Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Есімшенің түрленуі

12 желтоқсан 2016, Дүйсенбі
Сабақ тақырыбы: Есімшенің түрленуі
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Есімше, оның жасалуы мен түрлері, ерекшеліктері, сөйлемдегі қызметі туралы түсінік беру;
ә) Дамытушылық: Оқушы бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, танымдық белсенділігін арттыру;
б) Тәрбиелік: Сауаттылыққа баулу, алған білімі негізінде ойлау
қабілетін дамытып, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты өту.
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, қималар, таблица.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойын бір ортаға топтау мақсатында ортаға мынадай ой тасталады:
- Біздің бүгінгі және ертеңгі, болашақтағы мақсатымыз балалар осы сұраққа мына түрде жауап береді:
- Оқу, білім алу.
- Тәрбиелі, саналы азамат болу.
- Еңбек ету.
- Ел экономикасын, мәдениетін көтеру.
- Өзімізден кейінгі ұрпақтарға үлгі - өнеге көрсету.
- Ол үшін не істеу керек?
- Үлкенді тыңдап, кішіге қамқорлық көрсетіп, сабақты зейін қоя тыңдау керек.
- Біз ата - бабаларымыздың салт - дәстүрін жаңғыртатын, жаңалыққа ұмтылатын ізденімпаз оқушылармыз!
Өткен материалды еске түсіру
Тақтада етістіктің мағыналық топтары жазылған, "Мағыналық белдеулер" сызбасы ілінеді. Ондағы стрелкі әр сабақ жаңа тақырып өткен кезде жылжып отырады.

- Балалар, біздің етістіктер ширегіндегі соңғы аяқталған белдеуіміз - етіс. Стрелкі етісті көрсетіп түр. Бұл тақырыпты, оның түрлерімен толық танысып шыққан болатынбыз. Өткен материалды еске түсіру үшін мына қималардағы сұрақтарға жауап берулерің керек.
Қимадағы сұрақтар:
1. Етіс дегеніміз не?
2. Етістің қандай түрлері бар?
3. Етістер етістіктерден қалай жасалады, мысал келтір.
4. Өздік етіс нені білдіреді және қандай жұрнақтар арқылы жасалады, мысал келтір.
5. Өзгелік етіс нені білдіреді және қандай жұрнақтар арқылы жасалады, мысал келтір.
6. Ырықсыз етіс нені білдіреді, қандай жұрнақтар арқылы жасалады, мысал келтір.
7. Ортақ етіс нені білдіреді, қандай жұрнақтар арқылы жасалады, мысал келтір.
8. Бір түбірге бірнеше етіс жұрнағы қалай жалғанады, мысал келтір.

Жаңа тақырып Есімше.
Есімшенің жасалуы мен түрлері
Мақсат қою кезеңі:
Бүгінгі тақырыпта нені білуіміз керек? Тақтаға сабақтың мақсаты жазылған плакат ілінеді.
1. Есімшенің ережесін.
2. Есімшенің жасалу жолдарын.
3. Есімшенің езіне тән ерекшеліктерін.
4. Есімшенің сөйлемдегі қызметін.
Бүгінгі тақырыпта нені үйренуіміз керек? Тақтаға үйренілетін сұрақтар жазылған плакат ілінеді.
1. Есімшені етістіктің басқа түрлерінен ажырата білу.
2. Қай сөйлем мүшесі бола алады?
3. Есімше жасай білу.
Осыдан кейін тақтаға сөйлем жазылған плакат ілінеді..
М: Жүгірген жетпес, бұйырған кетпес.
Естіген құлақта жазық жоқ..
Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар...
Осы сөйлемдерден балалардың өздері етістіктерді табады. Сұрақ қою арқылы етістіктің түбірін, қосымшасын ажыратады.
Бірінші сөйлемде етістік жүгірген, түбірі — жүгір, - ген — қосымша.
Жүгірген — қимылдың белгісін білдіріп түр. Жетпес, түбірі жет, пе - болымсыздық етістіктің жұрнағы, с - қосымша. Жетпес — қимылды, іс - әрекетті білдіріп түр.
Екінші сөйлемде етістік — естіген, түбірі — есіт, ген —-. қосымша. Естіген — қимылдың сапасын білдіріп түр.
Үшінші сөйлемде: ойын, ойнаған, түбірі — ойын зат есім, а - зат есімнен етістік тудыратын жұрнақ, ған — қосымша.
Ойнаған — қимылдың сапасын білдіріп түр.
Озар, түбірі - оз, ар - жұрнақ.;
Озар — қимыл - әрекетті білдіріп түр.
Осы сөйлемдегі етістіктерді тауып, оның түбірін, мағыналық түрлерін оқушылармен бірге анықтап, көздерін жеткізе отырып, бүгінгі тақырып есімшенің бірнеше қасиеттерін анықтап аламыз және оларға жеке-жеке тоқталамыз.
Жоғарыдағы мысалдардан көргеніміздей, есімше — етістіктің ерекше түрі. Түбірі етістіктен болған, бірде етістер, бірде есімдер қызметін атқаратын етістіктің түрі есімше деп аталады.
Есімше есімдердің орнына заттанып. Қолданылғанда септеледі, көптеледі, тәуелденеді.

Есімшенің жасалу жолдары
Есімше етістіктің негізгі және туынды түбіріне етіс және болымсыз етістік тұлғаларына төмендегідей жұрнақтар қосылу арқылы жасалады. Тақтаға жұрнақтар жазылған плакат ілінеді.
1. - қан, - кен, - ған, - ген — өткен шақ есімше.
М.: айт - қан, жаз - ған, көр - ген, кет - кен.
2. - ар,- ер,- р, - с — болжалды келер шақ.
М.: айт - ар, жаз - ар, қөр - ер, көрме - с.
3. - мақ, - мек, - бақ, - бек, - пақ, - пек — мақсатты келер шақ.
М.: айт - пақ, жаз - бақ, көр - мек, сез - бек.
4. - атын, - етін, - йтін, йтын - ауыспалы келер шақ.
М.: бар - атын, кел - етін, қара - йтын, сөйле - йтін.

Ақмола облысы, Целиноград ауданы,
Фарфор ауылы, № 10 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тоқтаған Манарбек

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 662
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есімшенің түрленуі
Есімшенің түрленуі
Есімше мына жұрнақтар арқылы жасалады: 1) - ған, - ген, - қан, - кен: ал - ған, көр - ген, айт - қан, кет - кен;
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Есімше дегеніміз не екенін «есімше» сөзінің өзін құрамына талдату арқылы айтқызу. (Яғни, есімшенің түбірі – есім, жұрнағы – - ше болса,- ше жұрнағы «секілді, сияқты» деген мағынаны білдіреді.
Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы
Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айнагүл Қадыркенқызы Тыштықаева
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің өміршеңдігі
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің өміршеңдігі
Атырау қаласы, №6 орта мектептің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Ихуанова Гүлзада Зинеденовна
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің психологі Сейітова Гүлзада Пернебекқызы
Есімшенің түрленуі
Есімшенің түрленуі
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы, Мәншүк Мәметова орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Саулебек Оспанжан Мырзабайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×