Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шешенге қойылатын талаптар

23 сәуір 2016, Сенбі
С. Ғаббасов атындағы ЖОББМ КММ
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Төлеуова Аманжан Талғарқызы

11 сынып
Сабақ тақырыбы: Шешенге қойылатын талаптар
Мақсаты:
Білімділік: Шешенге қойылатын талаптарды білу, шешендік өнер туралы алған білімдерін бекіту, шешен сөйлеуге машықтандыру.
Дамытушылық: шешендік сөздерді оқыта отырып, оқушы бойына көркем, әдеби сөйлеу өнерін дамыту, шығармашылық ізденістерін арттыру, өз пікірін айта білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: шешендік сөз өнерінің құдіретін сезінуге баулу және туған елінің тарихын, әдеби мұрасын сақтай отырып, әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: пікірталас сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілі: сөз әдісі, көрнекілік әдісі, сұрақ - жауап, әңгімелеу, ой қозғау, жазылым, тыңдалым, оқылым, тест сұрақтары мен сөзжұмбақ шешу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайд, плакат, деңгейлік тапсырма бойынша карточка, бағалау парағы, тақта.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, химия, өмірмен байланыс

Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі:
2 Үй тапсырмасын тексеру:
Тест сұрақтары
1. 1 Шешендік сөздің түрлерін көрсет.
А)* арнау, толғау, дау
Б) жуан, жіңішке, ашық, қысаң
С) аралас, сабақтас, салалас

2 Төмендегі сөйлемнен құрмалас сөйлемді көрсет.
А) Белгісіз солдат ағаш арасына сүңгіп кете барды.
Б) * Соқаның тісі тонға тисе, ауызың майға тиер.
С) Мен - бастауышы.

3 Қазақ халқының алғашқы биі кім
А) Малайсары би
Б) Төле би
С) *Майқы би

4 Қазақ тілінде қосымшаның неше түрі бар?
А) 4
Б) *2
С) 3

5 Шешендік арнау деп нені айтамыз?
А) *бір адамға арнайы айтылған сәлем, сын, әзіл, бата
Б) заттық мәселелерді зерттейтін әдет заңы
С) шешендік мақал, нақыл, мысал, жұмбақ

6 Сөздік құрам деген не?
А) Жалпы халыққа ортақ сөздер
Б) *Тілдегі сөздердің жиынтығы
С) Қолданыстан шығып қалған сөздер жиынтағы

7 Қазақ шешендік өнері неше кезеңнен тұрады?
А) 5
Б) 6
С) *4

8 Тәуелденген сөзді анықта.
А) ұстазбын
Б) ұстазға
С) *ұстазым

9 Қазіргі кездегі шешендіктің түрлері қанша?
А) 3
Б) 6
С) * 5

10 Төменде жақсыз сөйлем бар ма?
А) *Сабақтан кешігуге болмайды.
Б) Балалар кітапханаға кірді
С) Ауыл. Топталған адамдар.

2. Жаңа сабақ: Балалар бүгін біз шешенге қойылатын талаптармен таныса отырып, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін біліп, үйренеміз.
«Шешендік - білім нәтижесі» деген Цицерон шешен болу үшін ең басты үш нәрсені атап көрсеткен. Ол:
Адам бойындағы талант
Терең білім
Қалыптасқан дағды
Шешендік өнер – ұлы өнер. Оны игеру, оған ие болу оңай іс емес. Сондықтан да шешендерге артылар жауапкершілік пен қойылатын талап та үлкен
Шешенге қойылатын талаптар:
Біріншіден - тілдік қабілеті мол
Екіншіден - білімділік
Үшіншіден - шыншылдық
Төртіншіден - сөйлейтін мәселені
анық білу
Бесіншіден - жинақылық
Алтыншыдан – аңғарымпаздық

Шешен адам көпшілік алдында сөйлейтін болғандықтан, шешен өзін ұстау әдебін біліп, мәдениеттілік сақтауы тиіс.

Шешеннің өзін ұстау әдебі мен мәдениеті
Біріншіден - бет - жүзі, дене қимылы шешен сөзінің табиғатына сәйкес болуы тиіс
Екіншіден - бет - жүзі, дене қимылы көмекші құрал болуы тиіс
Үшіншіден - ым - ишара шешен сөзінің әсерлігін арттыруы тиіс
Төртіншіден - ым - ишара табиғи болуы тиіс
Бесіншіден - дауыс саздылығы, мақам, сөз ырғағы, кідіріс

Сабақты түсіндіріп болғаннан кейін оқулықпен жұмыс жүргізу.

3. Жаттығу жұмысы: 81 - бет 75 – жаттығу
Берілген тақырыптар төңірегінде ой алмасу.
1 Мұнай өндірісі - Қазақстан бюджетінің ең маңызды кіріс көзі болып табылады.
2 Айналымдағы ақша саны көбейген сайын, оның құны кемиді.
3 Қоғамды дамытудағы шағын бизнестің рөлі.
Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топтың өз атауы болады. Топ басшылары тобының атын таныстырады. Топ басшысына бағалау парақтары таратылады.

