Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан еліне сиқырлы саяхат

23 сәуір 2013, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан еліне сиқырлы саяхат»
(Тұрақты сөз тіркесі) 5 - сынып
Сабақтың білімділік: Сөз тіркестерінен алған
білімдерін тереңдету, Тұрақты тіркес сөздермен таныстыру.
Сабақтың дамытушылық: Өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасауға үйрету, оқушылардың дағды - машығын, таным белсенділігін арттыру. Оқу техникасын және сауаттылығын дамыту
Сабақтың тәрбиелік: Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын сүйіп қорғауға, құрметтеуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: Тірек - сызба, интерактивті тақта, слайд суретттері, еліміздің рәміздері, карта
Сабақтың әдісі: Ойын, сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың түрі: Ғажайып саяхат сабағы.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезең
Тіл дамыту
Қанымызға сіңген қонақжай қалпымызбен қонақтармен сәлемдесу: Үлкенге сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпен біз.
Қазір бізге қай сабақ?
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым бақытым - дара тілім
Бүгінгі сабағымызды әнұранмен бастайық
Балалар, бүгінгі сабағымыз басқа сабақтарға қарағанда өзгеше, себебі біз бүгін Ақ Ботақанмен және оның достары Құлыншақ - Тұлпар, Балапан – Бүркіт, Бала - Барыспен Қазақстан еліне саяхатқа шығамыз.
Қане, балалар олар кім екен танысайық
- Көгілдір өзен жағасында, жап - жасыл көкорай шалғында Ақ Інген мен Ақ Бура өмір сүріпті. Олардың көкте жүзген бұлттай аппақ Ақ Ботақаны болыпты. Ол күнде таңертең анасы берген сүтті ішеді екен. Ол барлық балалар сияқты қиялдағанды жақсы көреді екен.

Ол бір күндері саяхатқа шығуды армандапты.
Ол география мен тарихты мектеп кітапханасынан іздеп, тауып оқитын болған Ол өзінің Құлыншақ - тұлпар, Балапан - Бүркіт және Бала - Барыс сияқты өте сенімді достарын қасына арман қиялынан еш қалдырмайды екен.
Олай болса осы Ақ Ботақанның қиялы бойынша тапсырмаларды орындаймыз.
Мына бір құпия сандықта не бар екен а?
«Сәт – сапар, жас достар!»
Өткен сабақты қайталау, пысықтау үшін Ақ Ботақанның қандай тапсырмалар бар екен балалар.
Тақтаға назар аударайық, балалар.

Сәйкестендіру тестімен жұмыс.
Терең адам -------------- Антонимдер
Айт, жүз, қара -------------- тура мағына
Ел, жұрт, халық -------------- Омонимдер
Еркежан, Мырзажігіт -------------- Синонимдер.
Терең құдық ----------------------------- Табу
Батыр - қорқақ ---------------------------- Лексика
Белгілі бір тілдегі сөздердің Жиынтығы - ауыспалы мағына

Жақсы балалар өткен сабағымызды қорытындыладық.
Енді, балалар бізде тарихқа көз жүгіртейік, Ақ Ботақанға қазақтың нағыз батыр халық екенін айтайық. Себебі жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп - қонып өмір сүрген ата - бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген.
Ол: Ел мен Жер және Ана тіліміз. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайды. Олай болса Отан. ел мен жер, ана тіліміз туралы мақал - мәтел, өлең білеміз бе?
Жақсы балалар. Біздің халқымыздың басынан талай қиыншылықтар өткізе отырып ғасырлар бойы тәуелсіздікке қай жылы қол жеткіздік?

Оқушылар: 1991 жылы 16 - желтоқсанда.
М. Онда балалар биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толды?
Оқушылар: Биыл Тәуелсіздікке 20 - жыл толды.
Дала да думан, қалада думан жыр бүгін,
Жасай бер, жаса асқардан аса әрқашан
Кеудеме әкеп қондырған бақыт бұлбұлын.
Тәуелсіз Қазақстаным!

Біз Жақсы балалар өткен сабағымызды қорытындыладық. Ақ Ботақанның бірінші құпиясын ашайық.
– Бұл не деп ойлайсыңдар.
- Бұл қалалар қай аймаққа жатады?

