Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыбырай Алтынсарин әңгімелері

14 желтоқсан 2017, Бейсенбі
Қазақ әдебиет 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Сабақтың мақсаты: Ы. Алтынсариннің шығармашылығымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу, Ы. Алтынсариннің ел болу идеясының өміршеңдігіне көз жеткізу;
Сабақтың көрнекілігі: Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарына байланысты суреттер жиынтығы, сызба кесте, слайд шоу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау (ой қозғау, топтастыру)
Көрнекіліктер: Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен
шығармалар жинағы, слайд - шоу мультимедиалық проектор, тірек -
сызбалар

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезең:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.
б) Үй тапсырмасын пысықтау:
XIX ғасырдың 2 - жартысы мен XX ғасырдың басында өмір сүрген әдебиет өкілі Ы. Алтынсариннің шығармалары бойынша алған білімдеріңді сарапқа салу.

Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Жаңа тақырыпты слайд арқылы түсіндіремін.
Мағынаны тану. «Кластер стратегиясы»
- Балалар бүгінгі осы алған білімдерімізді толықтыру мақсатында «Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарымен»танысамыз.
Алдымен әңгіме дегеніміз не?
- Әңгіме – адам өмірінің бір сәт бейнелейтін сюжеті бар шығарма.
Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, әңгіме жанрының негізін салушы. «Қазақ хрестоматиясы»кірген әңгіме новеллаларында Ыбырай жастарды еңбекті сүюге, оқу өнерге ұмтылуға, Отанын, елін сүйетін патриоттық сезімге, талапты, жігерлі, кішіпейлі болуға үндейді. Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Бұл шығармалардың тақырыптық - идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.
Ұстамдық шындық адамгершілік
қайырымдылық кісілік
әділдік төзімділік
талаптылық
еңбекшіл
достық оқу білім өнер мейрімділік
«Ой ашар»:
Балалар, қазір біз Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарына қарай топтаймыз.
1. Еңбекке баулитын шығармалар
2. Ыбырайдың ұстаздығы аудармалары туралы айтылады.
3.«Қазақ хрестоматиясы»туралы айтылады.
4. Ыбырайдың өлеңдерін жатқа айту.
5. Өнер - білімді үлгі етуге арналған шығармалар
6. Адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалар
Ой толғаныс.
«Өнерлінің өрісі кең…». Аталған Ыбырай әңгімелерінде талап етілетін мәселе әңгіменің негізгі идеясын, көздеген мақсатына жете таныту.
1 - топ «Ойтолғаныс: «Ыбырай әңгіме шебері»
2 - топ Арнау: «Ізбасар ұрпағы - мына біз»
3 - топ Мақала: «Ата тәрбиесі мен ғибрат»
«Әдебиет лотосы» Бұл бөлім бойынша әр топта оқушы тексеруші сайланады. Бұл кестеде Ыбырай әңгімелеріне талдау жасалады.
Семантикалық картамен жұмыс.

Ыбырай Алтынсарин әңгімелері. жүктеу
9 976
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнына талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау;
Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?
Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнын ашу арқылы еңбек етудің пайдасы туралы біледі, мамандық таңдай білуге үйренеді.
Ыбырай - шағын әңгіме шебері
Ыбырай - шағын әңгіме шебері
Жамбыл облысы, Қаратау қаласы, Қойгелді атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абдибекова Айгүл Аханқызы
Ыбырай Алтынсарин “Киіз үй мен ағаш үй” әңгімесі
Ыбырай Алтынсарин “Киіз үй мен ағаш үй” әңгімесі
Астана қаласы, № 18 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Төлеуова Гүлшат Қысқашқызы
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің өміршеңдігі
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің өміршеңдігі
Атырау қаласы, №6 орта мектептің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Ихуанова Гүлзада Зинеденовна
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Ыбырай әңгімелерінің мазмұнымен танысады, тақырыптары мен идеясын ашады. Етіс түрлерін меңгереді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×