Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілі дәптерін жүргізу тәртібі

13 ақпан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Қазақ тілі дәптерін жүргізу тәртібі
Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларда 4 жеке дәптері болуы шарт.
- 2 жұмыс дәптері
- 1 сын жұмысы дәптері
- 1 мазмұндама және шығарма дәптері.
Дәптер сыртын 1 сыныпта мұғалім, ал 2 сыныптың 2 жартыжылдығынан бастап үлгі бойынша оқушы өзі толтыруы керек:
Астана қаласы
№51 мектеп-гимназиясының
3 «А» сынып оқушысы
Айдарұлы Досболдың
қазақ тілінен сын жұмысына
арнаған дәптері

Оқушылардың қаламдары көк түсті сия болуы керек. 1, 2 сыныпта кіші жол дәптерлеріне, ал 3 сыныптың 2 жартыжылдығынан және 4 сыныпта үлкен жол дәптерге жазуы қажет. 3 сыныптың 1 тоқсанында көркем жазуға кіші жол дәптер арнаған жөн.
Дәптердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:
- жазуы ұқыпты;
- 1, 2 және 3 сыныптың 1 жартыжылдығында ай аты жазбаша, күн реті араб цифрымен жол ортасынан жазылады;
- 3 сыныптың 2 жартыжылдығынан және 4 сыныпта ай аты мен күн реті жазбаша жазылады.
- Күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылады.

Қазанның тоғызы.
Қазанның 9-ы.

Сынып жұмысы
- Үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды;
- 1 сыныптың 3 тоқсанынан бастап жаттығу сөзі толық жазылады. Мысалы: 15-жаттығу;
- Тапсырмаға сәйкес сөздерді бағандарға бөліп жазғанда бірінші сөзі бас әріптен үтірсіз жазылады. Мысалы:
Бала
бақа
барыс
- Сынып жұмысын немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;
- Мәтін азат жолдан басталады;
- Сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;
- Талдау жасау тапсырмаларын орындағанда жақсы ұшталған қара қарындашпен орындаған жөн;
- Ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады.

Көркем жазу жұмыстары
Көркем жазуға әр сабақ сайын 5-7 минут бөлінеді. Тақтада түсіндіре отырып жазу үлгісі көрсетіледі. Көркем жазу жұмыстарының көлемі:
1-2 сыныпта-1-2 жол
3 сыныпта – 3 жол
4 сыныпта-3-4 жол
Тексерген соң мұғалім 3 жолдан аспайтын түзетуге бағытталған үлгі жазуды көрсетеді.
Бастауыш оқытуда 4 жыл бойына жүйелі түрде (міндетті) әріп элементтерін дұрыс қосуға бағытталған жүйелі жұмыс жүреді.
Сынып, үй жұмыстарын тексергенде дұрыс жазылмаған әріптерді түзетіп тұру қажет немесе дәптер шетіндегі қызыл сызықта арнайы көрсету қажет. Бұндай әріптер мен әріптер байланысуын түзету жұмыстарын жазуға беру керек.

Сабақтағы сөздік жұмысы
Сөздік жұмыс әр сабақтың міндетті кезеңі деп саналады. Сөздік сын жұмысы аптасына 1-2 рет бақылау үшін жүргізіледі.
Сөздік сын жұмыстарының көлемі:
1 сынып – 3-5 сөз
2 сынып – 8-10 сөз
3 сынып – 10-12 сөз
4 сынып – 12-15 сөз

