Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жазылбек Қуанышбаев өмір жолына саяхат

23 мам 2019, Бейсенбі
5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жазылбек Қуанышбаев өмір жолына саяхат
Құндылықтарды дарыту. Қазақстанның көрнекті тұлғаларын, Отанды, туған жерді сүюге баулу, ата - бабамызды құрметтеуге тәрбиелеу.
Өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету.
Пәнаралық байланыстар: Өнер, қазақ әдебиеті
Өтілу формасы: Мұражайдағы сабақ
АКТ қолдану дағдылары: Интерактивті тақта, презентация арқылы оқушылардың шығармашылық түрде жұмыс жасауына мүмкіндік ашылып, пәнге қызығушылығы артады. Мүмкін болған жағдайда интернет желісі арқылы деректер, ақпараттар, суреттер табу.

Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Көңіл күй»
Адам меңгермейтін білім бар ма?
Жойқын істі тындырар күшің бар да.
Оқы, үйрен, жас ұрпақ бәрін меңгер,
Алға қойған мақсатың ісің бар да!
Жұптарға бөлу
Үй тапсырмасы
5 минут
«Сұрақты ұстап ал» тренингі бойынша үй тапсырмасы сұралады.

Сабақтың басы
7 мин
Қызығушылықты ояту кезеңі «Стоп кадр әдісі»
Бұл суреттегі тұлғаны тану.
оқушылардың жаңа тақырыпқа қызығушылығы артады.

1. Суреттерде не көріп отырсыздар?
2. Не ерекше болды?
3. Осы суреттегі тұлға туралы не білесіздер?
4. Тақырыпты болжап көріңіз....
Болжамдарын негіздейді.
Көк жұптар 1896 жылы төменгі Шу бойындағы қазіргі Жамбыл ауылы жерінде дүниеге келген. Әкесі Қуанышбай, анасы Айткүл. 5 жасында қаршадайынан Жамбыл, Хантауы жерінде жалшы қиындығын атқарды. Мойынқұм өңірінде алғашқылардың бірі болып “Кеңес” ауыл шаруашылық артельіне мүше болып кіреді.
Сары жұптар 1936 жылға дейін шопан болып еңбек етеді. Ол тұста колхоздағы қой саны 600 - ден аспайтын. Отан соғысы жылдары 1941 - 1945 жылдарындағы ерлік еңбегі, баршаға үлгі болды. Ол мал басын аман сақтау, ет пен жүнді мол өңдеуде үнемі алда жүрді. 1946 жылдан кейінгі жылдардағы қажырлы еңбегі оны абырой биігіне көтерді. 1948 жылы қаракөл қойының тұқымын жақсартқаны, мемлекетке елтірінің 85 %- ін бірінші сортпен өткізгені, төл алудағы үздік жетістіктері үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Араға 10 жыл салып әр жүз саулықтан 144 - тен қозы алып, қаракөл елтірісінің сапасын артты.
Жасыл Жұптар 1958 жылы екінші Алтын жұлдызы тағылды. Мал шаруашылығында ерен еңбегі жоғары бағаланған, жаз - атаның даңқы, Қазақстан ғана емес бұрынғы бүкіл одақ көлеміне мәлім болды.
Жазылбек Қуанышбаев туралы видео көрсетіледі.

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы,
А. Назарбеков ауылы, Ә. Молдағұлова шағын орталықты негізгі мектебі
Тарих пәні мұғалімі Шынжарбекова Динагуль Кемелбекқызы
Жазылбек Қуанышбаев өмір жолына саяхат жүктеу
2 372
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам қалай есейеді?
Адам қалай есейеді?
Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау. Отбасы мүшелерін құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Орталық және Шығыс Азия елдері
Орталық және Шығыс Азия елдері
Орталық және Шығыс Азия елдері құрамына кіретін мемлекеттер, жер бедерінің ерекшеліктері, әлемдік өркениеттің дамуындағы орны туралы оқушылардың білімін қалыптастыру.
Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің барысы, жеңілу себептері, тарихи маңызы
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің барысы, жеңілу себептері, тарихи маңызы
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық қозғалыстың мән мағынасын жете түсінеді, көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептерін және көтерілістің барысын анықтау.
Ақпараттық технологияның қоғамдағы рөлі
Ақпараттық технологияның қоғамдағы рөлі
Электрондық поштаны ашу, хабарды қабылдау, хабар құру және қолдану туралы жан - жақтымағлұмат беру. Оқушылар электрондық пошта туралы білімдерін толықтырады. Білім білік дағдылары қалыптасады.
Терінің маңызы мен құрылысы
Терінің маңызы мен құрылысы
Атырау қаласы, Балықшы кенті, Абай атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Жұмабаева Райса Биғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×