Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әбдіжәміл Нұрпейісов «Балықшылар»

13 қаңтар 2018, Сенбі
Әдебиет 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Әбдіжәміл Нұрпейісов «Балықшылар»
«Қан мен тер» романынан үзінді.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі, шығармашылығы,
«Балықшылар» («Қан мен тер» романынан үзінді) жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой - пікірін қалыптастыру.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ - жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар,
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Кезекші мәлімдемесі.
3. Журнал бойынша түгелдеу.
4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.
1. М. Мақатаев Өмірі, шығармашылығы туралы түсінік
2. «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңін жаттау
3. Қосымша мәліметтер іздену.
4. Қосымша сұрақтар қою.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі, шығармашылығы,
• Әбдіжәміл Нұрпейісов – Арал теңізінің жағасында дүниеге келген. «Курляндия», «Күткен күн» романдары және «Қан мен тер» трилогиясының авторы. Арал балықшыларының ХХ басындағы Қазан төңкерісі жылдарындағы ауыр өмірін суреттеген «Қан мен тер» трилогиясы қазақ оқырманына кеңінен таныс.
• «Балықшылар» («Кан мен тер» романынан үзінді) жайлы түсіндіремін.
Бұл үзіндіде балықшылардың қиын өмірі әңгімеленеді. Балық аулап оны байға өткізіп, жарымас айлық алып күн кешкен, өздері талғажау етуге де балық бермейтін сараң байдың іс - әрекеті әңгімеленеді. Балықшыларды қолайсыз ауа - райына да қарамай мұз үстіне жіберіп, адам өмірін емес тек ақшаны көздеген бай, сол ауылдың әкімі жұмысшыларды байға жамандап, оларды ұрғызғандығы, Мөңкенің өлген ұлын да көму үшін сұранғанда жұмыстан босатпағандығы, балық аулауға шығып кеткен балықшылардың ауыр жағдайы, оларды құтқаруға шыққан түйеші мен Андрейдің теңіз үстінде желмен арпалысып, өмір үшін қанша қиналып, соңында құсқа жем болып теңіз ортасында қалуы, ламанның өшіккеннен, ызаланып Федоровты ұрып өлтіргені өте аянышты суреттеледі. Бұл үзіндіден күн көрудің қанша қиын болғанын, елде теңсіздік жоқ болғанын, қазақтардың орыс байларына тәуелді болғанын, патша үкіметін озбырлығын білеміз.

Сабақты бекіту.
Сөздікпен жұмыс:
Репеті – түрі, ыңғайы деген мағынада
Қаратаз – болыстың есімі
Үркердей үйіріп – топтап үйіріп деген мағынада қолданылған.
Түсінік тексеру:
• Балықшылар әңгімесі қандай романнан алынған?
• Негізгі тақырыбы не?
• Қандай теңіздің балықшылары туралы айтылады?
• Бұл қай кездегі уақиға?
• Басты кейіпкерлер кімдер?

Сабақтың қорытындысы:
Бағалау: Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Үйге тапсырма: Ә. Нұрпейісов өмірі, шығармашылығы туралы іздені, оқу.
«Балықшылар» әңгімесін оқу. Мазмұндау.
7 802
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Балықшылар әңгімесіндегі табиғат апатымен арпалыс (Қан мен тер трилогиясынан үзінді)
Балықшылар әңгімесіндегі табиғат апатымен арпалыс (Қан мен тер трилогиясынан үзінді)
Ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой - пікірін қалыптастыру.
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, «Адамдық борышың» өлеңі жайлы толық түрде мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру.
Мәтін және сөздің мағынасы. Күнделікті сабақ жоспары
Мәтін және сөздің мағынасы. Күнделікті сабақ жоспары
Мәтін және сөздің мағынасы жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру. Ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.
Күнделікті сабақ жоспары, Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас...»
Күнделікті сабақ жоспары, Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас...»
Қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында туады.
Ә. Нұрпейісовтің "Балықшылар" әңгімесі
Ә. Нұрпейісовтің "Балықшылар" әңгімесі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Ә.Нұрпейісов "Балықшылар" әңгімесіндегі кейіпкерлер келбеті
Ә.Нұрпейісов "Балықшылар" әңгімесіндегі кейіпкерлер келбеті
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×