Жазба жұмыстарын тексеру тәртібі
Жазба жұмыстарын тексергенде төмендегі ережелерді ұстану қажет:
- Қатенің астын сызу, түзету қызыл сиямен жүргізіледі;
- Қате жазылған әріп немесе тыныс белгісі көлбеу сызықпен сызылады, қажетті тыныс белгісі қойылады;
- Қате жазылған сөздің бөлігі, сөйлем жіңішке түзу сызықпен сызылып тасталады;
- 1, 2 сыныптарда сызылып тасталғанның үстіне әріп, сөз, сөйлем жазылады;
- 3-4 сыныптарда (дәптер шетіне) жазылады (/)- емлелік қате, (V) – тыныс белгілерінен жіберілген қате;
- Баға тапсырманың сол жағына қойылады;
- Мадақтау жазуларын жазуға рұқсат;
- Ескерту, сұраулы ескертулер жазбаған жөн;
- 2, 3, 4 сыныптарда мазмұндамаларға, шығармаларға 2 баға қойылады;(журналдың 1 тор көзіне екі баға қойылады)
- Жазба жұмыс дәптерлері күнбе-күн тексерілуі керек;
- Қатемен жұмыс жасалынады;

Қазақ тілінен жазба жұмыстарының көлемі
Сын жұмысы мәтіндерінің мөлшері
1 сынып ------------- 2 сынып ------------ 3 сынып --------------4 сынып
І ж. ж. ІІ ж. ж. ----- І ж. ж. ІІ ж. ж. ------ І ж. ж. ІІ ж. ж. ------ І ж. ж. ІІ ж. ж.
10-12 15-20 ----- 30-35 35-40 -----40-50 50-65 ------ 65-70 75-80

Сабақтағы (1сыныпта) үздіксіз жазудың жалпы ұзақтығы 3 минуттан, 2 сыныпта 10 минуттан, 3, 4 сыныпта 20 минуттан болуы мүмкін.
Үй тапсырмасының көлемі сынып жұмысының 1/3 бөлігінен аспауы керек.
3 сынып жұмысының көлемі сын жұмысы көлемінен (+,-) 5сөз болуы тиіс.

Сын жұмысын бағалау мөлшері

Баға Жіберілген қателер мөлшері
1 сынып (ІІ ж. ж.), 2-4 сыныптар.
«5» Қатесіз орындалған жұмысқа, жазуы көркем, таза, анық, нормаға сай. Түзету (оқушы өзі түзеткен жағдайда) 2-ден артық емес;
«4» 2 қате, 2 түзету бар жұмыс үшін немесе 2 тыныс белгі қатесі;
Жазу көлбеулігі сақталмаған, әріптер ара қашықтығы аздап бұзылған.
«3» 2-3 емле қатесі, 2-3 тыныс белгі қатесі бар. (4 емле, 2 тыныс белгі немесе 5 емле, 1 тыныс белгісі) көлбеулік сақталмаған, кейбір әріптер дұрыс таңбаланбаған, әріптер биіктігі әртүрлі.
«2» Сын жұмысы жоғарыдағы талаптардан төмен жағдайда. Қате саны 6-7.
«1» Жұмыс өте лас, түсініксіз, ұқыпсыз жазылған жағдайда.

Қателер деп есептелмейтін жағдайлар:
- Сын жұмысы алынғанға дейін оқылмаған ережелерге сәйкес сөздер, тыныс белгілері;
- Келесі сөйлем бас әріппен жазылып, бірақ нүкте қойылмаса;
- Мәтін мазмұны бұзылмайтындай етіп басқа сөзбен ауыстыру жағдайы бір рет кездескенде;
- Тасымалдауда алдыңғы жолда сөздің бір бөлшегі келесі жолда қайталанып жазылса;
- Бір сөзді қайталап жазып қойса.

1 қатеге есептелетіндер:
- екі орфографиялық бірдей қате;
- ұқсас екі тыныс белгі қатесі;
- 2 өрескел емес қате;
Мысалы: орыындық, қаала тектес.

Өрескел емес қателер:
- Сөздегі әріптің екі рет қайталануы;
- Бір сөздің екі рет қайталануы;

Ескерту: бақылау сын жұмыстарын алғанда мұғалім бір орында тұрып оқу, жазғызу қажет. Әрі-бері жүріп, оқушылардың зейінін шашыратуға болмайды. Сөздерді артық қайталай беру де оқушының сауатты жазуына кері әсер етеді. Барлық жұмысты әдістемесін дұрыс сақтай отырып жазғызған тиімді.

