Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алатау Жамбыл Жабаев

27 сәуір 2019, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: «Алатау» Жамбыл Жабаев.
Мақсаты: «Алатау» өлеңін оқи отырып, табиғат сұлулығы, жайлы түсіну.
Міндеттері: 1. Өлеңмен жазылған көркем шығарманың мазмұнын аша білуге, шығармадағы сөз мағынасын түсіне білуге үйрету.
2. Оқушылардың дербес ойлай білу дағдылары мен өз ойын ашық, дұрыс жеткізе білуін, өзіне деген сенімін арттыру.
3. Табиғатты сүюге, онымен аялы қарым – қатынас жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ;
Сабақтың түрі: саяхат сабақ;
Сабақтың әдіс - тәсілі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, сабақаралық
Байланыс, СТО әдістері. шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, слайдтар, кестелер, портреттер.
Сабақтың құрал – жабдықтары: Интерактивті тақта, компьютер,
Сабақтан күтілетін нәтиже: Оқушылардың Жамбыл Жабаев жайлы білімдері толысып, өлеңмен жазылған шығармаларды дұрыс оқып, талдай білуге машықтанады.
Табиғатты сүюге үйренеді.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
Бір, екі, үш
Отырамыз тып - тыныш,
Жалқаулықты тастаймыз.
Сабақты біз бастаймыз.
Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.
Үй тапсырмасын сұрау.
231 беттегі берілген сөзжұмбақтың жауабын сұрау, тексеру.
Қате жерін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып түзету.
Сонымен, сөз жұмбақтан қандай сөз шығарып алдық (Ж\бы: «Табиғат»).
Үй тапсырмасын бекіту. Венн диаграмма және топтастыру әдісін қолданып Табиғат деген не? оның түрлері, ерекшеліктері жайлы дүниетану пәнімен сабақаралық байланыс жасап табиғат жайлы білімдерін бекіту.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Ойын. « Кім жылдам?»
Мұғалім: - Балалар, мен қазір сендермен ойын ойнауды ұсынғым келіп
тұр. Ойын: « Кім жылдам?» деп аталады.
Ойын шарты: суреттер көрсетіледі. Суреттегі заттар тірі табиғатқа жатса оң жақтағы тұғырға, өлі табиғатқа жатса сол жақтағы тұғырға жайғастырамыз
Суреттер: Гүл, бұлт, тау, адам, күн, жануар, көбелек, жаңбыр, құрт, қар, балық, су.

Топтастыру стратегиясы;
Мұғалім: - Сонымен, балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ақын Жамбыл
Жабаев атамыздың өлеңі болмақ.
Топтастыру: Әдісін қолдана отырып Жамбыл Жабаевтың өмірі мен ақындығы жайлы түсіндіріп өтемін.

Оқулықпен жұмыс. (оқу түрлерін қолдану).
1. Тізбектей оқыту.
2. Хормен оқыту.
3. Үнсіз оқыту.

Мәтінмен жұмыс. Топтық тапсырма
Мұғалім: - Балалар, қазір мәтінмен жұмысты бастамас бұрын, мен мынандай нұсқаулықты ұсынамын.
Алатау
Өлеңде кездесетін табиғат атаулары: Таулар, орман, тоғай, ну, су, жемістер, аңдар, бұлт, бұлақ, балық.
Өлеңде кездесетін аңдардың аттары: Арыстан, аю, қасқыр, түлкі, борсық, сілеусін, жолбарыс.
Өлеңде кездесетін жемістер атауы: Өрік, алма, алмұрт, жеміс.

Сөздікпен және дәптермен жұмыс.
Ну, мұнар, кептес – сөздерінің мағынасын түсіндіру, осы сөздер келтірілген өлең жолдарын тауып оқыту, сөйлем мағынасын ашу.
Кестемен жұмыс.

Танымдық әңгіме.
Теледидардан Алатау, өңірі, табиғаты жайлы қысқа фильм көрсетіледі.
Суретпен жұмыс.
Оқулықта берілген суретпен жұмыс барысында өлеңдегі бейнелі сөздерді қолдануға үйрету негізінде көркем сөйлей білуге машықтандыру
Жаңа сабақты бекіту.
Шығармашылық әңгіме. Мұғалім: - Балалар, қазір мен сендерге шығарма жазуды ұсынғалы тұрмын. Ол үшін қазір бәрің көздеріңді жұмасыңдар, тек зерделерің мен құлақтарың арқылы айналадағы табиғатты танып – біліп, оны өздерің іштей сезініп, өз сезімдерің жайлы танып – біліп жазуға
үйренесіңдер.
- Балалар, мына қысқа видеороликте Жасұлан атты бала мен
оның отбасының жексенбі күнгі демалыс уақыты көрсетілуде. Дұрыстап тыңдап алыңдар, Жасұлан мен оның отбасы қайда келеді деп ойлайсыңдар?
Жауаптар:
- Көлікте келеді.
- Неге?
- Өйткені көліктер дыбысы естіледі.
- Көп көлік дыбысы естілсе олар қай жерде келеді деп ойлайсыңдар? Неге?.
- Жолда. Трассада.
- Олар көздеген жеріне жетті деп ойлайсыңдар ма? Неге?.
- Ия, себебі көліктің дауысы естілмейді. Көлік тоқтады.
- Келген жерлері қандай жер еді? Неге?.
- Табиғат аясы, өйткені құстар үні, аққан су дыбысы, ызыңдаған аралар - шыбындар - үні естіледі
- Енді ненің дыбысы естілді?
- Шөптің. Шөптің арасымен біреу келеді.
- Жасұлан мен оның отбасы мүшелері не істеп жатыр деп ойлайсың?
- Шомылып жатыр.
- Жоқ, балық аулап жатыр.
- Жай, доп теуіп жүрген балалар.
Мұғалім: Енді видеороликті өшіремін, сендер есту арқылы алған әсерлеріңді қағаз бетіне түсіріңдер. Оқушыларға уақыт беріледі. Сонан соң
1 – 2 оқушы өз шығармасын, оқып береді.
Мұғалім: Енді әркім өз шығармасы мен видеороликтің арасында қаншалықты ұқсастықтың бар екендігін салыстырсын. Фильм көрсетіледі.
1. 2. Кесте арқылы сабақтың негізгі мағынасын ашу, бекіту.
Алатау Жамбыл Жабаев жүктеу
2 477
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жамбыл Жабаев «Балама хат»
Жамбыл Жабаев «Балама хат»
Қазақ халқының бір тума ұлы Жамбыл Жабаевтың өмірбаянының мәліметтерімен таныстыру; Ұлы Отан соғысы жылдарын еске түсіру;
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
Жамбыл Жабаев «Алатау»
Жамбыл Жабаев «Алатау»
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Хазретовка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жұбаниязова Г.Е
"Алатау" Жамбыл Жабаев
"Алатау" Жамбыл Жабаев
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, №4 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сисенбаева Лариса Өтесқызы
«Шәкірт балаларға» Жамбыл Жабаев
«Шәкірт балаларға» Жамбыл Жабаев
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Дюсебаева Алтынай Орыспайқызы
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×