Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Б. Майлинннің «Түйебай» әңгімесіндегі кейіпкерлерге мінездеме

08 тамыз 2015, Сенбі
Тақырыбы: Б. Майлинннің «Түйебай» әңгімесіндегі кейіпкерлерге мінездеме
Мақсаты: 1. Білімділік: Әңгіме мазмұнын пайдаланып, кейіпкерлерге мінездеме беруге дағдыландыру, ойын жүйелі, әдеби тілмен жеткізуге машықтандыру;
2. Тәрбиелік: Мейірімділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу;
3. Дамытушылық: Ой - өрістерін, қиялын, тіл байлықтарын, сөздік қорларын, байланыстырып сөйлеу шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: Слайд, шағын көрініс, үлестірмелі қағаздар, түрлі - түсті қаламдар,
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, драмалау, топтастыру.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Пән аралық байланыс: тарих, қазақ тілі.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: топқа бөлу, белгілі тақырып бойынша өлең, ой - толғау дайындау.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру: сабаққа көңілдерін аудару: Эпиграф оқу. Сабақты Ы. Алтынсариннің өлеңімен ашу: «Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық! Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық!»

II. Үйге берілген тапсырманы тексеру: 1. Б. Майлин өмірінен;
2. «Түйебай» әңгімесі бойынша түсінік.

III. Жаңа сабақ: Кейіпкерлерге мінездеме.
1. Кіріспе: Ой шақыру: Көрініс – «Молданың сабағы»
2. Негізгі берілетін ұғым: Мәтін мазмұнын басшылыққа ала отырып, басты кейіпкерлерге мінездеме беру(топтарға тапсырмалар тарату).

1 - тапсырма. Балаға неге « Түйебай» деп ат берілген, өз ойың?
Мәтінді пайдаланып, Түйебайға толық мінездеме бер.
Әңгімедегі оқиға мен қазіргі оқуды салыстырып, өз ойыңды ортаға салып көр.
Түйебайға хат.

2 - тапсырма. Ауыл неге « Қоржын томар» аталған?
Мәтін мазмұнына сүйеніп, молдаға мінездеме бер.
Молданың қылықтарын өз ұстаздарыңның әрекетімен салыстырып, әңгімеле.
Өлең «Дүмше молда»

3 - тапсырма. Ауыл балаларының жұмыртқа іздеуінің себебі неде?
Әңгімеші балаға мәтін мазмұнына сүйене отырып, мінездеме бер.
Түйебай өлімші болып таяқ жегенде әңгімеші баланың таяқтан аман қалуының себебін мәтіннен мысал келтіре отырып әңгімеле.
Ойтолғау « Кім кінәлі?»
Есті шынықтыру жаттығуы: Сөзұмбақ «Бейімбет».

1. Түйебай нені іздеймін деп сабақтан кешікті?
2. Түйебайдың әкесі кімнің малайы болды?
3. Молданың Түйебайға айтатын екі сөзінің бірі?
4. Әңгімеші баладан ағасы неше жас үлкен?
5. Молданың қаламнан кейін қолданатын құралы?
6. Көшкен үйдің саны
7. Түйебайдың шешесі кімнің малын сауды?
8. Алғаш сөзінің синонимі?

Қорытынды. « Сабақтан алған әсерім».
Бағалау.
Үйге тапсырма: 1. Түйебайдың тағдыры, Түйебайға хат; 2. «Тәуелсіздік жемісі» шағын шығарма.

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы,
№7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Дайындаған: Жұмағалиева К.А.
5 213
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин 1841 - 1889 жж
Ыбырай Алтынсарин 1841 - 1889 жж
Үміт еткен көзімнің нұры – балам, Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам. Атаң мұнда анаң мен есен – аман, Сүйіп сәлем жазады бүгін саған. (Балқожа)
Б. Майлин «Түйебай»
Б. Майлин «Түйебай»
Әңгіме мазмұнын оқи отырып, салыстыра талдау арқылы өзіндік анализ жасай білуге, кейіпкер бейнесін ашуға мүмкіндік алады
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі
Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәмпіш қара повесінен үзінді
Тәмпіш қара повесінен үзінді
Сансызбай Сарғасқаев өмірі мен шығармашылығы турасында қысқаша түсінік беру, повестен үзіндіні оқып, жоспар құруға дағдыландыру, жоспар бойынша түсінік айту, өз сөздерімен жеткізе білу мүмкіндіктерін арттыру;
Ұр, тоқпақ ертегісі
Ұр, тоқпақ ертегісі
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы. Бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Айман Хамитовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×