Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ән туралы аңыз

02 желтоқсан 2012, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: Ән туралы аңыз
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға ән өнерінің қазақ халқына қалай дарығандығы туралы, оны халықтың қалай қастерлеп, құрметтегені туралы түсіндіру
ә) Тапсырмалар арқылы оқушылардың дүниетанымын, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздер мен сөз тіркестерін сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету
б) Тақырып арқылы қазақ халқының мәдениетін танып білуге, өнерді сүюге, қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың типі: Дәстүрлі
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: ассоциация, сызба,
Көрнекілігі: суреттер, слайдтар, кеспе қағаздар, интерактивті тақта, домбыра
Пәнаралық байланыс: ән-әуез, география, әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгелдеу
б) Назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
«Музыка өнері» конспект жазу

Адам өмірінің сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін сөз, қолөнер, музыка - халық тарихының шежіресі.
Адамның қайғысы, қуанышы, өмір-тіршілік құбылыстары да осы өнерде бейнеленді.
Біз қазақ халқының ежелден өнерді сүйетін өнерсүйгіш және өнерге бай халық екенін білеміз. Ал өнердің түрі көп. Мысалы, сөз өнері – шешен адамдар, би өнері бишілер, қол өнері – шеберлер, сурет өнері – қылқалам шеберлері, кино-театр өнерімен – әртістер айналысатыны бәрімізге де мәлім. Бүгінгі тақырыбымыз да осындай өнердің бір түрі – ән өнері. Халықпен бірге жасасып, оның тарихи-әлеуметтік өмірі мен тоғаныс-тебіреністерін баян етіп келе жатқан саласы – әні мен күйі. Қай уақытта кім шығарғаны белгісіз халық музыкасында адам таңқаларлық көркемдіктер кездеседі. Оларды даладағы ешкім сеппей, ешкім бақпай өзінен-өзі жайқалып өскен гүл тәрізді деуге болады.

Жазу-сызу дамымай тұрғанда туған әндеріміздің сөздері мен әндерін шығарушылардың аты-жөні ұмытылғанмен, ол әндердің әуені мен мәтіні бізге дейін жетіп, олар халық әндері деп аталып кеткен. Осы әннің өзінің халыққа қалай жеткендігі туралы да аңыздар өте көп. Сол аңыздардың бірі – біздің бүгінгі тақырыбымыз.

ІІІ. Жаңа сабақ:
1) Сөздікпен жұмыс:
а ) Мәнерлеп оқыту
ә) еріксіз, көгілдір таулы сөздерімен сөз тіркестерін құрау
б) ұйып тыңдапты, жер бауырлай ұшты сөздерімен сөйлемдер құрау
в) еріксіз сөзін сөз құрамына талдау

Әсем сазы – красивая мелодия
Ақша бұлт – облачко
Жер бауырлай ұшты – летать низко
Көгілдір таулы – зеленые горы
Еріксіз – невольно
Ұйып тыңдапты – внимательно слушал
Құлағына құйып алыпты – хорошо запомнил
Көмей – гортань
а) сөз тіркестерін құрау
ә) сөйлем құрату
б) еріксіз сөзін сөз құрамына талдау
2) Мәтінмен жұмыс:
«Мәтін бөліктері» ойыны бойынша мәтінмен жұмыс
Ойынның шарты: 2-3 оқушы мәнерлеп оқиды, содан кейін карточкалар бойынша «Кіріспе» бөлімі деген жазу бар оқушы кіріспесін , «Негізгі бөлім» жазуы бар оқушы негізгі бөлімін, «Қорытынды» жазуы бар оқушы қорытып айтады. «Толықтыру» жазуы бар оқушы балалардан қалып қойғандарын толықтырады.

- Мәнерлеп оқыту (2-3 оқушыға)
- Карта бойынша әңгімелету (сұрақтар беріледі, оқушылар карта бойынша мәтінді таныстырады)
3) Оқулықпен жұмыс:
1-тапсырма
1. Халқымыз неліктен әнші халық атанған?
2. Ән өнеріне, әншілерге деген көзқарасың қандай?
3. Өнер жайында, музыкалық аспаптар жайында қандай аңыз әңгімелер білесіңдер?
Ал енді балалар бәріміз де қазақ елінде тұрып, қазақ баласы болғандықтан әрқайсымыздың да көмейімізде жыр, көкірегімізде ән сайрап тұр деуге болады.

