Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сүйінбай Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі

14 желтоқсан 2012, Жұма
Алматы қаласы, Әуезов ауданы
Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Досқазиева Ботагөз Қисамадинқызы

Сабақтың тақырыбы: Сүйінбай Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: ақынның өмірі туралы мағлұмат беру, «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңін оқу, талдау, идеясын ашу;
Дамытушылығы: өлеңді мәнерлеп оқуға, логикалық ойлау қабілетін дамытуға, өз ой-пікірін айта білуге жетелеу;
Тәрбиелігі: жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге, жақсы мен жаманды ажырата алуға, өмірге қажетін таңдай білуге бағыттау.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, талдау, баяндау, т.б.
Сабақтың жабдығы: ақын портреті, ақынның шәкірттерінің портреті, электрондық оқулық, үнтаспа.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, музыка, шахмат.Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушылардың сабаққа қатысын түгендеу.

ІІ. Жаңа сабақ
1.«Венн диаграммасы» арқылы адамның қасиеттері туралы "Жақсы деген немене, жаман деген немене?" деп ой қозғау.
Менің пірім — Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай,
Сырлы, сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай, - деп жыр алыбы Жамбыл Жабаев жырлағандай, бүгін озық ойлы, өткір тілді Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңімен танысамыз.
2. Электронды оқулықтан Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығы, «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңін тыңдау.
3. Сөздік жұмысы
Парқы – бағасы
Миуалы – жемісті
Көр көкірек – еш нәрсеге түсінбейтін, бос кеуде
Көзі соқыр – түк білмейтін надан
Шала – оттағы толық жанып бітпеген ағаш
Тана - 1 мен 2 жас аралығындағы ірі қара.
Сөзі майда – сыпайы, әдепті сөйлейді.
4. Оқушыларға өлеңді мәнерлетіп оқыту, қарасөзге айналдырып айттыру.
5. Сұрақ –жауап арқылы өлеңнің мазмұнын қаншалықты меңгергенін анықтау.
6. Топтық жұмыс
1-топқа теңеу сөздерді таптыру.
2-топқа антоним, синоним, дисфемизмді таптыру.
3-топқа қайталау мен аллитерацияға мысал таптыру.
4-топқа тұрақты тіркестер мен мақал - мәтел таптыру.
5-топқа өлеңнің идеясын ашқызу, өлеңнің тақырыбына сай мақал - мәтел таптыру.
7. - Иә, балалар, «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дегендей жақсы болу үшін қандай қасиеттерге ие болуымыз керек екен?
- Қазақ халқында адамгершілік асыл қасиеттерді уағыздап, халықтың маржан жырларын нақышына келтіріп айтып жүрген, аты аңыз бен жырға айналған тұлғалар көп. Солардың ішінде «он тоғызыншы ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі - Сүйінбай» болса, шәкірті - өлең сөздің дүлдүлі, жыр алыбы Жамбыл, оның шәкірті –ән мен жырдың кеніші атанған Кенен Әзірбаев, оның шәкірті –әйгілі композитор Алтынбек Қоразбаев, оның шәкірті Мейрамбек пен Тоқтарды білмейтін адам кемде-кем.
Тоқтар Серіковтің орындауындағы халық әні «Дүние - айды» тыңдату.

ІІІ. Сабақты бекіту.
«Кім жылдам?»
Шахмат ойынының ережесіне сай аттың жүрісімен жүріп отырсаң, тақырыпқа байланысты мақал оқисың.

ІV. Үйге : Ұнаған шумағын жаттау.
V. Бағалау.
19 469
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!
Балаларға күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі жақсылықтар мен жамандықтарды ажырата білуге, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Сүйінбай Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»
Сүйінбай Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»
Ақын «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңінде өмірдегі асыл мен жасықты, ер мен езді, жақсы мен жаманды, ізгі мен зұлымды көп көріп, көңілінде таразылап, этикалық тұрғыдан пайымдайды. Өлеңнің атынан көрініп тұрғандай, онда жақсы мен жаман адам,
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
жақсы, жаман туралы түсінік беру; жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту; жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.
C. Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі
C. Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қаракемер мектеп - балабақшасы Пән мұғалімі: Әбдібаева Ырысгүл
Сүйінбай Аронұлы, Жақсы мен жаман адамның қасиеттері
Сүйінбай Аронұлы, Жақсы мен жаман адамның қасиеттері
Сүйінбай – ХІХ ғасырдағы Жетісудың ірі ақыны. Ол әділетсіздікке жаны қас, шындықты бетке айта алатын батыл, халықты тілімен қорғаған өткір сыншы. Айтыскерлігімен көрінген азамат ақын.
Сүйінбай Аронұлы "Жақсы мен жаман адамның қасиеттері"
Сүйінбай Аронұлы "Жақсы мен жаман адамның қасиеттері"
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қайдақова Жанар Бекболатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×