Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыбырай Алтынсарин «Даланың дара ұстазы»

20 ақпан 2016, Сенбі
Ашық сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Даланың дара ұстазы»
Ашық сабақтың мақсаты: Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектері туралы оқушыларға түсіндіре отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру. Өлеңдері мен әңгімелерінің тәрбиелік мәнін ұғындыру.
а) Білімділігі: Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, тарихи тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.
б) Тәрбиелік: Ақын – жазушылардың, жалпы өнерді құрметтей білуге, басқа да ұлы адамдардың көзқарасын сыйлай білуге тәрбиелеу.

Ашық сабақтың міндеттері: Зейін қойып тыңдау, мәнерлеп оқу,
мазмұндама беру, өнегелі білім алу.
Ашық сабақтың түрі: Аралас сабақ
Ашық сабақтың әдіс тәсілдері: топпен жұмыс, баяндау, сұрақ - жауап,
сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.
Ашық сабақтың көрнекілігі: Ыбырай Алтынсарин суреттері, кітаптар, деректі фильм, слайд
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет теориясы.
Ашық сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу
2. Сыныпты топқа бөлу
3. Оқу құралдарын тексеру
4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау:
Үй тапсырмасын сұраймын. Ыбырай Алтынсарин өмір деректері.
Үй тапсырмасына байланысты топтық тапсырмалар:
1 топ: «Зерттеушілер»
2 топ: «Ізденімпаздар»
Тапсырма топтарға біріңғай болады

1 - тапсырма «Дыбыстар сөйлейді»әдісі бойынша мінездеме беру
Ы – ынталы;
Б – білімді;
Ы – ынталы;
Р – рахымшыл;
А – ақылды;
Й – инабатты; Алтынсарин......

2 - тапсырма «Жылдар сөйлейді» әдісі
Ыбырай Алтынсариннің өмір жолына шолу жасау.
Жылдар Маңызды оқиғалар
1841 -
1850 -
1857 -
1859 -
1860 -
1864 -
1876 -.......

ІІІ Жаңа сабақ:
Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс - қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім...» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз - тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.

Өлеңдері:
Табиғат лирикасы: «Өзен», «Жаз»;
Оқу - білімге, өнерге шақыру жайлы: «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер - білім бар жұрттар»;
Жастарды ізгілікке, қайырымдылыққа, сүйіспеншілікке, ата - ананы, дос - жолдасты құрметтеуге шақыратын өлеңдері: «Бұл кім?», «Әй, жігіттер!», «Әй, достарым!», «Ананың сүюі»;
Ел ішіндегі теңсіздік, әлеуметтік келеңсіздіктер жайлы: «Залым төреге», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері» т. б

Әңгімелері:
«Әдеп» әңгімесі әдептілік, кішіпейілділік туралы.
«Асыл шөп» әңгімесінде сабырлы болуға шақырады.
«Бақша ағаштары» әңгімесінде әкесі балаға түзу және қисық ағашты көрсетіп: «Сен жас ағаш сияқтысың. Сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзу кісі болып өсесің. Ал бағусыз бетіңмен кетсең, мына қисық ағаштай қисық өсесің»,- деп, тәрбиелік маңызы бар ой айтады.

Адамгершілік тәрбие беру жайлы әңгімелері:«Таза бұлақ», «Бақша ағаштары», «Қарға мен құрт», «Сауысқан мен қарға», «Алтын шеттеуік»;

Еңбексүйгіштік жайлы әңгімелері: «Бай баласы мен жарлы баласы», «Жан - жануарлар айтысы», «Әке мен бала», « Мұңсыз адам», «Байлық», «Дүние қайтсең табылады?», « Киіз үймен ағаш үй»;
Өнер, білім жайлы әңгімелері: « Лұқпан хакім», «Зеректік», «Білгеннің пайдасы», «Талаптың пайдасы», «Атымтай жомарт».

Аудармалары:
И. Б. Паульсоннан: «Бір уыс мақта», «Тәкаппарлық», «Әдеп», «Алтын шеттеуік»;
Л. Н. Толстойдан: «Силинчи ханым», «Мұңсыз адам», «Данышпан қазы», «Үш ұры», «Жақсылыққа жамандық», «Жаман жолдас»;
К. Д. Ушинскийден: «Түлкі мен ешкі», «Сауысқан мен қарға»;
И. Крыловтан: «Қайырымды түлкі».

Сергіту сәті: Ыбырай Алтынсариннің «Залым төреге» өлеңі,
«Бақша ағаштары» әңгімесін мәнерлеп оқиды.
1 - топ: «Залым төреге» өлеңін СКТ талдау жасайды.
2 - топ: «Бақша ағаштары» әңгімесін композициялық құрамына қарай талдайды

Сабақты қорытындылау: Қазақ халқының ұлы мақтанышы, ұлы ұстазы, тұңғыш ағартушы – ғалым, шебер жазушы Ыбырай Алтынсарин қаламынан көптеген маңызды көркем шығармалар туды. Қазақ даласына тұңғыш рет мектеп ашқан Ыбырай Алтынсариннің келешек ұрпақ үшін атқарған еңбегі күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ.

Сабақты бекіту: Өмір деректері жайлы фильм
Білімді бағалау: Белсене қатысына қарай, оқушы білімі бағаланады.

Үйге тапсырма: Ыбырайдың өлеңдерінің мазмұнын түсініп келу. Өлеңдерін жатқа, мәнерлеп айту.
«Даланың дара ұстазы» атты тақырыпта шағын шығарма жазып келу.
12 763
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Ы. Алтынсариннің шығармашылығымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу, Ы. Алтынсариннің ел болу идеясының өміршеңдігіне көз жеткізу;
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі
Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген.
Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы
Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы
Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектері туралы оқушыларға түсіндіре отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру және тіл шеберліктерін байқау.
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Атырау қаласы, М.Өтемісов атындағы орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәні мұғалімі Нургуль Темиргалиева
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген
Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×