Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі

30 қараша 2016, Сәрсенбі
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі
8 сынып
Сабақтың мақсаты: Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектері туралы оқушыларға түсіндіре отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
а) Білімділігі: Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.
б) Тәрбиелік: Ақын – жазушылардың, жалпы өнерді құрметтей білуге, басқа да ұлы адамдардың көзқарасын сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері: Зейін қойып тыңдау, мәнерлеп оқу, мазмұндама беру, өнегелі білім алу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топтастыру.
Сабақтың көрнекіліктері: Әдеби кітаптар, үлестірмелі қағаздар, сурет, бүктемелер және өлең жолдары жазылған қағаздар.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, әдебиет теориясы.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа әзірлеу, оқу құрал – жабдықтарын тексеру, бір – біріне жақсы тілектер айту.
Үй тапсырмасын сұрау: эссе жазып келу

Жаңа сабақ Ыбырай Алтынсарин (1841 – 1889)
Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген. Өз әкесі Алтынсары 4 – жасар кезінде қайтыс болады да, Ыбырай атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өседі.
1844 жылы Орынборда қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектеп ашу туралы патша ережесі бекітіледі. Балқожа би осы ашылмақ мектепке 1846 жылы бес жасар немересі Ыбырайды жазғызып қояды. 1850 жылы 23 тамызда орыс – қазақ мектебі ашылып, қазақтан 30 бала алынады, солардың бірі Ыбырай болады.
Қазақ балаларын орысша оқыту арқылы олардан қазақ даласын билейтін патша шенеуіктеріне көмекші әкімдер даярлау мақсатымен ашылған мектепке Балқожа би де немересін осы үмітпен берген. Бірақ Ыбырай мектепті жан – жақты білім алуға пайдаланған. Сондықтан ол сабақты ерекше ынтамен оқиды. Сөйтіп, мектепті 1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітіреді
Ыбырай мектеп бітіргеннен кейін, атасы Балқожа бидің хатшысы болады. Кейін Орынбор облысының басқармасына кіші тілмаштық қызметіне ауысады. 1860 жылы Ыбырайға Орынбор облысының басқармасы Торғайда қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырады, сонымен бірге оны осы мектепке орыс тілінің мұғалімі етіп белгілейді. Бұл мектеп 1864 жылы 8 – қаңтарда ашылады. Ыбырай он төрт бала оқытады. ыбырайдың жазған бір хатында: «Он төрт бала оқытамын. Бала оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай тиістім. Балаларда менің айызымды қандырып, оқуды тез меңгеріп алды» - деген екен.
Ыбырай Алтынсарин өз өмірінің бәрін келешек ұрпақ үшін арнады. Балаларға арнап жазған өлеңдері, әңгімелері және орыс әдебиеттерінен аударған балаларға лайықты көркем шығармалар да бар. Ыбырай – халқына білім беріп, мәдениетті ел қатарына жеткізуді армандап, бар өнерін сол жолға арнаған адам.
Ыбырай Алтынсариннің ең алғаш шыққан кітабы «Қазақ хрестоматиясы» 1879 жылы Орынборда жарық көрген.
Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері мен шығармалары: «Кел, балалар, оқылық», «Өнер – білім бар жұрттар», «Қыпшақ Сейітқұл», «Асан мен Үсен», «Ағаш үй мен кейіз үй», «Әй, жігіттер», «Залым төреге», «Өзен», «Жаз». т. б.
Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы шілде айының 30 – ы күні Қостанайда дүние салады

Сөздікпен жұмыс
Дүниеге келді - появился на свет, родился
Тілмаш - переводчик
Шығыстанушы - востоковед
Ағарту - просвещение
Дарынды - одаренный, талантливый
Зиялы – интеллигентный
Талап - стремление

«Жүзден жүйрік - мыңнан тұлпар» ойыны
(Мақал - мәтел, жұмбақтар арқылы балалардың қызығушылығын және ойлау қабілеттерін дамыту)
1. Ашу дұшпан.........
2. Көре - көре көсем болар,........
3. Ерте тұрдым - екі айыр жолға түстім (шалбар)
4. Отыз омыртқа, қырық қабырға, бәрін бастаған ауыз омыртқа (киіз үй)
5. Айдын көлде алтын тас, ау салса да - алынбас (тіс)
6. Түйедей бой бергенше,......
7. Жақсыға ерсең, жетерсің мұратқа,......
8. Жақсының жақсылығын айт нұры тассын,..........
1 Слайд: Ыбырай өлеңдеріне байланысты кестелер толтыру
2 Слайд: Ы. Алтынсариннің еңбектері
3 Слайд: Ы. Алтынсариннің өлеңдері.(мәнерлеп оқу)
Сергіту сәті: «Балапан» биі
4Слайд: Ы. Алтынсариннің әңгімелері

Сабақты бекіту сұрақтары «Кім жылдам?» ойыны сұрақ - жауап арқылы.
Ыбырай Алтынсарин кім? Атасының аты кім? Ыбырайды атасы бауырына неліктен басты, атасының тәрбиесінде болудың себебі. Ыбырай алғашқы қазақ даласында ашылған мектепте неше бала оқытты?

Балалардың жаңа сабақтан алған білімі, оның берген тәрбиесі, ақынның шығармаларынан жақсы қасиеттерді өз бойына сіңіру мақсатында инсерт әдісін қолданамын.
6Слайд: Топтастыру стратегиясы
Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңа сабақты есте сақтау мақсатында сөзжұмбақ шешу.
СӨЗЖҰМБАҚ
СӨЗЖҰМБАҚ
Ғ а л Ы м
Б і л і м г е
О р Ы н б о р
А л т ы н с а Р ы
Ж А з
Қ о с т а н а Й

1. Ы. Алтынсарин кім?
2. Ы. Алтынсарин жастарды неге шақырды?
3. 1850жылы орыс - қазақ мектебі қай қалада ашылды?
4. Ы. Алтынсариннің әкесінің есімі?
5. Ыбырайдың табиғатқа байланысты өлеңі?
6. Ақын туылған қала?
Сабақты қорытындылау және бағалау: Қазақ халқының ұлы мақтанышы, ұлы ұстазы,
тұңғыш ағартушы – ғалым, шебер жазушы Ыбырай Алтынсарин қаламынан көптеген маңызды көркем шығармалар туды. Қазақ даласына тұңғыш рет мектеп ашқан Ыбырай Алтынсариннің келешек ұрпақ үшін атқарған еңбегі күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ.

Үйге тапсырма: Ыбырайдың өлеңдерінің мазмұнын түсініп келу. Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы оқып келіңдер. «Өзен» атты өлеңін жатқа, мәнерлеп айту. «Даланың дара ұстазы» атты тақырыпта шағын шығарма жазып келу.

ОҚО, Мақтарал ауданы, Қазыбек би а/о, Таубай ата ауылы
«№9 М. Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебі»
Мұғалімі: Тулеметова Нағима Умирзаховна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 482
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнына талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау;
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Ы. Алтынсариннің шығармашылығымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу, Ы. Алтынсариннің ел болу идеясының өміршеңдігіне көз жеткізу;
Ыбырай Алтынсарин «Даланың дара ұстазы»
Ыбырай Алтынсарин «Даланың дара ұстазы»
Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектері туралы оқушыларға түсіндіре отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру
Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы
Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы
Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектері туралы оқушыларға түсіндіре отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру және тіл шеберліктерін байқау.
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Атырау қаласы, М.Өтемісов атындағы орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәні мұғалімі Нургуль Темиргалиева
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×