Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шешенге қойылатын талаптар

27 қаңтар 2016, Сәрсенбі
Солтүстік Қазақстан облысы,
Мамлют ауданы, Мамлют қазақ мектеп - интернаты
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Оразалинова Г. Н.

Сабақ тақырыбы: Шешенге қойылатын талаптар
Сабақ мақсаты: 1) шешенге қойылатын талаптарды білу, шешен сөйлеудің әдістерін меңгерту;
2) шешендердің сөйлеу өнерінен үлгі ала отырып, бос сөзден аулақтатып, тауып сөйлеуге төселдіре отырып, тіл тазалығын сақтауға дағдыландыру;
3) тіл тазалығын сақтай отырып, әдеби тілде сөйлеуге баулу;
Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту;
Сабақ әдісі: түсіндіру, талдау, ой қозғау, ой қорыту; ой жүйелеу, баяндау, шығармашылық жұмыс, қайталау, интерактивті тақтамен жұмыс, кітаппен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, химия, математика

Сабақ барысы: 1) Ұйымдастыру.
Құрметті 11 сынып оқушылары алдарыңызда үлкен мақсат тұр. Ол:
- мектепті жақсы, абыройлы бітіру;
- ҰБТ - ны нәтижелі тапсыру;
- мемлекеттік грант иегері атағын жеңу;
- өміріңе қызмет ететін мамандық иесі атану;
- мемлекетіміздің дамуына өзіндік үлес қосатын саналы, парасатты азамат болуға тілегімді білдіре отырып бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Шешенге қойылатын талаптар. Бұл сабақтан сендер шешен болу үшін қандай талаптар қойылады және шешендердің шешендік сөздерін оқи отырып тіл тазалығын сақтап, әдеби тілде сөйлеуге үйренеміз.
Жаңа тақырыпты бастамас бұрын өткен тақырыпты есімізге түсіріп, қайталап өтейік.

Үй жұмысын тексеру:
1. Шешендік өнер грекше қалай аталады?
2. Шешендік өнердің теориясын жасаған кім?
3. Қазақ шешендік өнерін зерттеген кім?
4. Ұлттық шешендік өнердің өкілдері кімдер?
5. Шешендік түрлерін ата
6. Шешендік сөздің сапаларын кім атап береді?
7. Шешен – кім? / ел билеу ісінің тұтқасы, отағасы, ру басы, би ағасы, ауыл ақсақалы, билік шешуші, психолог, т. б/
Байланыс: Не себепті біз суырылып шешен сөйлей алмаймыз? Себебі, шешенге, шешендік сөзге қойылатын талаптарды біле бермейміз.

Жаңа сабақ:
Шешенге қойылатын талаптар үш түрлі бөліктен тұрады.
1. Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық.
2. Білімін көтеру.
3. Сөйлеу мәдениетін көтеру
Кез - келген адам ортаға шығып сөйлерде қатты толқиды, өзіне – өзі сенімсіздік білдіреді. Тіптен білімдар, қоғам қайраткерлері, мекеме басшылары, беделді билік иелерінің өзі де кей жағдайда көпшілік алдында қысылып, үзіп - жұлып жүйесіз сөйлеп жатады. Ондай жағдайды болдырмас үшін:
- Қатты ойланбау керек
- Өзіне - өзі сену керек
- Психологиялық дайындық керек
- Көңіл - күйі мен сезімін билей алу керек
Сөйлеуге жақсы дайындалсаң, өзіңе сенімді боласың. Сөйлеуге дайындық – жауапты іс. Материалды қаншалықты жақсы білсең, соншалықты аз толқисың. Дұрыс, айқын, дәл, түсінікті, таза, және образды, эмоционалды сөйлеу керек. Сабақ кезінде, достарыңның, туыстарыңның арасында жиі сөйлеу қажет. Ол сені дамытып, сөйлеу мәдениетін көтереді.
Білімін көтеру. Шешен адам тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтып дәл сөйлеу керек, тауып сөйлеу керек. Ол үшін ойың айқын болу керек. Білімің терең болса, ойың айқын болады. Білімің терең болу үшін көп оқу керек. Көп оқу үшін іздену керек. Іздену үшін рух мықты болу керек. Рух мықты болса ғана жолда кездескен кедергілерді жеңе аласың.
Сөйлеу мәдениетін көтеру. Ең бірінші кезекте тіл тазалығын сақтауымыз керек. Керегі жоқ жерде жөн - жосықсыз орыс сөздерін кіргізбеу керек. Қыстырма сөздерді көп қолдану сөйлеушінің тілін кедейлендіріп, тыңдаушыны мезі қылады.
Жаргон сөздерді, дөрекі, тұрпайы сөздерді айтудан аулақ болу керек. Адамның тәрбиесі, мәдениеті, сауаттылығы оның сөйлеу тілінен аңғарылады. Мәдениеті жоғары, білімді, тәрбиелі оқушы ауызекі сөйлегенде де әдеби тілдің нормаларын сақтап, дөрекі, жаман сөздерді араластырмай ойын мәдениетті түрде жеткізеді. Сөйлеу мәдениетің жоғары болса, жақсы өмір сүресің және шешендікке қол жеткізесің. Сол себепті шешендік - тіл мәдениетінің жоғарғы формасы болып табылады.
Шешенге қойылатын талаптарды ескере отырып берілген тақырыптың біреуін таңдап көпшілік алдында тосылмай шешен сөйлеп көрейік.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 210
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сабақты етістік пен салт етістік
Сабақты етістік пен салт етістік
Етістіктің сабақты және салт етістік түрлерін табыс септігімен байланыстыра отырып меңгерту Тақырып бойынша алған білімдерін ауызша, жазбаша тілде пайдалану дағдысын қалыптастыру.
Ұлттық шешендік өнер (таңдаулы курс)
Ұлттық шешендік өнер (таңдаулы курс)
Ұлттық шешендік өнер Пән: қазақ әдебиеті Сынып: 6 сынып Аптасына: 1 сағат Барлығы: 34 сағат
Шешенге қойылатын талаптар
Шешенге қойылатын талаптар
Шешенге қойылатын талаптарды білу, шешендік өнер туралы алған білімдерін бекіту, шешен сөйлеуге машықтандыру.
"Құнды мұра, асыл қазына" (Шешенге қойылатын талаптар)
"Құнды мұра, асыл қазына" (Шешенге қойылатын талаптар)
Атырау қаласы, Абай атындағы орта мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі: Салихова Айымгүл Мәдиқызы
Жылдық күнтізбелік жоспар (әдебиет)
Жылдық күнтізбелік жоспар (әдебиет)
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп- лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мұхтарова Гүлдана Сәрсенғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×