Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы

14 наурыз 2018, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін арттыру
ә) Оқушылардың ойын кеңейтіп, тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал - мәтелдер, нақыл сөздер үйрету.
б) Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
1. Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
2. Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
3. Сөздің көп мағыналылығы дегеніміз не?
4. Мәтін дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа - басқа сөздердің тобын білдіреді. Сыртқы формасы жағынан, яғни біркелкі дыбысталуы жағынан омонимдер көп мағыналы сөздерге ұқсас болып келеді.
Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің айырмашылығы оларды білдіретін мағынасынан көрінеді. көп мағыналы сөздер бір негізден тұрғандықтан, мағыналары жағынан өзара жақын ұқсас болып олар бір ғана сөз табына жатады. Ал омонимдер мағыналары жағынан бір бірінен соншалықты алшақ болады да, кейде бір сөз тобына, әр басқа сөз табына да қатысты болып, дараланып тұрады.
Мысалы: Қара: 1) қара шаш – заттың түсін білдіретін сындық мағыналы сөз;
2) тақтаға қара – қимыл - әрекетті білдіретін етістік.
Айт: 1) айт болды – діни мейрам; 2) ән айт – қимыл мағынасындағы сөйлеу; 3) айт - итті бір нәрсеге айтақтап қосу үшін айтылатын одағай сөз.
Тілімізде көптеген омонимдер сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған. Түбір сөзге жұрнақтар қосылу арқылы нәтижесінде пайда болған омонимдер туынды омонимдер делінеді.
Мысалы: Арық: 1) зат - су ағызу үшін арнайы қазылған шағын су жолы. Ол егінін арықтан суарады екен;
2) сын – семіз емес, еті қашқан, жүдеу. Арық құп - қу балалардың беттерінде аштық табы бар.

Жаң сабақты түсіндіргеннен кейін, жаттығумен жұмыс жүргіземін.
Білімді бекіту: 1. Омонимдер дегеніміз не?
2. Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден қандай айырмашылығы бар:
3. Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?
Бағалау: Оқушылардың ынтасына, сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: 70 – жаттығудағы айт, жөн, ен, бөле сөздерді омоним болатындай бірнеше сөйлем құрап жазуға беремін.
9 473
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бұйрықты сөйлем (күнделікті сабақ жоспары)
Бұйрықты сөйлем (күнделікті сабақ жоспары)
Біреуге бұйыру не бірдеңені талап ету мақсатымен айтылатын сөйлемдерді бұйрықты сөйлем дейміз. Бұйрықты сөйлемдер бұйыруды, іске қосуды, кеңес беруді, жалынуды, тілек - өтінішті білдіреді.
Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 11. Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы 12. Көп мағыналы сөздер 13. Жаттығулар орындау 14. Омонимдер 15. Жаттығулар орындау
Кембридж тәсілімен оқыту бойынша ашық сабақ жоспарлары
Кембридж тәсілімен оқыту бойынша ашық сабақ жоспарлары
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Өтебаева А.Е.
Көп мағыналы сөздер
Көп мағыналы сөздер
Белгілі бір ұғымға берілген атауды сөз дейміз. Тілдегі әрбір сөзде мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды. Сөз болу үшін дыбыс керек. Кез - келген дыбысты қолдана берсек ол ешқандай мағына бермейді. Сондықтан дыбысты да мағынасына қарап қолданамыз.
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кенті, "№17 орта мектебі" КММ - нің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Түсіп Батима Мақсұтқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×