Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Есімшенің түрленуі

28 қаңтар 2017, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: Есімшенің түрленуі
Сабақтың мақсаты:
1. Есімшенің тәуелдену, жіктелу, көптелу, септелу жолдарын түсіндіру; білім, білік дағдыларын жетілдіру.
2. Оқушылардың ойларын дамыта түсу, салыстыра отырып ерекшеліктерін анықтауға төселдіру. Тіл байлығын арттыру.
3. Тазалыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттерге баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, практикалық, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, семантикалық карта.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру.
3. Үй тапсырмасын сұрау.
( Әдеби кітаптан есімдіктің мағыналық түрлеріне қарай сөйлем жазу)
III. Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту. Шаттық шеңберін құру.
Музыка ойналып тұрады, каропкаға салынған өткен тақырып бойынша сұрақтар беріледі.
Қимыл, іс - әрекетті білдіретін сөз табы қалай аталады? ( етістік)
- Бұл, сол, анау қандай есімдіктер? (сілтеу)
- Сөз қай септікте тұрса, анықтауыштың қызметін атқарады? (ілік септік)
- Қалып қойған үнді дауыссыз дыбыс: л, н, ң, р, й, у... ( м )
- Сын есімнің түрленуі деген не? ( шырай формасына қарай)
- Зат есім, сын, есім, сан есімнің орнына жүретін сөз табы қалай аталады? Есімдік
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Әр жауаптың бастапқы әрпінен жаңа тақырыптың атын шығарады.

ЕСІМШЕ
Барша заттың бір өзімде қимылы
Сөз табының күрделісі, қиыны.
Сабақты, салт, есімше, көсемше боп,
Шақ, рай, етісте боп жиылдың.
Топқа бөлу: үлестірмелі суреттер арқылы топқа бөлу. Суреттен мақал шығарып, есімшенің жұрнағын табу.
5 мин Түсіну.
Қызығушылықты ояту. Есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалатын еді?
Суреттерді пайдаланып мақалдарды толықтырыңыз.
Бастың суреті кес... болса да, тілдің суреті кес... жоқ.
Шоқпардың суреті ұстай білме... өзіне тигіз...
Иненің суреті ұстай білмеген көзіне тигіз...
Көрме... түйенің суреті де көрме...
Бол... баланың суреті — пысық,
Жау... күннің суреті — ыстық.
Рефлексия
Не білем? Не білдім? Не білгім келеді?

Есімше мына жұрнақтар арқылы жасалады:
1) - ған,- ген,- қан,- кен;
мысал: ал - ған, көр - ген, айт - қан, кет - кен
2) - ар,- ер,- р және етістіктің болымсыз тұлғасынан кейін – с;
мысал: бар - ар, кел - ер, оқы - р, айтпа - с, көрме - с
3) - атын,- етін,- йтын,- йтін;
мысал: айт - атын, кел - етін, тыңда - йтын, сөйле - йтін
4) - мақ,- мек,- бақ,- бек,- пақ,- пек.
мысал: бар - мақ, кел - мек, жаз - бақ, без - бек, шаш - пақ, төк - пек
Есімше сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі. Ол бірде жіктеліп, етістік қызметін атқарса, енді бірде есімдерше түрленіп, яғни септеліп, көптеліп, тәуелденіп есім қызметін атқарады. Есімше, яғни есімдер сияқты деп аталуының өзі осы қасиетіне байланысты.
Мақалды толықтырып шығарып, есімшенің жұрнақтары мен жасалу жолын еске түсіреді.
10 мин Қолдану.
Мағынаны тану. Әдебиет сабағында өткен тақырыптар бойынша сөйлем беріледі, сол сөйлемнің ішінен есімшені табу және оны түрлендіру.
1. Ұлт әдебиетін Шоқан, Абай, Ыбырай сияқты алыптардың орнықтырғаны белгілі.(тәуелденіп тұр)
2. Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,
Жалыналық Абайға, жүр баралық! (септеліп тұр)
3. Шиқанымды езгендей шықты жаным,
Айтқанда естігендер ұғып келіп. (септеліп, көптеліп тұр)
4. «Қойың қыстан әбден титықтады, малыңнан айрыларсың» деді.(жіктеліп тұр)
Кітаппен жұмыс:
І топ: 165 – жаттығу. Ауызша орындау.
ІІ топ: 166 – жаттығу. Ауызша орындау.
167 – жаттығу. Қарамен жазылған есімшелерді құрамына қарай талдау.

5 мин Шығармашылық жұмыс.

«Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым» деген тақырыпта ой - толғаныстарын жазу немесе өлең шумақтарын шығару.
Жаңа сабақты бекіту. «Жедел жауап» айдары
Оқушыларға етістік оқылады соны есімшеге айналдыруы тиіс.
Егін орылды - Орылған егін
Көз көрді - Көрер көз
Жұмыс істелді - Істейтін жұмыс
Әңгіме тыңдалды - Тыңдалған әңгіме
Ән шырқалды - Шырқалған ән
Құс ұшты - Ұшқан құс
Тау басылды - Басар тау
Ас пісті - Піскен ас Рефлексия
Не білем? Не білдім? Не білгім келеді?

2 мин Бағалау. Үйге тапсырма беру. 168 – 169 жаттығулар. Ереже жаттау.
Оқушыларға стикер береді. С. Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі есімшелерді теріп, түрленуін түсіндіру.
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Оқушылар сабақ бойынша екі жақсы жағын, 1тілегін не ұсыныс - пікірін жазып қалдырады.

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Қарабұлақ орта метебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Абдыгалиева Гулмира Ингайлиевна
15 558
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есімшенің түрленуі
Есімшенің түрленуі
Есімше мына жұрнақтар арқылы жасалады: 1) - ған, - ген, - қан, - кен: ал - ған, көр - ген, айт - қан, кет - кен;
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтас сөйлем туралы түсініктерін кеңейту, себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдарын жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Қазақ тілінен ұзақ мерзімдік жоспар (7сынып)
Қазақ тілінен ұзақ мерзімдік жоспар (7сынып)
Павлодар қаласы, №19 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каденова Жансұлу Журсиновна
Есімшенің түрленуі
Есімшенің түрленуі
Есімше етістіктің негізгі және туынды түбіріне етіс және болымсыз етістік тұлғаларына төмендегідей жұрнақтар қосылу арқылы жасалады. Тақтаға жұрнақтар жазылған плакат ілінеді.
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Есімше дегеніміз не екенін «есімше» сөзінің өзін құрамына талдату арқылы айтқызу. (Яғни, есімшенің түбірі – есім, жұрнағы – - ше болса,- ше жұрнағы «секілді, сияқты» деген мағынаны білдіреді.
Есімшенің түрленуі
Есімшенің түрленуі
Атырау облысы, Махамбет ауданы Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Узганбаева Гулфайруз Уразгалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×