Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің өміршеңдігі

26 тамыз 2013, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелерінің өміршеңдігі

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ы. Алтынсариннің шығармашылығымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу, Ы. Алтынсариннің ел болу идеясының
өміршеңдігіне көз жеткізу;
Дамытушылық: Шығарманың эстетикалық, идеялық мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жинақтау жасап, ойлай білуге дағдыландыру, жеке, топтық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық танытуға, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру;
Тәрбиелік: Ұлы ағартушының өмірлік ұстанған принциптері мен биік мұраттары болашақтың қамы екеніне тоқтала келіп, ел, Отан болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін, жұртын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарына байланысты суреттер жиынтығы, сызба кесте, слайд шоу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау (ой қозғау, топтастыру)
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих

Сабақтың жабдықталуы: Ыбырай Алтынсарин проектор мен шығармалар жинағы, слайд - шоу мультимедиалық проектор, тірек-сызбалар

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезең:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушыларды үш топқа бөлемін. Бағалау парақтарын топ басшыларына таратамын.
б) Үй тапсырмасын пысықтау:

XIX ғасырдың 2 - жартысы мен XX ғасырдың басында өмір сүрген әдебиет өкілі Ы. Алтынсариннің шығармалары бойынша алған білімдеріңді сарапқа салу мақсатында өткізіліп отырған бүгінгі ашық сабағымызда әңгімелерін талдау барысында өз ойларыңды ашық айта біліңдер, қойылған сұрақтарға толық жауап беру талап етіледі.
Қызығушылығын ояту.

- Біздің бүгінгі және ертеңгі, болашақтағы мақсатымыз не?
Осы сұраққа мына түрде жауап береді.
- Оқу, білім алу,
- Тәрбиелі, саналы азамат болу.
- Өзіміздің кейінгі ұрпақтарға үлгі - өнеге көрсету.
- Ол үшін не істеу керек?
Үлкенді тыңдап, кішіге қамқорлық көрсетіп, сабақты зейін қоя тыңдау керек. Біз ата - бабаларымыздың салт - дәстүрін жаңғыртатын, жаңалыққа ұмтылатын іздемпаз оқушыларымыз!

Тірек сызба.
Біздің бүгінгі және ертеңгі, болашақтағы мақсатымыз не

Білімді, мейрімді, өнерлі, инабатты, жігерлі, тату, кішіпейіл, намысты

Әрдайым ізденіп оқып, Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерінде айтып кеткен жақсы қасиеттерді бойымызға сіңірсек, келер ұрпақтың азамат болады.
Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Жаңа тақырыпты слайд арқылы түсіндіремін.
2. Жаңа сабақты бастамас бұрын сабақтың мақсатын мен құрылымын
хабарлау.
Мағынаны тану. «Кластер стратегиясы»
- Балалар бүгінгі осы алған білімдерімізді толықтыру мақсатында «Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарымен»танысамыз.
Алдымен әңгіме дегеніміз не?
- Әңгіме - адам өмірінің бір сәт бейнелейтін сюжеті бар шығарма.
Ыбырай Алтынсарин - қазақ балалар әдебиетінің атасы, әңгіме жанрының негізін салушы. «Қазақ хрестоматиясы»кірген әңгіме новеллаларында Ыбырай жастарды еңбекті сүюге, оқу өнерге ұмтылуға, Отанын, елін сүйетін патриоттық сезімге, талапты, жігерлі, кішіпейлі болуға үндейді. Ы. Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Бұл шығармалардың тақырыптық - идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.

Әңгімелеріндегі тәлім тәрбие

Ұстамдық, шындық, адамгершілік, қайырымдылық, кісілік, әділдік, төзімділік, талаптылық, еңбекшіл, достық, оқу білім, өнер, мейрімділік.

«Ой ашар»:
Балалар, қазір біз Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарына қарай топтаймыз.
1. Еңбекке баулитын шығармалар
2. Ыбырайдың ұстаздығы аудармалары туралы айтылады.
3.«Қазақ хрестоматиясы»туралы айтылады.
4. Ыбырайдың өлеңдерін жатқа айту.
5. Өнер - білімді үлгі етуге арналған шығармалар
6. Адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалар

Ой толғаныс.
«Өнерлінің өрісі кең...». Аталған Ыбырай әңгімелерінде талап етілетін мәселе әңгіменің негізгі идеясын, көздеген мақсатына жете таныту.
1 - топ «Ойтолғаныс: «Ыбырай әңгіме шебері»
2 - топ Арнау: «Ізбасар ұрпағы - мына біз»
3 - топ Мақала: «Ата тәрбиесі мен ғибрат»

«Әдебиет лотосы»Бұл бөлім бойынша әр топта оқушы тексеруші сайланады. Бұл кестеде Ыбырай әңгімелеріне талдау жасалады.

Семантикалық картамен жұмыс.
- Балалар, бүгінгі тақырыпты толығырақ түсіну үшін әр топ оқушылары.
- Балалар, сонымен бүгінгі не үйрендік, не білдік?
1. Әңгімеден бойларыңызға қандай қасиет жинадыңдар, нені ұғып, нені үйрендіңдер?
2. Әңгіме бізді неге, қандай қасиеттерге тәрбиелейді деп ойлайсыңдар?

Сол туралы өз ойларыңызды қысқаша жазыңдар.
Екі жақты күнделік
● Әңгімеде саған не әсер етті?
● Несімен әсер етті?
Үйге тапсырма:
1. Әңгімелерін оқу, мазмұндау.
2.«Ы. Алтынсарин шығармалары балалар әдебиетінің бастау көзі»тақырыбына эссе жазу.
Бағалау: Оқушылар бағаланады. Топ басшыларының бағалауы бойынша баға қою.
14 714
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнына талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау;
Баланың айласы
Баланың айласы
Қазақтың көрнекті ақын, жазушысы Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек танысып, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу және шығармасындағы негізгі ойды таба білуге үйрету.
Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?
Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнын ашу арқылы еңбек етудің пайдасы туралы біледі, мамандық таңдай білуге үйренеді.
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Ы. Алтынсариннің шығармашылығымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу, Ы. Алтынсариннің ел болу идеясының өміршеңдігіне көз жеткізу;
Ыбырай - шағын әңгіме шебері
Ыбырай - шағын әңгіме шебері
Жамбыл облысы, Қаратау қаласы, Қойгелді атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абдибекова Айгүл Аханқызы
Ыбырай Алтынсарин “Киіз үй мен ағаш үй” әңгімесі
Ыбырай Алтынсарин “Киіз үй мен ағаш үй” әңгімесі
Астана қаласы, № 18 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Төлеуова Гүлшат Қысқашқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×