Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кәсіби «Мен» тұжырымдамасы – қарым - қатынас тренингі

25 қаңтар 2014, Сенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Ашық тренинг – сабақ:
Кәсіби «Мен» тұжырымдамасы – қарым - қатынас тренингі
Мақсаты: қатысушыларды кәсіби «Мен» тұжырымдамасының проблемаларымен таныстыру, позитивті мен тұжырымдамасының дамуы, топтық бірігуді дамытуға арналған бірқатар тапсырмалар мен жаттығуларды жасау, өзінің өмірлік ұстанымын және кәсіби ресурстарының қандай дәрежеде екенін сезінуі, танып білуі.

Тренинг барысы:
І. Жүргізуші кіріспесі (психолог) – тренинг мақсатымен таныстыру - бүгінгі тренингте біз позитивті кәсіби «Мен» тұжырымдамасының дамуын қарастырып, сөз етеміз. Сіздерге өз өмірлік позицияларыңызды танып білу, топ болып бірігіп жұмыс істеуге дағдылану, дамытуға арналған бірнеше тапсырмалар мен жаттығулар беріледі және де өмірлік проблемаларды шеше білуге арналған сұрақ - жауаптар алынады.

Ал қазір сіздерді тренингке қатысу ережелерімен таныстырып өтейін:
Құпиялылық – тренингте айтылғанның барлығы осы жерде қалады.
Мен - айтушы, тек жеке сезімдерімді ғана айтамын(бүкпесіз)
Бағалау, пікір айту жоқ, өзгенің қатысуымен сіздің жеке өміріңізге баға бермейміз (менің өмірім тек қана менің өмірім, қателесуге құқым бар)
Қателесуге құқыңыз бар - тренингте «дұрыс», «дұрыс емес» деген жауап жоқ.
Біреу сөйлегенде екіншіміз тыңдаймыз, бір - біріміздің сөзімізді бөлмейміз.
Еркіндік – кейбір жаттығуларға қатысқыңыз келмесе, еркіңіз.

ІІ. Танысу
а) Тренинг бірнеше бөлімнен тұрады.
І – бөлімі - танысу:
Біз тапсырмалар мен жаттығуларды бірге жасау үшін жиналып отырғандықтан ең алдымен өзара түсінігімізді таныстықтан бастайық. (визиткалар таратылады)
ә) тренинг барысында өзіңізді қалай атағанын қалайсыз, солай жазыңыз (атыңызды немесе атыңызды әкеңіздің атымен қосып, апай т. б.) Енді өзіңізді таныстырыңыз, өзіңіз қалаған қалыпта (иіліп, т. б.)
б) рахмет, біз бір - бірімізге алғашқы қадамды жасадық.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 191
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Ар - ұят туралы
Ар - ұят туралы
Ар - ұят түсінігін иеленуші жеке адам болып саналады. Ар - ұят "адамның жеке өмірінің әр түрлі оқиғаларын көре білу, бағалай білу және оған қайғыра білу қабілеті".
Мен ғажаппын тренинг сабақ
Мен ғажаппын тренинг сабақ
Педагогтардың эмоцияналды және көңіл - күйлерін көтеруге, кәсіби жанудың алдын алу, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Әлеуметтік-психологиялық тренингті ұйымдастыру принциптері
Әлеуметтік-психологиялық тренингті ұйымдастыру принциптері
Топ - бұл ақиқат дүние, топта, өмірдегі сияқты өзіндік тұлға аралық қарым-қатынас, шешім қабылдау, мінез-құлықты таңдау проблемалары бар.
Коучинг - сессия жоспары: Кәсіби қоғамдастық – педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру құралы ретінде.
Коучинг - сессия жоспары: Кәсіби қоғамдастық – педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру құралы ретінде.
Кәсіби қоғамдастықтың маңызы туралы алғашқы түсінік қалыптастыру. Желілердің білім және инновациялар алмасу үдерісінде маңыздылығын көрсету. Мектептер арасындағы ынтымақтастық, мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүддесі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×