Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Атаулы сөйлем (күнделікті сабақ жоспарлары)

26 қыркүйек 2016, Дүйсенбі
Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 8 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 8 сынып.
Тақырыптар:
26. Атаулы сөйлем
27. Жай сөйлемнің түрлеріне арналған жаттығу жұмыстары
28. Құрмалас сөйлем
29. Салалас құрмалас сөйлем
30. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері


Сабақтың тақырыбы: Атаулы сөйлем
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Толымды және толымсыз сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.
ә) дамытушылық: ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту; ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру.
б) тәрбиелік: сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу; топпен жұмыс жасап, бір - бірін тыңдай білуге үйрету; сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: жинақтау, талдау, сын тұрғысынан ойлау, сатылай кешенді талдау, т. б.
Сабақтың көрнекілігі: плакат, кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Кейбір жай сөйлемдер іс - оқиғаны баяндамайды, тек заттың, құбылыстың, мезгілдің, мекеннің атауын ғана білдіреді.
Дала. Егін даласы. Егін даласы рақат құшағында. (Ә. Ә.)
Атаулы сөйлемдер арқылы беріліп тұрған ойды басқа сөйлемнен былайша білдіруге болады:
Міне, дала көрінеді. Бұл – егін даласы. Бұл сөйлемдерде құбылыс аталмайды, баяндалады.
Іс - оқиғаның жайында баяндамай, тек соған байланысты жағдайы (мезгіл, мекен, т. б.) атап көрсететін жай сөйлемнің түрін атаулы сөйлем дейміз.
Атаулы сөйлем, негізінен, зат есімнен болады. Тоғай. Егін. Шалғын. Жабағыдай ұйысқан қалың көктен машинаның кейде жаны ғана көрінеді. (Ғ. Мұст.)
Құрамы жағынан атаулы сөйлем жеке бір сөзден де, екі немесе одан да көп сөздердің тіркесінен де бола береді. Бала күнім. Жер сіреу қар. Ызбарланып аспанның ажары бір кірмейді. (Ж. Айм.) Мағынасы жағынан атаулы сөйлем мезгілді, мекенді, жағдайы және басқа да әр түрлі заттың атын білдіреді. Қазан айы. Түнерген кеш. Баяу ескен қоңыр жел. Өлке бойындағы қалың тал мен әредік қамыс ақырын қозғалып сыбырлайды. (С. Сейф.)

Жаттығумен жұмыс: 85 - жаттығу. Берілген сөйлемдерден атаулы сөйлемдерді табыңдар.
86 - жаттығу. Мәтіннен ыңғайы келген сөйлемдерді атаулы сөйлем етіп жазыңдар. Атаулы сөйлемдерді бір сөзден, сөз тіркесінен, күрделі сөздерден жасаңдар.
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге сатылай кешенді талдау жүргізеді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Жақсыз сөйлем қандай жолдармен жасалады?
2. Жалаң және жайылма сөйлемдер қалай жасалады?
3. Толымды және толымсыз сөйлем қалай жасалады?
4. Атаулы сөйлем дегеніміз не?
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 87 - жаттығу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
4 992
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қарсылықты салалас сөйлем
Қарсылықты салалас сөйлем
Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы білімдерін нығайту, құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу, құрылысын, құрамын ажырату, тыныс белгілерін дұрыс қойып жаза білуге үйрету, жаңа тақырыпты өткен тақырыппен ұштастыра білу;
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салаластың жасалу жолы туралы жаңа білім беру, кезектес салаластың құрамына енген жай сөйлемдердегі іс - әрекеттің кезектесіп келетіндігін, тек жалғаулық шылаулар арқылы байланысатындығын меңгерту; ә) дамытушылық: оқушылардың білім - білік,
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіне тән белгілері Салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемді ажырата білу. Сабақтас құрмалас сөйлемнің компоненттерінің орналасу тәртібін білу.
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту;
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупова Торғын Бекенқызы
Күрделі сөздерді қайталау
Күрделі сөздерді қайталау
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы,Тасқала ауылы, Қ. И. Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шакирова Айымкөз Қуатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×