Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай Құнанбайұлы «Қыс»

11 ақпан 2016, Бейсенбі
Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы
орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бағытжанова Айжан

Әдебиет 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Қыс»
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Абай Құнанбаевтың өмірі, оның шығармалары туралы білімін кеңейту. ”Қыс” туралы өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу.
дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ойын, көз алдына елестету, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
тәрбиелілік: Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге баулу. Эстетикалық тәрбие беру. Абай өлеңдерін оқуға сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Абай суреті, тірек сызбалар, қыс мезгілі суреттері слайдтар, т. б
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақ әдістері: сұрақ - жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, топпен жұмыс, ой қозғау, сөздік, «Топтастыру» стратегиясы, зерттеу жұмыстары, Венн диаграммасы, әңгімелеу.
Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен амандасу
ә) Психологиялық дайындық
б) оқу құралдарын тексеру

II. Үй тапсырмасын сұрау
«Өзен» өлеңін өлең құрылысына қарай талдау.
Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі - 4 шумақты, 2 - 3 бунақты, 18 буынды қара өлең ұйқасына құрылған өлең.
«Үш түрлі күнделік» әдісі бойынша үй тапсырмасы сұралады.
1. Өлеңнің саған ой салған жері
2. Жеке түсінік, саған қандай ой келді?
3. «Мұғалімге хат» сұрақтар қою.

Жылдар Негізгі оқиғалар
1855 - 1857ж Ауыл молдасынан сауат ашты. 9жасында «Кім екен деп келіп едім түйе қуған» алғашқы мысқыл өлеңін шығарды.
1857 - 1859ж Семей қаласында Ахмет Риза медресесінде білім алды. 3 ай «Приходская школа» атты орыс мектебінде қосымша оқыды. Араб, парсы, түрік тілдеріндегі Шығыс ақындарының кітаптарын оқыды. 13 жасынан — аға сұлтан Құнанбай әкесінің көмекшісі болып, ел билеу ісіне араласты.
1870ж Семей кітапханасында Е. П. Михаэлиспен танысады.
1876 - 1878ж Қоңыркөкше еліне 3 жыл болыс болады
1876 ж Жала жабылады
1880ж Е. П. Михаэлис арқылы Н. И. Далгополов, С. С. Гросс, П. Д. Лобановский, Н. Кончин секілді орыстың озық ойлы демократтарымен танысады.
1890 - 1898ж Қара сөздерін жазды
1891ж Сүйікті інісі Оспан қайтыс болған соң Абай өлеңдеріне мұң араласа бастайды.
1904ж 23 маусымда 40 күннен кейін Абай дүниеден өтеді. Жидебайдағы өз қыстауының жанына жерленеді
1995ж А. Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.

IV. Кестенің ұяшықтарындағы сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір
1. Абайдың шын аты ----------- 1. Шыңғыс тау
2. Абай -….. руынан шыққан билер әулетінен. ---------- 2. 1995 жылы
3. А. Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. ------- 3. ауыл молдасынан сауат ашты.
4. Зере -------------- 4. Абайдың өмір сүрген кезеңі
5. Абай дүниеден өтеді ---------------- 5. Ибраһим
6. 1845 - 1904 жж. ---------------- 6. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты
7. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай ---------------- 7. 1904ж 23 маусымда
8. Абай…. бөктерінде дүниеге келген ---------------- 8. өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған.
9. Абай….. оқыды ---------------- 9. Семейдегі Ахмет Риза медресесінде
10. 1855 - 1857 ж. ---------------- 10. Абайдың әжесі

V. Өлеңмен жұмыс. Өлеңнің мазмұнын ашу. Өлеңнің шығу тарихынан.
- Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған екен. Қыста жауған қар сәуір айында бір - ақ еріген. Бұл өлең сол кезеңде жазылған. Сондықтан ақын қысты «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды” зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған.

Сөздік жұмысы.
Соқыр, мылқау - ештеңені көрмейді, естімейді.
Домбығып - суықтан ісіп, қызарып.
Шидем - қой жүнінен тоқылған сыртқы киім.

VI. Оқулықпен жұмыс. Сұрақ тапсырма бойынша өлеңді талдау
- Ақын қысты кімге теңейді? Қысты адамға, кәрі шалға теңеп тұр
- Шалдың киімдері қандай? Ақ киімді, үстін ақ қырау басқан
- Киім деп отырғаны не? Жауып тұрған қар, қатқан мұз
- Ақын суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады? Ақ киімді, ақ сақалды Аяз атаға
- Өлеңдегі шалдың мінезі қандай? Қатал, ашулы адамды айтады
- Соқыр - мылқау деген себебі не? Ол ештеңе көрмейді, аямайды, бәрін тоңдырады
- Түр, түсі қандай? Түсі ақ қырау сияқты суық
- Түсі суық дегенді қалай түсінесіңдер? Қатулы, ашулы адамды айтады
- Ақын балалар мен малшыны қалай суреттеген? Ойнаған балалардың беті – қолы тоңып, малшылар жылы киінсе де, аязға шыдай алмай теріс қарады.

VII. «Қыс» өлеңіне сатылай кешенді талдау жасау.
Авторы: Абай Құнанбайұлы
Тақырыбы - қыс табиғаты
Жанр түрі - поэзия (өлең)
Идеясы - қысқы табиғаттың көрінісі
Шумақ саны - 5 шумақты
Тармақ саны - 22 тармақты
Бунақ саны - 2 - 3 бунақты
Буын саны - 11 буынды өлең
Ұйқас түрі: қара өлең ұйқас түріне құрылған.
Әдеби - теориялық ұғымдар - эпитет, теңеу
Түсіндірме сөздік: ұшпа - бұлт
Қондыбай, Қанай - адам аттары
Тәрбиелік мәні - табиғатты аялай білуге үндейді.

VIII. Сабақ бекіту:
1. Бірінші бөлімде ақын қысты адам кейпінде суреттегенін көз алдыңа елестет.
2. Алдыңғы шумақтардағы әрбір суретті ақын қандай бейнелі сөздермен жасағанын қара:
3. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап ал.
4. Өз бетіңше Абайдың «Жазғытұры» өлеңін оқы.

IX. Үйге тапсырма.
а) А. Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
ә) «Қыс» өлеңін жаттау.
б) Қыс тақырыбына сурет салып келу.

X. Бағалау.
Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды бағалау.

Толық нұсқасын жүктеу
17 943
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай Құнанбаев ʻʻҚысʼʼ
Абай Құнанбаев ʻʻҚысʼʼ
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмір оның шығармалары туралы білімін кеңейту. «Қыс» туралы өлеңнің мазмұнымен идеясын ашу.
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысу. Табиғатқа деген сыйластығы, оларға қамқорлықпен қарауға үйренеді.
Абай. Жазғытұры
Абай. Жазғытұры
Оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмірі, оның шығармалары туралы білімдерін кеңейту. «Жазғытұры» өлеңінің мазмұнымен идеясын ашу Оқушылардың сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру.
Абай "Жазғытұры"
Абай "Жазғытұры"
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, № 14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бикбусенова Ғалия
Қыс. Абай Құнанбаев
Қыс. Абай Құнанбаев
Тақырыбы: Қыс. Абай Құнанбаев Мақсаты: Оқушылардың Абай Құнанбаев туралы білімін кеңейту. «Қыс» туралы өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
Абай Құнанбаев "Қыс"
Абай Құнанбаев "Қыс"
Сарина Кенжегүл Жақыпбекқызы №8 жалпы орта білім беретін мектеп Бастауыш сынып мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×