Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

07 қараша 2019, Бейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сабақтың мақсаты: 1) білімділік: оқушының өз бетімен жұмыс жасауына дағдыландыру, сөздің қандай мағына беріп тұрғанын ажырата білуге үйрету. 2) дамытушылық: әр сөздің қандай мағыналары бар екенін ажырата білуге үйрету.
3) тәрбиелік: дұрыс сөйлеуге, сөздерді қолдана білуге үйрету.
Сабақ әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Сабақ көрнекілігі: плакат қағаздар.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасы.
38 - жаттығуды талдау.
Сұрақтар қойып қайталау.
Лексика нені зерттейтін ғылым?
Мысал келтір.
3. Жаңа сабақ. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы. Сөздің затты немесе құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағына деп аталады. Тура мағына әр заттың өзіне тән жеке мағынасы болып табылады, сол арқылы біз оны айыра аламыз. Мысалы: аспан, жер, бұлт - заттарды атаса, биік, жылы, жақсы деген сапаны, бару, келу, оқу - қимылды атайды.
Сөздер тура мағынада айтыла бермейді. Ол тура мағынасының негізінде туып, көпшілікке түсінікті ауыспалы мағыналары да болады.

Мысал келтірейік.
Көз: Бұлақтың көзі, күннің көзі, адам, хайуандардың көзі, дене мүшесі
Тіл: орыс тілі, ана тілі, шет тілі, дене мүшесі
Өткір: пышақ, сөз,

Енді жаттығулармен жұмыс.
41 - жаттығу
3 - топқа бөліп беріледі.
І топ.
Бет, құлақ, қабырға - сөздерінің тура және ауыспалы мағыналарын тауып, басқа сөздермен байланысқа түсіріп тіркестіріп сөйлем құраңдар.
ІІ топ.
Дүние, кілт, келу.
ІІІ топ.
Ақ, өту, терең.
42 - жаттығу. Ауызша. Өлеңде ауыспалы мағынада қолданып тұрған сөздерді, сөз тіркестерін табу.
Сөздің патшасы, сөз - сарасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жеңіл
Сөзбен былғанса сөз арасы.
Іші - алтын, сырты - күміс сөз жақсысы
Сергіту. «Ұшты - ұшты» ойыны. Сөздің тура және ауыспалы мағыналарына арнап ойнаймыз. Ұшты, ұшты - ұшақ, қағаз, кірпі, шүберек, құс, алма, жүрек, темір ұшты.
Жүгірді, жүгірді - аққу, бала, қой, сақина, жастық жүгірді.
Жылады, жылады - сәби, дәптер, кілем, адам, жапырақ жылады.

Бекіту: Сонымен сөздің тура және ауыспалы мағыналары дегеніміз не?
Үйге тапсырма: 44 - жаттығу. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді бөліп жазу, сөйлем құрау.
Бағалау: Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
61 913
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 11. Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы 12. Көп мағыналы сөздер 13. Жаттығулар орындау 14. Омонимдер 15. Жаттығулар орындау
Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 6. Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып 7. Сөз бен мағына 8. Сөз мағыналарының сипаты 9. Сөз мағынасының өзгеруі 10. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бердіқожаева Меруерт
Көп мағыналы сөздер
Көп мағыналы сөздер
Белгілі бір ұғымға берілген атауды сөз дейміз. Тілдегі әрбір сөзде мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды. Сөз болу үшін дыбыс керек. Кез - келген дыбысты қолдана берсек ол ешқандай мағына бермейді. Сондықтан дыбысты да мағынасына қарап қолданамыз.
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кенті, "№17 орта мектебі" КММ - нің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Түсіп Батима Мақсұтқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×