Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

03 наурыз 2013, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали – мәңгілік ғұмыр.
Сабақтың мақсаты: Ғасырлар тоғысында ғасыр ғасыр ақына атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушының сөз мәдениеті дұрыс меңгеріп, жырларды мәнерлеп оқуға, өлеңді өміріне серік еткен ақынға еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу, рухани танымын кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты: Туған халқының талантты ақынына, әдебиетіне, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Зерттеу шеберханасы.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, ақынның суреті, өмірбаяны, естеліктері бейнеленген слайдтар.
Пәнаралық байланыс: Тарих, бейнелеу өнері, музыка.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Құрметті оқушылар, бүгін ақиық ақынымыз М. Мақатаевтың туған күні.
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген М. Мақатаев 82 жасқа толып отыр.
Халықтың рухани бай әдеби мұрасына күш – қуат алған Мұқағали қазақ әдебиетіне, қазақ поэзиясына шалқар шабытпен, қаламдас достарының ішінен ерекше өз үнімен оқшау келген дара тұлға.

Сабақтың эпиграфы.
Ақ қырау тұрған ақпанда
Ағаштар сырға таққанда
Бозарып тұрып ақ таңда,
Есіңе мені алғайсың.
Есіңе мені алғайсың! – міне ақын рухын еске алып ұрпақтары ақын шығармаларын жаттап өсіп келеді.
Зерттеу шеберханасы.
І – топ. Зерттеу тобы «Ақынның жұмбақ әлемі»
- Біз бұрында ақынның тұрған жерін өскен ортасын білеміз. Біз білмейтін тұстары да көп. Сондықтан біз білмейтін жұмбақ сырларына үңілесіздер.
♦ Ақиық ақын жырларында біздерге қалдырған зор қазынасын зерттеуді, түсінуді аманат етеді.
♦ Қысқа ғана өмірде артына ғасырдан – ғасырға жететін мол мұра қалдырған ақын М. Мақатаевтың жұмбақ әлеміне бір сәт үңіліп, оның жырларының әулиелік, көріпкелдік, данышпандық керемет бір қасиеті бар.
♦ Әулие ақын өзінің қайтыс болар күнінде дәл болжап жазған екен.
♦ Ауруханада жазылған «Арманым» атты өлеңін інісі Тоқтарбайға ұсынған.
ІІ – топ. Суреттеу тобы «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»
- Ақын өмірді жырлары арқылы суреттесе, сіздер ақын жырларын суретпен бейнелеп өз ойларыңызды ортаға саласыздар.
ІІІ – топ. Сұхбат тобы «Сен мені білесің бе?»
- «Сен мені білесің бе?» айдарымен жұмыс жасайсыздар. Бұдан бұрынғы сабағымызда әлеуметпен ақын өміріне қатысты сұхбат алған болатынсыздар. Сол сұхбат алған жауаптарыңызды ортаға саласыздар.
Қойылған сұрақтар:
● Сіз Мұқағалиды білесіз бе?
● «Есіңе мені алғайсың» өлеңі сізге қалай әсер етеді?
● Мұқағалиды тірісінде бағалай алдық па?
● Мұқағали ақынды неліктен көріпкел ақын дейміз?
● Ақиық ақын Мұқағалидың сары уайымға салынып, қапаланған кездері болды ма?
ІҮ топ. Қойылым тобы «Аққулар ұйықтағанда»
- Ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді ала отырып «Көлдің сәні - аққулар» айдарымен көрініс көрсетесіздер.
- Сіздерге жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.

Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны.
- Сабақты қорыта келгенде, «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына із қалдырған» - деп Абай атамыз айтқандай, Мұқағали өлген жоқ, ол бізбен мәңгілік бірге, жырлары да мәңгі жасай бермек. Ендеше оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыз осымен аяқталмайды, әлі де болса өлеңдерін оқи отыра талдаймыз.
Біздің халықта «Өлі риза болмай, тірі байымайды»- деген сөз бар. Біз бүгін Мұқағали ағаны еске түсірдік, ақынның аруағы бір аунап түскен шығар. Орнымыздан тұрып бір сәт еске алайық. Нағыз тума таланттың екі өмірі бар. Бірі – шектеулі өмір, екіншісі – мәңгілік өмір. Мұқағалидың шектеулі өмірінің күні батқанымен, оның мәңгілік шығармашылық өмірінің таңы атып, күні шықты.

Мұқағали өмірде көп қиыншылық көрді, жалғыздықтан жапа шекті. Ақынның ой айтудағы өткірлігі, батылдығы, біздерге өнеге, тәлім, сабақ бола берері сөзсіз. Ия, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Мұқағали Мақатаевта көз жұмған жоқ.
«Есіңе мені алғайсың» әнінің бейнеклипі.
Хор: «Есіңе мені алғайсың»
12 276
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Поэзия, сен менімен, егіз бе едің!
Поэзия, сен менімен, егіз бе едің!
Сабақтың мақсаты: Білімділік: ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр!
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр!
Ақиық ақынның өмірінен мағлұмат беру, өлеңдерін мәнерлеп оқу, Мұқағали Мақатаев поэзиясының халыққа кең таралауына және оның шығармаларының сыры неде екенін таныту, ақын өлеңдерін оқи отырып, адамгершілікке, шындықты айта білуге, адалдыққа,
Мұхтар Әуезов «Ақын қонақтар»
Мұхтар Әуезов «Ақын қонақтар»
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Уткельбаева Айгуль Макажановна
Мұқағали-мәңгілік ғұмыр
Мұқағали-мәңгілік ғұмыр
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебі Бастауыш сыныптар бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі: Көкен Гүлжамал Өмірзаққызы
«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!...»  (Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш)
«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!...» (Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш)
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған
Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған
Ғасырлар тоғысында Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқушы жүрегіне ұялату, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Оқушыларды поэзияны сүюге, ақын жырларын, әндерін айта отырып, өз елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×