Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Терінің маңызы мен құрылысы

04 тамыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Терінің маңызы мен құрылысы. (презентация түрінде)
Сабақтың мақсаты:
● Білімділік: Терінің құрылысы және қызметі, жабын жүйесі туралы түсіндіре отырып, білімдерін кеңейту.
● Тәрбиелік: Терінің жұмысы, маңызы туралы алған білімін саралай отырып, гигиеналық тұрғыдан түсініктеме беруге, денсаулық сақтауға тәрбиелеу.
● Дамытушылық: Терінің маңыздылығы туралы қорытынды жасай білуге, ой - өрістерін ғылыми тұрғыда дамытуға, ізденуге үйрету, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды 3 топқа бөлу.
1-топ. Эпидермис
2-топ. Дерма
3-топ. Гиподерма

Сергіту сәті:
● Көзімізді жұмып, ішімізден мына сөздерді қайталайық:
“ Мен ойымды тез жинақтаймын, жаңалыққа, білімге қызығушылығым жоғары, терең ойлап, нақты жауап беремін, қиялға да берілемін. Мен өз біліміме, өз күшіме сенімдімін. Бүгінгі сабақта бәріне сәттілік тілеймін.”
Көзімізді ашып сабағымызды бастаймыз.
Адам меңгермейтін білім бар ма?
Жойқын істі тындырар күшің бар да.
Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер,
Алға қойған мақсатың, ісің бар да!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Артығын тап та, түсіндір
І топ Бүйрек, Нефрон, Несепағар, Қуық
ІІ топ Су мен тұздың мөлшерін реттейді. Зәр түзіледі. Жылу реттеу қызметі. Гуморалды жолмен реттеледі.
ІІІ топ. Реабсорбция, Энурез, Фильтрация, Вазопрессин

Үй тапсырмасына шолу: Кім жылдам?
1. Қанда зәрдің шектен тыс көбеюі. (Уремия)
2. бактерия әсерінен бүйректің қабынуы. (Нефрит)
3. Зәрдің құрамында қатты заттардың (тастың) көбеюі. (Уролитиаз)
4. Қуықтың қабынуы. (Цистит)
5. Түнде зәр тоқтамау. (Энурез)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Тапсырма: Кітаптан берілген мәтін арқылы әр топ постер құру
І топ. Эпидермис.
ІІ топ. Дерма.
ІІІ топ. Гиподерма.
Постер дайын болғаннан кейін әр топ өз постерін тақтаға шығып қорғайды.
1 - постер.
● Эпидермис( грекше “epi”- сыртқы “derma”- тері) - терінің сыртқы қабаты
Мүйізді қабат - бұл қабаттан шаш, түктер, тырнақтар пайда болады.
Өсуші қабат - ондағы тірі жасушалардың үнемі бөлінуі арқылы тері қалпына келіп отырады.
2 - постер.
● Дерма (нағыз тері қабаты),( латынша derma - тері) - дәнекер ұлпадан түзілген
● 1. Емізекшелі (сосочковый)- бұл қабатта қантамырлары, лимфа тамырлар, жүйке талшықтары өте жиі орналасқан. Бұл қабаттағы өскіндерге байланысты әр адам терісінің сыртқы бедері түрліше болады. Қылмыс істерді анықтауда саусақ ұшындағы тері бедері көп пайдасын тигізеді
● 2. Торлы( сетчатый) қабаты тірек қызметін атқарады. Бұл қабатта түктің түбірі, тер және май бездері орналасқан.
3 - постер.
● Гиподерма - тері шелмайы қабаты. Дәнекер ұлпадан тұрады, онда майлы қосылыстар көп. Майлы заттарды ағза қажет кезінде пайдаланады.
Әрі қарай пән мұғалімі өзі жалғастырады.
Терінің қызметі:
1. Қорғаныш қызметі
2. Қажетсіз заттарды бөлу
3. Сезгіш
4. Жылу реттеу
Көз байлау ойыны:
Үш оқушы шығып, көздерін байлайды. Дорба ішінен алынған затты саусықтарымен сипалап, не екенін, неден жасалғанын айтады. Терінің сезгіштік қызметі дәлелденеді.

Сөздік:
Меланин - тері пигменті (түсі)
Эпидермис – сыртқы қабат
Дерма – нағыз тері
Гиподерма - тері шелмайы қабаты

Дерматолог – тері ауруын емдейтін дәрігер
Альбиностар - олардың терісі аппақ, шаштары да аппақ, көз қарашығы қызыл болады. Олардың терісінде теріге түс беретін пигмент - меланин бөлінбейді. Ол тұқымқуалаушылықпен берілетін қалыптан ауытқушылық.

IV. Бекіту.
Биологиялық диктант
1. Терінің сыртқы қабаты _______________________
2. Терінің ішкі қабаты __________________________
3. Терінің қызметі ______________________________
4. Теріні зерттейтін ғылым ______________________
5. Тері дәрігері _________________________________
6. Тері түзілістері _______________________________
7. Эпидермистің қалыңдығы ____________________

Тест
1. Тері қабаты нешеу?
а) 1 ә) 3 б) 2
2. Тері қызметін атаңдар.
а) Көру ә) Сезу б) Есту
3. Тері пигменті.
а) Лизоцин ә) Меланин б) Хлоратин
4. Тері қандай ұлпадан тұрады?
а) Эпителий ә) Дәнекер б) Жүйке
5. Терінің мүйізді түзілісі.
а) Шаш ә) Тырнақ б) Тері
6. Тері қандай мүше?
а) Дәм сезу ә) Сипап сезу б) Көру
7. Тері ауруының дәрігері.
а) Уролог ә) Дерматолог б) Терапевт
8. Нағыз тері қабаты
а) Эпидермис ә) Дерма б) Май бездері
9. Адам тәулігіне қанша литр тер бөледі?
а) 1 литр ә) 1, 5 литр б) 5 литр
10. Терінің сыртқы қабаты.
а) Май қабаты ә) Эпидермис б) Май бездері

V. Бағалау: Әр топтың топбасшылары мұғалімнің көмегіне сүйене отырып өз топ мүшелерін бағалайды.
VI. Үйге тапсырма: Терінің құрылысы қызметі.
Сұрақтарға жауап беру. “Тері гигиенасы” тақырыбына презентация жасау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 564
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Терінің құрылысы, қызметі мен маңызы
Терінің құрылысы, қызметі мен маңызы
Теріні қоршаған орта мен организм арасындағы шектеуші мүше ретінде анықтай алады
Терінің құрылысы, қызметі және маңызы
Терінің құрылысы, қызметі және маңызы
Оқушыларға терінің құрылысы, қызметі мен маңызы туралы білімді меңгерту, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру.
Терінің құрылысы, қызметі және маңызы
Терінің құрылысы, қызметі және маңызы
Оқушылардың ойын арқылы ой - өрістерін, ойлау шапшаңдығын дамыту. Оқушылардың биологиялық танымын ойындар ойнау арқылы логикалық тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілетін дамыту;
Терінің атқаратын қызметі
Терінің атқаратын қызметі
СҚО, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбаев Жаңажол орта мектебінің биология пәні мұғалімі Шакирбаева Маржан Адырбайқыз
Терінің құрылысы мен қызметі
Терінің құрылысы мен қызметі
Биология пәні мұғалімі: Демеугалиева Гулнафис
Тері. Жылу реттеу
Тері. Жылу реттеу
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №48 орта мектептің биология пәні мұғалімі Исеғалиева Гүлжайна Серікқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×