.
- Дамыта оқыту технологиясы.
- Тірек сызба бойынша оқыту технологиясы.
- Ойын арқылы оқыту технологиясы.
- Ізгілендіре оқыту технологиясы.
- Проблемалық оқыту технологиясы.
- Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы.

VІ. Жаңа технология сабақта.
Әліппеден сабақ беру.
Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1) Ә дыбысы және әрпімен таныстыру. Өтілген дыбыстарды қайталау. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру, текшемен белгілеу әдістерін меңгеру.
2) Сөздерге дыбыстық талдау жасау. Кісі аттары, тау, қала аттары бас әрпімен жазылатынын түсіндіру.
3) Балалардың буын туралы түсінігін кеңейту, логикалық ойындар, жаттығулар арқылы балалардың пәнге қызығушылығын қалыптастыру, қолдарын жаттықтыру.
Сабақтың дамытушылық мәні: балалардың тіл байлығын дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: көрнекілік, сөздік, практикалық ойын.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріптер, ойыншықтар, текшелер, тақырыпқа байланысты суреттер, тірек сызбалар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
- Қане, барлығымыз оқушы ережесіне сай түзу отырып, керекті құралдарымызды шығарайық. (оқушыларды тексеру).
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Осындай әсем өлең шумақтарынан кейін, әліппе оқулықтарымызды ашайық.

ІІ. Үйге берілген тапсырма.
- Балалар, біздер өткен сабақта қандай дыбыс және әріппен таныстық?
- «І» дыбысы мен әрпі.
- Ендеше, «І» дыбысы мен әрпін еске түсірейік. Барлығымыз тақтаға қарайық. Тақтада нелерді көріп тұрмыз?
- Тышқан, ірімшік сөздерін көріп тұрмыз.
- Осы ірімшік дегеніміз не?
- Тамақ және оны сүт тағамынан жасайды.
- Ірімшікті жақсы көретін қай жануар?
- Тышқан.
- Біз берілген басқыштардағы сөздерді оқу арқылы тышқанға ірімшікті алуға көмектесеміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 207
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен ҚазҰУ-да оқуды мақтан тұтамын
Мен ҚазҰУ-да оқуды мақтан тұтамын
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) - Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Бұл университет Қазақстан Республикасында ең танымал болып есептеледі. Кез келген Қазакстан азаматынан универ жайлы сұранасыз, ол міндетті түрде
Мен ғажаппын тренинг сабақ
Мен ғажаппын тренинг сабақ
Педагогтардың эмоцияналды және көңіл - күйлерін көтеруге, кәсіби жанудың алдын алу, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Ата - аналармен ұйымдастырылған жиналыс - тренингтің жоспары
Ата - аналармен ұйымдастырылған жиналыс - тренингтің жоспары
Тақырыбы: “Бала бақыт бастауы, отбасы алтын діңгегі” Мақсаты: Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуда ата - аналармен бірлесе жұмыстар жүргізу.
Достық торы тренингі
Достық торы тренингі
«Достық» торы тренингі
Кәсіби «Мен» тұжырымдамасы – қарым - қатынас тренингі
Кәсіби «Мен» тұжырымдамасы – қарым - қатынас тренингі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Төменарық ауылы, №11 «Балауса»балабақшасының педагог – психолог Айсұлу Пазылова
Бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиядан тренинг сабақтар
Бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиядан тренинг сабақтар
Ақтөбе қаласы, №32мектеп - гимназия психологі Исаева Гульнар Мирамбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×