4. “Өткенге қарайық” Сөзжұмбақ Бұл сөзжұмбақты дұрыс шешсек «Шешендік өнер» деген сөз шығады.
1 Достық сөзінің антонимі
2 “Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес”- деген кім?
3 “Тіл байлығы, тіл тазалығы - ұлт қасиетінің, салт - санасының негізгі белгісі” – деген кім?
4 Жаңбыр жауса, жер жетім.
Басшы болмаса, не жетім?
5 Қазақтың тұңғыш саяхатшы ғалымы
6 Шешендік сөздің бір түрі?
7 “Шутка сөзін аудар”
8 Кіші жүздің биі кім болды?
9 “Искусство” сөзін аудар
10 “Құтты білік” жазба әдебиетінің авторы кім?
11 Тәуке ханның ордасында қазақтың әдет - ғұрып заңдарының жиынтығы қалай аталды?
12 Пікірталастың бір түрі

6. Сөйлем талдау, тақтамен жұмыс.

«Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек».
3 оқушы тақтаға шығады, осы сөйлемге синтаксистік, иорфологиялық, «Тәуелсіздік» деген сөзге фонетикалық талдау жасайды.

7. Деңгейлік тапсырмалар. (3 оқушы тақтада талдау жұмысын жасап жатқан сәтте, сыныптың өзге оқушылармен деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізеді.

Карточка 1
1 Дауысты дыбыс деген не? Түрлеріне ажырат
2 Тұрақты сөз тіркесі деген не? Мысал келтір
3 Жіктік жалғауларын ата. Мысал келтір

Карточка 2
1 Ықпал деген не, неше түрі бар, ата, мысал келтір.
2 Салт және сабақты етістік деген не? Мысал келтір.
3 Сөйлем мүшелері деген не? Неше түрі бар? Ата.

Карточка 3
1 Тәуелдік жалғауларын ата. Мысал келтір
2 Омоним деген не? Мысал келтір
3 Деректі және дерексіз зат есім деген не? Мысал келтір

Карточка 4
1 Есімшенің жұрнақтарын ата.
2 Салалас құрмалас сөйлем деген не?
3 Диалект деген не? Мысал келтір

Карточка 5
1 Табу. Мысал келтір.
2 Орфография мен орфоэпияның айырмашылығы неде? Мысал келтір
3 Осы шақ етістік. Мысал келтір.

Оқушылардың тілінің дамуын, бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергенін байқау барысында “ Мектеп ережесі әрқашан сақтала ма?” – деген тақырыпта пікірталас ұйымдастыру. Өқушылар 2 топқа бөлініп, жақтаушы топ және даттаушы топ болып, пікірлерін ортаға салады.

Бекіту:
1. Шешенге қандай талаптар қойылған?
2. Шешендік сөз дегенді өз сөзіңмен қалай түсіндірер едің?
3. Шешен деп қандай адамдарды айтар едің?

Қорытынды: Кез – келген сәтте адамның жүрегінде иман, мейірім болса, сені айналаңда ешкім қабылдамайды. Сондықтан да, сендердің жүректерің сезімге, ықыласқа бай болсын.
Билік айту - оңай
Біліп айту - қиын.
Ендеше сендерге келешекте сәттілік тілеп, бүгінгі сабаққа ой салысып, белсенділік көрсеткен оқушыларымызды топ басшыларымыз қалай бағалады екен, көрейік.
Оқушы білімін бағалау
Үйге тапсырма: «Шынайы шешен – жарқын тұлға» деген тақырыпта ойтолғау жазу.

Толық нұсқасын жүктеу
13 471
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шешендік сөздер
Шешендік сөздер
Шешендер – ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылататын, жылағанды жұбататын даналық сөздер иесі.
Ұлттық шешендік өнер (таңдаулы курс)
Ұлттық шешендік өнер (таңдаулы курс)
Ұлттық шешендік өнер Пән: қазақ әдебиеті Сынып: 6 сынып Аптасына: 1 сағат Барлығы: 34 сағат
Шешенге қойылатын талаптар
Шешенге қойылатын талаптар
шешенге қойылатын талаптарды білу, шешен сөйлеудің әдістерін меңгерту; шешендердің сөйлеу өнерінен үлгі ала отырып, бос сөзден аулақтатып, тауып сөйлеуге төселдіре отырып, тіл тазалығын сақтауға дағдыландыру; тіл тазалығын сақтай отырып, әдеби тілде
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді жоспар
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді жоспар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы №31 Т. Бигелдинов атындаға жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шабаева Патима Пазылқызы
"Құнды мұра, асыл қазына" (Шешенге қойылатын талаптар)
"Құнды мұра, асыл қазына" (Шешенге қойылатын талаптар)
Атырау қаласы, Абай атындағы орта мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі: Салихова Айымгүл Мәдиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×