Шығармашылық жұмыстарды бағалау мөлшері

2, 3 сыныптарда мазмұндама мен шығармаларда 1 баға мазмұны үшін, 1 баға сауаттылығы үшін қойылады;(екі баға бір тор көзге қойылады)

Шығармашылық жұмыстарды бағалау

Мазмұны үшін:
«5»-автор мәтінін (мазмұндама) жүйелері дұрыс баяндағаны үшін қойылады. Тақырып ашылған, сөздік қоры бай, сөз қолданысы дұрыс. Сөздік қолданыста 1 қате жіберілген.

«4»-мәтіндегі негізгі ойды толық бере алған. (мазмұндама) Тақырып ашылған, бірақ та ойды жүйелі беруде аздаған кемшіліктер, мәліметтер беруде, сөз қолданыста кішігірім қателері бар. Сөздік қолданыста 3 қатеге дейін жіберілген.

«3»-мәтін мазмұнында ауытқушылықтар жіберілген (мазмұндама), тақырыптан алшақтаған, негізінен дұрыс қолданғанымен ойды жүйелі жеткізуде, 2-3 сөйлем құрылысында кемшіліктері бар. Сөздік қоры аз, сөз қолданыста қателері бар. Мәтін құруда және ойды жүйелі жеткізуде 5-тен аспайтын қателері бар.

«2»- қорытынды мазмұндама мен шығармаларға мазмұнынан көбірек алшақта, қателері көп, ой жүйесі сақталмаған, әр бөлім арасында байланыс жоқ. Сөздік қоры жұтаң. Жазба жұмысында мәтін құру мен мазмұнында 6-дан көп қате жіберілген.

Сауаттылығы үшін:
«5»- емле қатесі жоқ, тыныс белгіден қате жоқ, 1-2 түзету жіберілген.
«4»-2 емле қатесі, 1 тыныс белгі қатесі, 1-2 түзету жасалған.
«3»-3-5 емле қатесі бар, 1-2 тыныс белгі қатесі бар, 1-2 түзетулер жіберілген.
«2»-6-дан көп емле қатесі, 3-4 тыныс белгі қатесі, 3-4 түзетулер жасалған.

Мектептің бастауыш сатысында шығармашылық жұмыстар үйретушілік сипатта болады. Сондықтан қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда ол оқушылармен мұғалім жеке жұмыстар жасауға міндетті. Өте төмен баға журналға қойылмайды.
54 697
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілі пәнінен қосымша тапсырмалар дәптері
Қазақ тілі пәнінен қосымша тапсырмалар дәптері
Бұл жинақта оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқытылатын қазақ тілі пәнін оқушыларға терең меңгертіп, қазақша дұрыс сөйлеп, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында құрастырылған.
Қазақ тілі пәнінен үлгерімі төмен оқушыларға арналған жұмыс дәптері
Қазақ тілі пәнінен үлгерімі төмен оқушыларға арналған жұмыс дәптері
Қазақ тілі пәнінен үлгерімі төмен оқушыларға арналған жұмыс дәптері Фонетика гректің «фоне» деген сөзі негізінде қолданысқа енген. Фоненің мағынасы - дыбыс, үн, дауыс. Фонетика - тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала.
Бастауыш сыныпта оқушылардың жазба жұмыс дәптерлерін жүргізу тәжірибемнен
Бастауыш сыныпта оқушылардың жазба жұмыс дәптерлерін жүргізу тәжірибемнен
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында алған білімдерін жазбаша, сауатты, көркем көрсете білуде жазба жұмысының алатын орны ерекше.
«Менің достарым» тақырыбына тест жұмысы
«Менің достарым» тақырыбына тест жұмысы
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, «Дарын» мектеп-лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қалижанова Аягөз Шаяхметқызы
Көркем жазу 2-сынып
Көркем жазу 2-сынып
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, № 13 орта мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Науризова Оразхан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×