Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дара сан есім мен күрделі сан есім

23 наурыз 2016, Сәрсенбі
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы,
Нағи Ілиясов ауылы, №132 Түймебай Айтбаев атындағы мектеп
қазақ тілі және қазақ әдебиеті пән мұғалімі
Рзахия Мухан Карбозқызы

Қазақ тілі. 6 - сынып.
Тақырыбы: Сан есім. Дара сан есім мен күрделі сан есім.

І кезең.
Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5 - 7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың ІІІ кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмасын тексереді.

«Көпір» тапсырмалары
(оқушылар үйде сабаққа дайындалып келеді)
Сөз ішінен зат есімдерді бір бөлек, сын есімдерді бір бөлек, қалған сөздерді бір бөлек жаз.
Ағаш, су, бұлақ, тату - тәтті, өнерпаз, пайдалы, елу, он екі, бес, екінші, үшеу, он - нан, бір жарым, төрттерде, бала, тай, жұмыс, төзімді, ақ, қызыл, сары, ақшыл, қып - қызыл, бірінші, бесеу, жиырма.
2. Үшінші бағандағы сөздер қалай аталады?
Ендеше, бүгінгі сабағымыз сан есімдер, дара сан есім мен күрделі сан есімге арналады.

ІІ кезең (топтық жұмыс) Жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады. (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды.( 10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

ІІ кезең.
Мына сан есімдерді зат есімдермен тіркестіріп жаз, бір түбірден болған сан есімдерді бір бөлек, екі немесе одан да көп түбірден болған сан есімдерді бір бөлек жаз.
Бір, бес, жеті, екінші, он бесінші, алтыншы, үшеу, төртеу, жиырма, жиырма бес, отыз бір, он шақты.
Ж. Бір түбірден болған сан есімдер: бір кітап, бес бала, жеті ата, екінші орын, алтыншы күн, жиырма дәптер;
Екі немесе одан да көп түбірден болған сан есімдер: Он бесінші қатар, жиырма бес қалам, отыз бір сурет, он шақты сиыр.
Сан есімдер заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, зат есіммен тіркеседі, кейде сан есімдер зат есімдерсіз - ақ жұмсала береді. Ондайда сан есім әрі заттық мағынаны, әрі сол заттың санын, мөлшерін білдіріп тұрады.

2 - қадам: теорияны «Түсіну» үшін неге? Неліктен? Себебі? Не үшін?
Берілген сөйлемдердің ішінен сан есімдерді тауып, құрамына қарай бөл.
Шаруашылықтың жылдық табысы жиырма миллион теңге. Мұның үстіне шаруашылықта елу мың қой, үш мың сиыр бар, мыңдай жылқы бар. Он күнде екі үйді қатар жығамыз. Ол қанды майданның алғы шебінде үш жыл, жеті ай болған. Әр күні айға, жылға татыған сол күндердің - бір мың екі жүз тоқсан күннің ішінде қаншама сыр жатыр?
Ж: Дара: мыңдай, он, екі, үш, жеті; Күрделі: жиырма миллион, елу мың, үш мың, бір мың жүз тоқсан.

3 - қадам: теорияны «Талдау» үшін 1. Салыстыр, 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде?
4. Тақырыптың басты идеясын жаз.
Сан есім мен сын есімді Венн диаграмма арқылы салыстыр.
Сан есім ұқсастығы сын есім
Тақырыптың басты идеясы неде?
А) Сан есімнің өзіне тән ерекшелігі: Сан есім заттың санын білдіреді.
Ә) Сын есімнің өзіне тән ерекшелігі: Сын есім заттың сынын, сапасын, мөлшерін білдіреді.
Ұқсастығы: екеуі де есім сөздер.

4 - қадам: теорияны «Жинақтау» үшін қорытынды шығар, анықтама бер.
Сонымен, сан есім дегеніміз не? Құрамына қарай қалай бөлінді?
Ж: Сан есім дегеніміз – заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөздер. Қанша? неше? нешеу? нешінші? тәрізді сұрақтарға жауап береді. Құрамына қарай дара және күрделі сан есім болып бөлінеді.

