Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көп мағыналы сөздер

09 қазан 2016, Жексенбі
Тақырыбы: Көп мағыналы сөздер
Мақсаты:
1. Білімділік. Оқушылардың танымдық қабілеттерін жетілдіре отырып, көп мағыналы сөздер туралы түсінік беру. Сөздің көп мағыналылығын ажыратып, сөз ішінде дұрыс қолдана білуге үйрету.
2. Дамытушылық. Жаттығу жұмысын жүргізе отырып, сөздік қорын, ауызша, жазбаша сөйлеу тілін, лексикалық талдау дағдысын, танымдық белсенділігін дамыту.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды сауатты, таза, көркем, ұқыпты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау
Көрнекілігі: Сызба, қоржын, асық, сөзжұмбақ

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сынып тазалығына көңіл аудару.
2. Кезекшімен сұхбаттасу.
3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын толық және ішінара тексеру.

ІІІ. Жан – жақты білім тексеру.
Балалар, алдыңғы сабақтарда сөздің тура және ауыспалы мағынасын өткен болатынсыңдар.
Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
Сөздің затты немесе құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағына деп аталады.
Ауыспалы мағына дегеніміз не?
Сөздің тура мағынасының негізінде туып, өрбіген, жалпы көпшілікке түсінікті ауыспалы мағыналарын туынды мағына деп атайды.
«Аяқ» сөзінің тура және ауыспалы мағынасын айтыңдар.
Тура мағынасы: аяқ – дене мүшесі
Ауыспалы мағынасы: жұмыстың аяғы, жиналыстың аяғы

IV. Мақсат қою.
Белгілі бір ұғымға берілген атауды сөз дейміз. Тілдегі әрбір сөзде мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды. Сөз болу үшін дыбыс керек. Кез - келген дыбысты қолдана берсек ол ешқандай мағына бермейді. Сондықтан дыбысты да мағынасына қарап қолданамыз. Сөзде бірнеше мағына болуы мүмкін. Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз сөздің мағынасына байланысты болады.
Дәптерлеріңе бүгінгі күн реті мен тақырыпты жазыңдар. Бүгінгі сабақты 3 топқа бөліне отырып өткіземіз. Әр топ өздеріне ат қояды. Сабақ үш кезеңнен тұрады. Әр дұрыс жауап бір асықпен есептеледі.
І кезең – «Бәйге»
ІІ кезең – «Алшы ойын»
ІІІ кезең – «Ханталапай»

V. Жаңа сабақ.
Әр түрлі мағыналарды білдіретін сөз көп мағыналы сөз деп аталады. Бір емес бірнеше мағынаны білдіретін сөздер тілде кездесе береді. Мысалы: ата (зат есім) – 1) үлкен әке, әкенің әкесі; 2) ата жолы – ескіден қалған жөн - жоба, әдет - ғұрып; 3) ата жұрт – ежелгі мекен; 4) ата кәсіп – атадан келе жатқан шаруашылық.
Сөздің қолданылу аясының өзгеруі, яғни бір саладан басқа бір салаға ауысуы оның мағынасының өзгеруіне әсер етеді.
Көп мағыналы сөздерді біз «полисемия» деп те атаймыз. «Полисемия» - грек сөзі, «поли»– көп, «семия» - мағына деген мағынаны білдіреді.
Бас

дене мүшесі
таудың басы
сөздің басы
сабақтың басы
Осы сөздерге жеке - жеке сұрақ қоятын болсақ барлығы Не? Деген сұраққа жауап береді. Яғни, көп мағыналы сөздердің арасындағы ұқсастық бәрі бір сөз табынан болады.

VI. Жаңа білімді меңгергендерін тексеру.
«Бәйге» кезеңінде 51 - жаттығуды орындау. Дұрыс жауап үшін ұпай алады.
Төмендегі сөздердің қосымша туынды мағыналарын анықтап, кестені толтырыңдар.

Қызылорда қаласы, М.Мәметова атындағы
Қызылорда гуманитарлық колледжінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Керімханқызы Ақтоты

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
30 967
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы
Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы
Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін арттыру Оқушылардың ойын кеңейтіп, тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал - мәтелдер, нақыл сөздер үйрету.
Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 11. Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы 12. Көп мағыналы сөздер 13. Жаттығулар орындау 14. Омонимдер 15. Жаттығулар орындау
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сабақтың мақсаты: 1) білімділік: оқушының өз бетімен жұмыс жасауына дағдыландыру, сөздің қандай мағына беріп тұрғанын ажырата білуге үйрету. 2) дамытушылық: әр сөздің қандай мағыналары бар екенін ажырата білуге үйрету.
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бердіқожаева Меруерт
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кенті, "№17 орта мектебі" КММ - нің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Түсіп Батима Мақсұтқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×