Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілі сабағында қолданылатын диктант түрлері

28 қаңтар 2016, Бейсенбі
Құрастырған Құрбанай Шынтаева
«Тұран» мектеп – гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қазақ тілі сабағында қолданылатын диктант түрлері

Диктант өткізудің де әдістемесі бар. Ең алдымен талапқа сай мәтін іріктелініп алынады. Мәтін іріктеуде төмендегідей шарттар ескерілуі тиіс:
1. Диктант мәтіні мазмұнды, түсінікті, әдеби тіл нормаларына сай болуы;
2. Диктанттағы сөз мөлшерінің сыныптар бойынша талапқа сай болуы;
3. Сирек қолданылатын жазуда қиындық келтіретін сөздердің мейлінше аз болуы;
4. Диктант мәтінінің өтілген ережелер мен емлелерді қамтуы.
5. Мәтін мазмұнының тәрбиелік мәнді болуы.
Тексеру барысындағы шартты белгілер:
/ - емле қатесі;
V – тыныс белгісі қатесі;
? – түсініксіз;
Z – азат жол.

Жалпы білім беретін қазақ мектептеріндегі қазақ тілі пәні бойынша мазмұндамадағы сөз мөлшері:
Оқу қазақ тілінде жүргізілетін мектептерде шығарма жазуға қойылатын талаптар жоғары. Шығарма көлемі қазақ мектептерінде төмендегідей болады:

Сыныпта жазылатын шығармаға сабақ кестесінен қатарынан екі сағат беріледі.
Оқушы шығармасын тексеру, бағалау мәселесін негізінен төрт салаға бөліп қарайды:
1) мазмұндылығы мен идеялылығы;
2) ой - пікірдің жүйелілігі;
3) стилі;
4) грамматикалық сауаттылығы.

Шығарманың бірнеше түрлері бар соның ішінде мектепте кең тарағаны:
а) әдеби тақырыпқа байланысты шығарма;
ә) шығармашылық әңгіме түріндегі шығарма;
б) пейзаждық шығарма;
в) поэзиялық туындылар бойынша жазылатын шығарма.

Қазақ мектептеріндегі шығарманың бағалануы:
Бағасы. Қателер саны, сипаты
«5» деген баға
Әдеби материалды терең ұғынып, өте жақсы түсінсе, оны тақырыпты ашу үшін дұрыс қолдана білсе, тақырыпты толық ашса, мәселені өзіндік ой - пікір тұрғысынан дұрыс талдай білсе, ойын жүйелі желімен жаза білсе, тілі бай, әрі әдеби тіл нормаларына сай болса, шығарма құрысы ой жүйесіне сай шебер қиылысып келсе; стиль бірлігі сақталса; фактілік қателер болмаса; қорытынды пікірі орынды, тиянақты болса. Мазмұнында 1, тілінде 1 елеусіз қате болуы мүмкін.

«4» деген баға
Жұмыс мазмұны негізіне тақырыпқа сай болса; әдеби тілмен жазылса, бірақ ойын баяндауда бірен - саран дәлсіздіктер жіберсе; қажетті қорытындылар мен түйіндеулерін дұрыс жасай алса; ой жүйесінен шамалы бұзылуы байқалса; стиль бірлігі сақталған, сөйлем құрылысы алуан түрлі, бай болса. Мазмұнында 2, тілінде 2 - 3 кемшілік болуы мүмкін.

«3» деген баға
Тақырыптан айтарлықтай ауытқыған болса; материалды негізінен дұрыс бірақ жекелеген фактілік дәлсіздіктер кездессе; баяндау желісі аздап бұзылса; сөздік қоры жұтаң, сөйлем құрылысы бір үлгіде, біркелкі болса, сөзді орнымен қолдана алмаса; стиль бірлігі сақталмасы, тілі солғын болса. Мазмұнында 4, тілінде 5 кемшілік кездесуі мүмкін.

«2» деген баға
Жұмыс тақырыпқа сай келмесе; көптеген фактілер бұрмаланса; шығарманың барлық бөлімдерінде баяндау жүйесі бұзылса, жоспарға сәйкес келмесе; сөздік қоры жұтаң сөйлемдері қысқа, біркелкі өзара байланыспаса, сөзді орнымен қолданбау жиі кездессе; стиль бірлігі сақталмаса. Мазмұнында 6, тілінде 7 кемшілік болуы мүмкін.
«1» деген баға
Тақырыпты мүлде ашып жаза алмасы; мазмұнында 7, тілінде 7 - ден артық кемшіліктер кездессе.

Диктанттың өткізілу мақсатына байланысты бірнеше түрлері бар: әріп, буын, сөз, сөздік, сөйлем, түсіндірме, терме, еркін, шығармашылық, көру, өздік, қатеден сақтандыру, бақылау.
Әріп диктанты - әріптер мен дыбыстардың айырмашылықтарын білуге үйретеді. Сондықтан бұр жұмыс түрі бастауыш сыныпта көбірек қолданылады.
Буын диктантының – мақсаты оқушыларға буындарды, үндестік заңын үйрету. Оқушылар буынға бөліп жазу арқылы дыбыстардың буын құрау ерекшеліктерімен танысады.
Сөз диктанты – сөздің белгілі бір ұғымды білдіретініне бағытталған. Аталған диктант буын мен дыбыс, әріп ерекшеліктерін де қамтиды.
Сөйлем диктанты – қазақ тіліндегі сөйлем түрлерін тануға, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтауға үйретеді.
Бақылау диктанты – оқушылардың білімі мен сауаттылығын тексеру мақсатында жүргізіледі. Бұл диктант түрі көлемді тақырыптан соң әр тоқсанның аяғында, оқу жылының соңында өткізіледі. Бақылау диктанты туралы оқушыларға алдын ала ескертіледі, бекіту, қайталау сабақтары өткізіледі. Дайындық жұмыстары оқушы білімін жүйелеумен бірге жақсы нәтижеге жетуге ықпал етеді. Бақылау диктантына тұтас мәтін алынады, диктант тақырыбы, қиын сөздер тақтаға жазылады.

