Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Белгісіздік есімдігінің түрленуі

21 қаңтар 2013, Дүйсенбі
Оңтүстік Қазақстан облысы
Арыс ауданы
М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Белгісіздік есімдігінің түрленуі.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың есімдіктің түрлері мен белгісіздік есімдігінің түрленуі туралы лингвистикалық білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ана тілді ардақтауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың грамматикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелер
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Өздік есімдіктерінің түрленуі.
2. Тапсырма. « Сезімсіз өмір сүруге бола ма?» деген тақырыпта шағын ойтолғау жазыңдар.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Тақтаға жазылған сөйлемдер арқылы түсіндіру.
1. Біреулер үйінің орнын өлшеп, біреулер қазып үлгеріп, қайсыбіреулері қалқитып та алған.
2. Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол...
3. Кейбіреуге таяғым тиіп те кетті бартылдап.
4. Әсемпаз болма әрнеге.
Оқушыларға лингвистикалық білім беру.
Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, әрне, кімде - кім, әлдекім, әлдене тәрізді белгісіздік есімдіктері зат есім орнына жұмсалады. Олар көптік, тәуелдік, септік жалғауларында жұмсалып, сөйлемде атау септікте тұрып бастауыш, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде тұрып толықтауыш, ілік септікте тұрып анықтауыш қызметтерін атқарады.
Мысалы:
Біреулер үйінің орнын өлшеп, біреулер қазып үлгеріп, қайсыбіреулері қалқитып та алған. (Ғ. Мұст.) Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол..... Кейбіреуге таяғым тиіп те кетті бартылдап. Әсемпаз болма әрнеге. (Абай) Берілген сөйлемдерде біреулер деген көптік жалғауында және атау септікте тұрып, кім? деген сұраққа жауап беріп, қайсыбіреулері деген көптік, тәуелдік және атау септікте тұрып, кім? деген сұраққа жауап беріп, бастауыш болып тұр. Біреудің деген белгісіздік есімдігі ілік септікте тұрып, кімнің? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш болып тұр; кейбіреуге, әрнеге дегендер барыс септікте тұрып, кімге? неге? деген сұрақтарға жауап беріп, толықтауыш болып тұр.

IV. Жаңа сабақты бекіту.
Оқулықпен жұмыс.
106 - жаттығу.
Төмендегі белгісіздік есімдіктерін түрлендіріп, сөйлем құраңыздар.
А. с. әлдекім, бірдеме, кейбіреу
І. с. әлдекімнің, бірдеменің, кейбіреудің.
Б. с. әлдекімге, бірдемеге, кейбіреуге
Т. с. әлдекімді, бірдемені, кейбіреуді.
Ж. с. әлдекімде, бірдемеде, кейбіреуде.
Ш. с. әлдекімнен, бірдемеден, кейбіреуден
К. с. әлдекіммен, бірдемемен, кейбіреумен.
108 - жаттығу
Мәнерлеп оқыңыздар. Сонан соң: 1) әңгімені баяндаушы кім және кім айтып тұрғанын неден байқағанларыңызды айтыңыздар. Әңгімеге ат қойыңыздар; 2) әңгімеде өсімдіктердің қай түрі көбірек қолданылғанын табыңыздар.

Үлестірме карточкалар мен жұмыс
№1. Берілген белгісіздік есімдіктерін пайдаланып, сөйлем құраңыз.
1. Біреу: ______________
2. Кейбір: _____________
3. Бірнеше: ____________
4. Әрбір: ______________
5. Әрқашан: ___________
№2. Берілген белгісіздік есімдіктерді тәуелдеңіз.
әрбір кейбіреу әрқайсы
Біздің ________ _________ _________
Сендердің _______ _________ ______
Сіздердің _______ _________ _______
Олардың ________ _________ _______
№3. Берілген белгісіздік есімдіктерді септеңіз.
Атау: әркім біреу әлдене
Ілік: ________ ________ _______
Барыс: ______ ________ _______
Табыс: ______ _________ ______
Жатыс: ______ _________ ______
Шығыс: ______ _________ ______
Көмектес._____ ________ _______
№4. Жақшадағы сөздерді пайдаланып, сұраққа жауап беріңіз.
1. Бұл сөзді кімнен естідің? (біреу)
2. Марат қашан ерте тұрады? (әрқашан)
3. Қандай адамдар үзілісте демалмайды? (кейбір)
4. Жұмысқа қанша адам келмеді? (бірнеше)
5. Кім өзінің туған жерін жақсы көреді? (Әркім)
№5. Асты сызылған сөзге сұрақ қойыңыз.
1. Әрбір адамның құқығы бар. ________
2. Әркім өз жұмысын істейді. ________
3. Ол әрдайым көңілді жүреді. ________
4. Біз бірнеше күн демалдық. ________
5. Жиналысқа кейбір қызметкерлер келмеді. ________

V. Үйге тапсырма беру:
1. Белгісіздік есімдіктерінің түрленуі. (65 - 67)
2. 107 - жаттығу
VІ. Бағалау.
20 499
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өздік есімдігінің түрленуі
Өздік есімдігінің түрленуі
Өздік есімдігінің түрленуін түсіндіру, зейін мен ерік - жігерлерін табандылықпен басқаруын, тыңдау мен қабылдауын бейімдеу Әлеуметтік: Қарым - қатынас мүмкіндіктерін кеңейту, өзара әрекеттестік - терін белсендіру
Жіктеу есімдігінің түрленуі
Жіктеу есімдігінің түрленуі
Есімдік жайлы білімдерін нығайтып, есімдіктерді түрлендіруге, жіктеу есімдіктерінің түрлену жолын меңгеруі тиіс. Сауатты, көркем жазуға дағдыландыру қажет.
Қазақ тілінен ұзақ мерзімдік жоспар (7сынып)
Қазақ тілінен ұзақ мерзімдік жоспар (7сынып)
Павлодар қаласы, №19 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каденова Жансұлу Журсиновна
Есімдіктің түрленуі
Есімдіктің түрленуі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Б. Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахмет Нұрхат Бижанұлы
Жіктеу есімдіктері
Жіктеу есімдіктері
Атырау қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Есенова Сауле Тулегеновна
Белгісіздік есімдігі
Белгісіздік есімдігі
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бегалы ауылы Бегалы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Избасова Салтанат Абатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×