«Жаңа тапсырма құпиясы»
Жаңа сабақты бастайық.
Қарашаның жиырма бірі.
Тұрақты сөз тіркесі.
Біздің өтіп жатқан лексика тарауының тағы бір саласы – тұрақты сөз тіркесі мен танысайық
Жүрегі тас төбесінен шығу.-
Ит арқасы қиянда -

Екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалғанмен, бір ғана мағынаны білдіретін тіркестер тұрақты тіркестер немесе фразеологизмдер деп аталады.
1. Бір ғана мағынаны білдіреді.
2. Сөздердің орнын ауыстыруға болмайды
3. Басқа тілге еркін аударуға келмейді.
4. Құрамындағы сөздер бір ғана мағынаны түсіндіреді.
Мысалы:
Жүрегі тас төбесінен шығу.-
Ит арқасы қиянда –
Төбесі көкке жетті -
Бармағын тістеу -
Қол ұшын беру -
Қой аузынан шөп алмас -
Ит терісін басына қаптау -
Тайға таңба басқандай -
Жұмған аузын ашпау -
Тісінен шығармау -

Ақ ботақанның келесі құпия сандығын ашайық.
– Бұл не деп ойлайсыңдар.
- Бұл қалалар қай аймаққа жатады?

«Жол жолмен табысады, халық халықпен табысады»
бұнда оқулықпен жұмыс екен балалар.
Оқулықпен жұмыс
113 - жаттығу
114 - жаттығу Қорқыт ата туралы әңгіме

Сергіту сәті
«Қара жорға» биі
Осы Ақ Ботақанның құпия сырын ашуға таяп қалдық.
Енді жаңа сабақта алған білімімізді бекіту мақсатында бізге Құлыншақ – тұлпар тапсырма бергелі тұр - ау деймін
Т т
Ұ і........................................ білдіреді
Р р
А к........................................ болмайды
Қ е........................................ келмейді
Т с
Ы
Б а л а м а тест
Тұрақты тіркестердің баламасы дұрыс айқындалған ба?
Ақ саусақ - еңбекқор
Иә жоқ
Тұрақты сөз тіркесі лексикаға жата ма?
Иә жоқ

Тұрақты тіркестердің баламасы дұрыс айқындалған ба?
Көзді ашып жұмғанша - тез, шапшаң, жылдам
Иә жоқ

Сонымен Ақ Ботақанның барлық құпиясы не екен? Балалар
Қазақстанның картасы екен. Біз Қазақстанның бес аймағын Ақ Ботақан мен Құлыншақ – Тұлпар мен Балапан - Бүркіт пен Бала - Барыспен шарлап шықтық

Балалар осы Ақ Ботақанның әжесі берген қоржын бар еді, соны қарауды ұмытып кетіппіз
Қане қарайық не бар екен ішінде.

Мәссаған, мынау не балалар.
Бұл – Қазақстанның мемлекеттік Туы.
Бұл - Қазақстанның мемлекеттік Ел таңбасы
Бұл - Қазақстанның мемлекеттік Ата Заңы
Бұл - Қазақстанның мемлекеттік Төл теңгесі
Бұл - Қазақстанның мемлекеттік Әнұраны

Көк туым көтерілді бағы жанып,
Елтаңбам төрде әлемге танылды анық
Шырқадым бар дауыспен Әнұранды
Арманым Атазаңым қабылданып.

Үйге тапсырма 117 - жаттығу
Бағалау
13 818
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Тіл мерекесі
Тіл мерекесі
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені Болашағым, бақытым дара тілім.
Сын есім
Сын есім
Сын есім туралы берілген білімді кеңейту. Сын есімді табуға, оларға сұрақ қоюға, сын есімдермен байланысты сөздерді табуға үйрету. Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.
Дара және күрделі етістіктер
Дара және күрделі етістіктер
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш пәні мұғалімі Булекбаева Бакыт Саурбаевна
Шығыс септік
Шығыс септік
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №9 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сапарбаева Сәуле Серикбаевна
Тіл - ұлттың жаны
Тіл - ұлттың жаны
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылында Ш. Уалиханов мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мыкиянова Саркыт Турсынгалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×