Диктант түрлері және үлгілері
Түсіндірме диктант - өтілген тақырыпты оқушылардың қалай меңгергендігін тексеру мақсатымен бірден мұғалімнің айтуымен жазылып, керекті түсініктер беріледі. Үлгі ретінде оқушының тақтада орындауына болады. Тапсырманың орындалуына бүкіл сынып оқушылары қатыстырылады, ережені есте сақтау мүмкіншілігі жоғары болады.

Түсіндірме диктант
Мына сөздердің айтылуын көрсете отырып, сөздің айтылуы мен жазылуын түсіндір.
Көлдік, өрік, өтірік, төзім, төсек, көңілді, көше, жөндеу, көмек, көну, жөнсіз, орынсыз, қоныс, толық, жолды, қоңыр, осы, оқымысты.

Түсіндірме диктант
Мына сөздерге қосымшалардың тиістісін жалға, түсіндір, сөйлем құра.
әділ ( - дық/дік; - ы, і)
тарих ( - тың/тің; - ы, і)
парк (- та/те;- тан/тен)
кінә (- лы/лі; - ла/ле)
дәреже (- ға/ге; - сы, сі)
мәжіліс (та/те; - тан/тен)
күмән (- дан/ден)
әдеп (ті/ты; - сыз/сіз)
адал (- дық/дік)
жазық (- ты/ті)
жиналыс (- та/те; - тан/тен)
атақ (- қа/ке; - ы/і)
дағды (- лы/лі)

Еркін диктант – мәтінін мұғалім оқып шыққан соң оқушылар өздігінен жазып шығады, кейін өз жазғандарын негізгі мәтінмен салыстырады.

Менің Отаным – Қазақстан
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Қазақстан ірі мемлекеттердің бірі. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстанның жері кең – байтақ, шекарасы он алты бүтін оннан бес мың шақырымға созылып жатыр. Отанымыз батысында Ресеймен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Орта Азия Республикаларымен шектеседі.
Қазақстанның жер қойнауы толған байлық. Қарағандыда – көмір, Өскеменде – мырыш, Балқашта – мыс, Маңғыстауда – мұнай өндіріледі. Еліміздің табиғаты да ерекше, климаты шұғыл континентальді.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Өзінің тәуелсіздігін 1991 жылы алды. Біз Отанымызды сүйеміз, мақтаныш етеміз. (77сөз)

Су – тіршілік көзі
Жердің үштен екі бөлігін су алып жатыр. Мұхиттар, өзен, көлдерге қоса жер асты сулары да бар. Су бұлт, тұман, бу, жаңбыр түрінде атмосферада болады. Мұздықтар мен айсбергтер де су болып есептеледі. Адамның, өсімдіктердің, жануарлардың денесінің белгілі бер бөлігі де судан тұрады. Сусыз тіршілік жоқ. Бүкіл жан иесі сусыз өмір сүре алмайды.
Жер бетіндегі судың жалпы мөлшері өзгермейді. Су буға айналады. Судан бұлт пайда болады. Ол жаңбыр, қар, бұршақ болып жерге қайта жуады. Яғни, қайтадан суға айналады. Ішуге жарамды су өте аз. Ол күннен – күнге азайып барады. Суға қамқорлықпен қарау керек. Су – тіршілік көзі. ( 96сөз)

Өздік диктантын – оқушылар мұғалімнің айтуымен емес, жатқа жазады. Алдын ала оқушыларға сәйкес материалдарды қайталап келу тапсырылады. Мысалы, жаттаған өлеңдерін, мақал - мәтелдер, қанатты сөздер, жұмбақ, жаңылтпаштар, өткен ережелерді жатқа жаздыруға болады. Кейде оқулықтағы мәтінді бірнеше рет оқып шығып, жатқа жазу ұсынылады, кейін оқулықпен салыстыруға болады. Мәтінді тақтаға жазуға да болады. Өздік диктанты оқушылардың орфографиялық сауаттылығын, өткен тақырыптарды қалай меңгергендіктерін тексерудің тиімді бір жолы болып табылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
25 196
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілінен күнтізбелік - тақырыптық жоспар. 4 сынып
Қазақ тілінен күнтізбелік - тақырыптық жоспар. 4 сынып
Тақырыптыр: Менің Отаным. Менің Қазақстаным ҚР рәміздері Қазақстанның қалалары Қазақстанның картасы
Диктанттар жинағы. 5 - 11 - сыныптарға арналған
Диктанттар жинағы. 5 - 11 - сыныптарға арналған
Бұл құрал оқыту орыс тілінде жүретін мектептердің қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған. Ол 5 - 11 сынып оқушыларына арналған диктанттар жинағы ретінде құрастырылған. Қазақ тілі бойынша қорытынды жазба жұмыстарын жүргізуге арналған.
Бастауыш сыныпта оқушылардың жазба жұмыс дәптерлерін жүргізу тәжірибемнен
Бастауыш сыныпта оқушылардың жазба жұмыс дәптерлерін жүргізу тәжірибемнен
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында алған білімдерін жазбаша, сауатты, көркем көрсете білуде жазба жұмысының алатын орны ерекше.
Қазақ тілі дәптерін жүргізу тәртібі
Қазақ тілі дәптерін жүргізу тәртібі
Айтпанова Клара Тасболатқызы Астана қаласы, №51 мектеп-гимназиясы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×