Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жамбыл Жабаев «Балама хат»

23 сәуір 2019, Сейсенбі
Тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Балама хат»
Пәннің аты әдебиеттік оқу
Мақсаты:
Білімділік) қазақ халқының бір тума ұлы Жамбыл Жабаевтың өмірбаянының мәліметтерімен таныстыру; Ұлы Отан соғысы жылдарын еске түсіру;
дамытушылық) оқушылардың әдеби білік дағдыларын: ауызша сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, түсініп оқуын, өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік) бейбітшілікке, Отанды сүюге баулу
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгеру сабағы
Сабақтың көрнекіліктері: Ж. Жабаевтың портреті, сызба, сөздер.
Сабақтың әдістері: түсіндіру әдісі, әңгімелеу, іздендіру, өздігінен білім алу әдісі, талдау әдісі, сөздік жұмысы

Психологиялық ахуал
І Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, сабаққа даярлығын тексеру.
Психологиялық ахуал «Жүректен жүрекке»
Ордендер арқылы үш топқа бөліну

Қызығушылықты ояту
Үйге берілген тапсырманы сұрау
Өрмекшінің торы арқылы үй тапсырмасын қорытындылау
Ребус шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтау
Дәптермен жұмыс
ІІ Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Бүгінгі сабақтың ұраны: Отан үшін отқа түс, күймейсің! Балалар, Ұлы Отан соғыс кезінде біздің батыл жауынгерлеріміз жаулардан Отанымызды қорғап, зор ерлігін көрсете білді. Келесі ұрпаққа бейбіт өмір, бақыт, береке тілей отырды. Біз жауынгерлеріміздің ерлігін ешқашан ұмытпаймыз, оларды қадір тұтамыз.
АКТ мен жұмыс Жамбыл Жабаев туралы мәліметтерді теледидардан көрсету.
Оқулықпен жұмыс
І топ өлеңді алты жолдан оқып мазмұнын айтады
ІІ топ қарлы кесек әдісі арқылы оқу
ІІІ топ жұптап оқу

Мағынаны тану
Оқулықта берілген сұрақтарға жауап беру
Жамбыл Жабаев туралы Бейне ролик көрсету
Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы, Айтысқан ақындары туралы үш топ мәліметтер бойынша постер құрайды.
Сергіту сәті
Жоғары қарадым күн көрдім
Төмен қарадым жер көрдім
Оңға бұрылдым, солға бұрылдым.
Егеменді ел көрдім.
Суретпен жұмыс «Бұрынғы уақытта хат почта арқылы келген.
Ал қазір заман дамыды. Түрлі техникамен жұмыс жасаймыз. Тәуелсіздік, бейбітшілік елде өмір сүріп жатырмыз.»
Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.
Биыл Ұлы жеңіске неше жыл толады?
Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды үнсіздікпен еске алайық.

Шығармашылық жұмыс
_ _ _ сүйетін
_ _ _ _ _ _ баламыз
_ _ _ _ _ _ жолымен
_ _ _ _ _ _ боламыз
_ _ _ _ _ _ атпаймыз
_ _ _ _ _ _ сатпаймыз
_ _ _ _ _ _ қорғаймыз
_ _ _ _ _ _ ақтаймыз
_ _ _ _ _ _ алтын мекенім
_ _ _ _ _ _ өтемін
Қияға қанат қақсам да,
_ _ _ _ _ _ жетемін.

Мақал - мәтел құрастыру
Бір сөзді үш тілде айту
Отан - елдің анасы,
Ел ердің - анасы

Батыр туса ел ырысы

Ел даусыз болмас
Ер жаусыз болмас
Біз бейбітшілікті сүйеміз тақырыбында эссе жазу

ІІІ. кезең: « Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын». Жамбыл Жабаев туралы мәлімет алу 48 бет
Қай топ берілген сызбаны тез толтырады?
• Ақын қашан, қай жылы дүниеге келді?
• Оған кім ақ батасын берген?
• Жамбыл қай жылы, неше жаста қайтыс болған?

А. Байтұрсынов атындағы толық ұзартылған күн
тобымен жұмыс жасайтын бастауыш гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі: Жаргулбаева О. А.
Жамбыл Жабаев «Балама хат» жүктеу
4 533
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
Жамбыл Жабаевтың сатиралық өлеңдері "Кәдірбайдың төбеті" атты өлеңі
Жамбыл Жабаевтың сатиралық өлеңдері "Кәдірбайдың төбеті" атты өлеңі
Оқушылардың ақын туралы алған білімдерін молайту, сатиралық өлеңдері мен таныстыру. Ақын өлеңдері арқылы жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, шындықты ашық айту дағдыларын арттыру.
Жамбыл Жабаев "Балама хат"
Жамбыл Жабаев "Балама хат"
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қызылту ауылы, «Кішкенетау» орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шакенова Мансия Ораловна
Жамбыл Жабаев «Менің өмірім», «Аттандыру»
Жамбыл Жабаев «Менің өмірім», «Аттандыру»
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы
«Шәкірт балаларға» Жамбыл Жабаев
«Шәкірт балаларға» Жамбыл Жабаев
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Дюсебаева Алтынай Орыспайқызы
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×