Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Лингвомәдениеттаным – тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыт

15 наурыз 2015, Жексенбі
Лингвомәдениеттаным – тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыт
Түркітануда фразеологизм туралы алғашқы еңбектер 40 - жылдардан кейін жарық көрді. Түркі фразеологиясын (әзірбайжан, башқұрт, қазақ, қырғыз, татар, өзбек, т. б.) зерттеуде алғашқы атсалысқан қазақ ғалымы І. Кеңесбаев болатын.

Бұл саладағы ғылыми еңбектердің тіл – тілдегі фразеологизмдердің тұлғалық, мағыналық жақтарының күрделілігіне қарай, зерттеу әдістерінің бағыт - бағдары әр алуан. Елуінші жылдардан кейін түркітануда фразеологизмдердің тіл білімінде жеке пән ретінде қалыптасу жолында көптеген мәселелерді ғылыми тұрғыда шешуде үлкен өзгерістер басталды. Бұл ретте баспа бетіне жарияланған жалпы фразеологизм туралы еңбектерге шолу жасасақ, түркітануда айтарлықтай нәтижелер бар екені байқалады.

Алғашқы кезеңде әр ұлттың өз тіліндегі тұрақты сөз тіркестерінің негізін айқындау, саралау бағыты тұрады. Тілші ғалымдардың әр жылдары жарық көрген зерттеулері осының айғағы. Қазақ фразеологиясының көш бастауынан кейін - ақ (І. Кеңесбаев), ұйғыр тіліндегі тұрақты сөз тіркестері – Ч. Сайфуллин; әзірбайжан фразеологиясы – А. Байрамов; өзбек фразеологиясының мәселелері – Ш. Рахматуллаев; түрік тіліндегі идиомалар – А. Долганов, түркімен тіліндегі идиомалар – К. Бабаев, қырғыз тіліндегі идиомалар – Ж. Османова, құмық тіліндегі фразеологизмдер туралы – К. Дойбова, қарашай – балқар тіліндегі фразеология – З. Жарашуева, башқұрт тіліндегі фразеологизмдер – З. Урапсин, чуваш тіліндегі фразеологизмдер – М. Черновтардың т. б. зерттеуімен жарық көрді.

Фразеологиялық орамдар тілдік единица ретінде лексика – семантикалық жағынан сан қырлы. Бұл мәселелерді теориялық жағынан дамыту толық шешімін тапты деу қиын. Керісінше жан - жақты түбегейлі зерттеу мен түрлі ой - пікірлердің арасалмағы тіл - тілдегі тұрақты фразеологиялық тұлғалардың әлі де болса, ғалымдар назарынан тыс қалған жақтары бар екендігін көрсетеді. ФТ*- лар құрамын, оның семантикалық – тақырыптық аясын ғылыми түрде тұжырымдау С. Муратов, Ә. Қайдаров т. б. еңбектеріне негіз болды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 813
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кембридж университетіндегі ең алғашқы төрт мамандықтың бірі "ДІНТАНУ" болғанын білесіз бе?
Кембридж университетіндегі ең алғашқы төрт мамандықтың бірі "ДІНТАНУ" болғанын білесіз бе?
Кембридж университетіндегі ең алғашқы төрт мамандықтың бірі "ДІНТАНУ" болғанын білесіз бе? Атақты Кембридж университеті – Еуропадағы ірі ғылыми орталық, ежелгі университеттердің бірі. 1209 ж. Ұлыбританияда Лондон қаласынан солтүстікке қарай 80 км
Шоқан Уалханов - қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы
Шоқан Уалханов - қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы
Шоқан Уалханов - қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы
Этнопедагогика
Этнопедагогика
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Байырқұм елді мекені М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының қолданысы
Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының қолданысы
Негізгі бөлім екі тараудан тұрады: «Қазақ тілі фонетикасы туралы жалпы түсінік» деп аталатын бірінші тарау және ««ң» дыбысының қолданысы» деп аталатын екінші тарау.
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романындағы фразеологизмдер
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романындағы фразеологизмдер
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, «№5 жалпы орта білім беру мектебі» Жоба авторы: 10 - сынып оқушысы b]Жұбатханова Камшат[/b]
Отбасымның жеке тұлға ерекшелігі
Отбасымның жеке тұлға ерекшелігі
А. Г. Маклаков бойынша, жаңа туған нәресте адам деп аталғанымен жеке адам, тұлға деген атқа көпке дейін ие бола алмайды, өйткені тұлға болып ер жету үшін оң мен солын өзінің «менін» басқа мендерден ажырата білуі тиіс.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×