5 - қадам: практика жүзінде«Қолдану» оқулықпен жұмыс жүргізу, қарапайым тапсырмалармен бекіту.
Оқулықпен жұмыс. 133 - жаттығу. Мәтіннен сан есімдерді табыңдар.
1 - қадам: теория бойынша «Білу» үшін тақырып мазмұнынан кім? не? Қандай? Қалай? нені? қашан? Не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек.
ІІІ кезең. Деңгейлік тапсырмалар.( кері байланыс - бағалау кезеңі)
І деңгей. (5 балл)
1 - тапсырма
Мәтіннен сан есімдерді тап. Құрамына қарай бөліп жаз.
Үш - төрт күн қатарынан соққан құм дауылынан асқан тозақ жоқ. Бірер күнде интернатына аттандырады ғой. Мен өзі отыз бес жыл зауытта слесарь болған адаммын. Гараждың аузынан жиырма бес тонналық ауыр машина көрінді. Ержан мұның бетіне бірінші рет бұрылып қарады. Университеттің үшінші курсын бітірген. Төрт атты жақындай беріп, екі - екіден қақ жарылды. Екеуі оң жақтан, екеуі сол жақтан шықты.

3 - қадам: теорияны «Түсіну» үшін неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады.
1 - тапсырма.
Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып, құрамына қарай талда.
Керекті сан есімдер: бірді - екілі, екі - үш, екі, екінші, он шақты, бес - алты, үш, үшеуі, он екі.
Жылқышылардың... меншік биесіне шаруашылықтан.... бие қосып байлап, қымыз ашытып жүр. Ержан мұның қасынан.... елі қалмай сөйлеп келеді. Орталыққа баратын.... тай үшін осыншама жылқыны сарсаңға салғанына Ағыбай іштей қынжылып келеді..... рет баруға жүрегі дауаламаған. Бие сауатын шелегі мен... құлынның ноқтасын қиралаңдап зорға көтеріп келеді......... жақтан жүріп, айналдырған.....
құлынды зорға байлады.

4 - қадам: практика жүзінде «Қолдану»
2 - тапсырма.
Дұрыс жауаптарын белгіле.
1. Жалпы есімді тап.
А) Алатау ә) Балқаш б) қолғап
2. Туынды зат есімді тап.
А) биші ә) ақыл б) ынта
3. Деректі зат есімді тап.
А) мінез ә) ойыншық б) арман
4. Сын есімнің мағыналық түрі қанша?
А) екеу ә) алтау б) төртеу
5. Негізгі сын есімді тап.
А) көмірдей ә) қызыл б) сүтті
6. Сан есімнің сұрағын тап
А) қашан? Ә) қанша? Б) қайда?
7. Сан есім құрамына қарай қалай бөлінеді?
А) негізгі және туынды ә) дара және күрделі

5 - қадам: «Жинақтау» үшін қорытынды шығар
ІІІ деңгей (5 балл +4балл+3балл)
1 - тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сан есімдерді қойыңдар.
Қандай сан есім қойдың? Қайсысы дара, қайсысы күрделі? Орындарын ауыстыруға келеді ме?
Гүлді үзбе
Кешкілік те, күндіз де
Өсіп тұрған гүлді үзбе.
Туған жерді далаға
Тастағалы жүрміз бе?
Үзіп алсаң сен.... гүл
Үзіп алсам мен..... гүл,
Не қалады сиқынан
Қызыл - жасыл жердің бұл?!

Бөктерден бе, қырдан ба,
..... гүлден жұлғанда,-
Не болады ақыры,
Не қалады бұл маңда?!

6 - қадам: практика жүзінде баға беру.
2 - тапсырма. Сен қалай ойлайсың? Сан есімдерді не үшін дара, күрделі деп топқа бөлеміз?
3 - тапсырма. Сан есімдерді араластырып мәтін құра.
3 - нәтиже (Бағалау. Аяқталмаған тапсырманы үйде аяқтау)

Толық нұсқасын жүктеу
4 502
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Дара сан есім бір сөзден жасалады: бес, алты, бір, үш. Күрделі сан есім екі не одан да көп сөзден жасалады: он тоғыз, екі жүз алпыс төрт, он екінші, қырық бес, бесінші.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Сын есімнің дара және күрделі түрлерін ажырата білу;
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Сын есім туралы алған білімдерін пысықтай отырып, түрлі тапсырмалар мен жаттығулар орындату арқылы дара және күрделі сын есімдерді ажырата білу;
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой-өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, өз ойын толық жеткізе білуге үйрете отырып, әрбір оқушының жеке даралығын дамыту, тәрбиелеу.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Қарағанды қаласы, ЖОББ №53 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Нурбаева Карлыгаш Сейлхановна
Су – еріткіш. Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Су – еріткіш. Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Астана қаласы, №61 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Букенбаева Замзагуль Кабдолловна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×