Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәтін және сөздің мағынасы. Күнделікті сабақ жоспары

17 қыркүйек 2016, Сенбі
Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар. 6 сынып
барлығы: 102 сағат.

Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 6 сынып.
Тақырыптар:
6. Мәтін және сөздің мағынасы.
7. Ауызша және жазбаша тіл.
8. Мәтіннің тақырыппен байланысы.
9. Сын жұмысы. Ана тілі.
10. Фонетикадан өткенді қайталау.


5. Сабақтың өтілетін мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Мәтін және сөздің мағынасы.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға мәтін және сөздің мағынасы жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру.
ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, Сұрақ - жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: Ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Кезекші мәлімдемесі.
3. Журнал бойынша түгелдеу.
4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау
1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
3. Дәптерлерін алмастыру.
4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Мәтін және сөздің мағынасы» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 18 - жаттығу жұмысының шарты: Мәтіннен жалпылама қолданылатын қарапайым сөздер мен термин сөздерді ажыратыңдар. Терминдерді теріп жазып, ғылымның қай саласына катысты екенін айтыңдар. Осы мәтінге ат қойыңдар. Сол тақырып пен мәтін мазмұнының байланысына назар аударыңдар. Терминдердің жазылуына мән беріңдер.
Келесі орындалатын тапсырма: 19 - жаттығу жұмысының шарты: Мәтіндегі көп нүктенің орнына төменде берілген қажетті терминдердің тиістісін қойып жазыңдар.

Келесі орындалатын тапсырма: 20 - жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтін мазмұнын түсініп оқыңдар. Оған ат қойыңдар.
Келесі орындалатын тапсырма: 21 - жаттығу жұмысының шарты: Мәтіннен басқа тілден енген сөздерді теріп жазыңдар. Мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңдар. Олардың мәтін мазмұнына қатысын айтыңдар.

Келесі орындалатын тапсырма: 22 - жаттығу жұмысының шарты: Орыс тілінен енген кейбір сөздердің қазақ тілі заңдылығына икемделіп өзгергеніне назар аударыңдар. Өздерің білетін осындай сөздерді естеріңе түсіріп дәптерлеріңе жазыңдар.

Сабақтың қорытындысы:
1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
3. Үйге тапсырма: 23 - жаттығу жұмысының шарты: Мәтіндегі көп нүктенің орнына қандай терминді қолданар едіңдер? Неге? Өздерің тұратын аймақта ғана қолданылатын қандай ерекше сөздер бар? Оларды әдеби түрімен салыстырып айтыңдар.
Тексердім:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
6 992
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілінен күнделікті жоспар. Жинақтық, болжалдық сан есімдер.
Қазақ тілінен күнделікті жоспар. Жинақтық, болжалдық сан есімдер.
Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу, қаншау деген Сұрақтарға жауап береді. Бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге - ау, - еу жүрнағы жалғану арқылы жасалады.
Сын есімнің жасалуы (күнделікті сабақ жоспары 6 сынып)
Сын есімнің жасалуы (күнделікті сабақ жоспары 6 сынып)
Сын есім құрамы жағынан негізгі сын есім және туынды сын есім болып бөлінеді. Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жұмсалатын сын есімді негізгі сын есім дейді. Мысалы; қара, көк, биік, таза, жақсы, сары, терең, т. б.
Сөздің түрлері. Атауыш, көмекші және одағай сөздер (қазақ тілінен күнделікті сабақ жоспары)
Сөздің түрлері. Атауыш, көмекші және одағай сөздер (қазақ тілінен күнделікті сабақ жоспары)
Сөйлемде қолданылған сөздердің мағыналары бірдей бола бермейді. Сөздердің көпшілігі белгілі бір ұғымның атауы болады да, жеке тұрғанда белгілі бір лексикалық мағынаны білдіреді.
Қосарлама қос сөздер (күнделікті сабақ жоспары)
Қосарлама қос сөздер (күнделікті сабақ жоспары)
Екі түбірден қосарланып жасалған қос сөзді қосарлама қос сөз дейді. Әдетте мағыналары бір - біріне жақын синоним сөздер немесе мағыналары бір - біріне қарама - қарсы келетін антоним сөздер қосарланады.
Кіріспе сабақ (күнделікті сабақ жоспары 6 сынып)
Кіріспе сабақ (күнделікті сабақ жоспары 6 сынып)
Адам баласы тек білім арқылы ғана дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады және болашағын болжап, келешекке бағыт
Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 6. Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып 7. Сөз бен мағына 8. Сөз мағыналарының сипаты 9. Сөз мағынасының өзгеруі 10. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×