Адам жанын тебірентетін өнерден өзге ғаламат жоқ, өнерсіз өмір тұл болса, өнерден хабарсыз адам рухани жетім деуге болады. Біз музыкамен мұңая да аламыз, қуана да аламыз, ойлана да аламыз. Музыкада адамның көңіл-күйі, сезімі бар. Үн арқылы санамызға нұр төгіп, өмір сырын шертетін ақындар жырлаған өлеңдер тақырыптары да әрқилы.Олар өз өлеңдеріне арқау еткен тақырыптардың бірі ана тақырыбындағы өлеңдер. 8 наурыз халықаралық әйелдер , аналар мерекесі болғандықтан, біз қазір сол ана тақырыбында жазылған өлеңдердің бірнешеуінің авторы мен сазгерін тауып орындап көреміз.

2-тапсырма:
1) Әлемнің жарығын
Сыйладың сен маған,
Даланың әр гүлін
Жинадың сен маған,
2) Әрқашан күн сөнбесін
Аспаннан бұлт төнбесін
Қасымда болсын мамам
Болайын мен де аман
3) Мереке күніңмен
Қарсы алам өзіңді
Сәбилік сезіммен
Арнаймын сөзімді.

а) Өлеңдерді сөз құрамына қарай талдау
3-тапсырма:
Ән, әнші сөздерімен тіркесе алатын сын есімдерді табу, оны түрлеріне қарай ажырату, орыс тіліне аудару
4-тапсырма:
«Менің сүйікті әнім мен әншім» тақырыбында (эссе)
5-тапсырма:
Әртіс, халық әртісі, еңбек сіңірген әртіс, жеке концерт, Республика сарайы, Қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары, орындаушы, қаржылық, қолдау, орындау сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып жай сөйлемдер құрастыру.
6-тапсырма:
Сұхбат (диалог құру)

Ержан мен Алма сұхбаты
- Бүгін Республика сарайында Қазақ эстрада жұлдыздарының концерті болады. Мен екі билет сатып алдым. 5-қатар, 18, 19 орындар. Залдың дәл ортасы. Бармаймыз ба?
- Концерт сағат нешеде басталады?
- Кешкі сағат жетіде басталады.
- Концертке кім қатысады?
- Концертке қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева, Нұрлан Өнербаев, Бейбіт Сейдуалиева, Толқын Забирова, «Муз-Арт» тобы, «Жігіттер» квартеті ән айтады.
- Белгілі әншілер жиналған бұл концерт келе жатқан Наурыз мейрамына арналған ба?
- Иә, дәл солай.
- Онда кешке сағат нешеде кездесеміз?
- Республика сарайының алдында сағат алты жарымда кездесейік. Кешікпей кел!
- Жарайды, көріскенше.

Сергіту сәті:
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй
Бағалау.
Үй тапсырмасы: «Ән өнерінің қазіргі жағдайы» эссе жазу
15 026
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дамыған орта ғасырлардағы сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Дамыған орта ғасырлардағы сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Орта ғасырлық сәулет өнерінің даму бағыттары мен түрлері, мәдениет үлгілерімен танысу.
Қазақ музыка өнерінің – гималайы Ахмет Жұбанов
Қазақ музыка өнерінің – гималайы Ахмет Жұбанов
Қазақ музыкасының ең биік тұлғасы - Ахмет Қуанұлы Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру. «Ақ көгершін»Оқушыларға музыка зерттеушісі, сазгер А. Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.
Қазақ халқының музыка өнері, күй өнері
Қазақ халқының музыка өнері, күй өнері
Қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін аша отырып, оқушыларға қазақтың ұлттық ән-күй өнері мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру.
Күй құдіреті
Күй құдіреті
Қарауылкелді орта мектебінің музыка пәні мұғалімі: Жазымова Задаш
Өнерді көп білген дана болар
Өнерді көп білген дана болар
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 мектеп-гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі Мухамедиева Дәмелі Орынбасарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×