Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы

08 желтоқсан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Қазақстан тарихы 8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Сабақтың мақсаты: Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектері туралы оқушыларға түсіндіре отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
а) Білімділігі: Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: топпен жұмыс, баяндау, сұрақ - жауап, ойын элементтері.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Ы. Алтынсариннің портреті.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа әзірлеу, оқу құрал – жабдықтарын тексеру, бір – біріне жақсы тілектер айту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Білім аукционы».
ІІІ. Ой қозғау: Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі оқылады. Оқушылар кімнің өлеңі екендігін табады.

IV. Жаңа сабақ: Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы.
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының көрнекті ағартушысы, ұлы ұстаз. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген. Өз әкесі Алтынсары 4 – жасар кезінде қайтыс болады да, Ыбырай атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өседі.
Ыбырай 1857 жылы Орынбор шекара комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірді. Ыбырай орыс, араб, татар және парсы тілдерінде еркін сөйледі. Ол Дүние жүзі әдебиетінің классиктерінің шығармаларын зейін қойып оқыды.
Ыбырай өз білімін жүйелі жетілдірудің нәтижесінде өз заманының аса білімді азаматы болды.
1879 жылы Ыбырай Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды. Оны еңбегінің арқасында білім беру саласы қазақ даласында кең орын алды.
Ыбырай Алтынсарин жан - жақты білімді адам болды. Ол қазақтардың арасында ағартушылық жұмыстарын жүргізіп, темір жолдар мен электр қуатының, егіншілік кәсібінің, әр түрлі қолөнердің пайдасы туралы айтып берумен болды. Өзінің очерктер мен ауызекі әңгімелерінде қазақтарды диқаншылықпен айналысуға шақырды. Ол туған халқының тарихы, фольклоры, әдеп - ғұрпы, салт дәстүрі туралы материалдар жинақтап, газет - журналдарға жариялады.
Ыбырай Алтынсарин тамаша ақын еді. Оның «Әй, достарым!», «Әй, жігіттер!», «Ана» атты өлеңдерінен қазақ жастарының талай ұрпағы үлгі - өнеге алып, тәрбие көрді.
Ыбырай Алтынсарин патша үкіметінің жергілікті халыққа қысым жасайтын жүгенсіз саясатын айыптап отырды. Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы шілде айының 30 – ы күні Қостанайда дүние салады.

IV. Шығармашылық тапсырма «Қай топ тез?»

«Зерттеушілер» тобы - ағартушының өмір жолына зерттеу жасау.
«Баяндаушылар» тобы - педагогикалық қызметін баяндау.
«Зерделеушілер» тобы - хронологиялық кестемен жұмыс жасау.
1841 жыл
1857 жыл
1879 жыл
1889 жыл

V. «Мәтіндегі қатені тап» ойыны.
Ыбырай Алтынсарин 1857 жылы дүниеге келді. (1841ж. т.)
Әкесінен ерте айырылған ол әжесінің тәрбиесінде болды. (атасының тәрбиесінде)
1841 жылы Ы. Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды. (1879ж.)

VI. Ыбырайдың қазақ тарихындағы алатын орны.
Оқушылар топ бойынша сипаттама жасайды.

VII. Сабақты бекіту сұрақтары:

● “Зерттеушілер” тобы
Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық және педагогикалық көзқарасы қалай қалыптасты?
● “Баяндаушылар” тобы
Халыққа білім беру саласында оның сіңірген еңбегі қандай?
● “Зерделеушілер” тобы
Ы. Алтынсариннің негізгі шығармалары мен еңбектерін ата

VIII. Қорытындылау. Сабақты қорытындылау: Қазақ халқының ұлы мақтанышы, ұлы ұстазы, тұңғыш ағартушы – ғалым, шебер жазушы Ыбырай Алтынсарин қаламынан көптеген маңызды көркем шығармалар туды. Қазақ даласына тұңғыш рет мектеп ашқан Ыбырай Алтынсариннің келешек ұрпақ үшін атқарған еңбегі күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ.
IX. Үйге тапсырма:
X. Бағалау
7 181
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Ы. Алтынсариннің шығармашылығымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу, Ы. Алтынсариннің ел болу идеясының өміршеңдігіне көз жеткізу;
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі
Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген.
Ыбырай Алтынсарин «Даланың дара ұстазы»
Ыбырай Алтынсарин «Даланың дара ұстазы»
Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектері туралы оқушыларға түсіндіре отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру
Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы
Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы
Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектері туралы оқушыларға түсіндіре отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру және тіл шеберліктерін байқау.
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ешбаева Кенжегүл Өтелбайқызы
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×