Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат лирикасы

29 қазан 2013, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Табиғат лирикасы (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Абайдың өмірі мен шығармашылығы және табиғат лирикасына деген сүйіспеншілігі туралы түсіндіру. Табиғатқа арналған өлеңдерінің мазмұнын игеру, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру арқылы білім көкжиегіне жетелеу;
Тәрбиелік: Оқушыларды әдебиетке деген сүйіспеншілігін оята отырып, туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу;
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, сатылай кешенді талдау,
топпен жұмыс
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үйге тапсырмасын тексеру

Абай өлеңдеріндегі өнер - білім тақырыбы
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін жаттап келгенін тексеру

1. Абайдың өскен ортасы жайында қысқаша түсінік бер.
2. Абайдың ғылымға, білімге байланысты қандай өлеңдері туындаған?
Тапсырмалар. Тапсырманың тақырыбы: «Кім Абай атамыздың өлеңдерін көп оқыды?»
Шарты: Абай өлеңдерінен 1 қатар үзінді сөз айтылады, оқушы сол үзіндіні толықтырып, қай өлеңінен екенін айтып, мазмұнына қысқаша түсінік береді.
1 - тапсырма. Баптанба, шаттанба, мақтанба.
2 - тапсырма. Әсемпаз, өнерпаз
3 - тапсырма. Ескермедім, тексермедім, кеш сермедім

ІІІ. Жаңа сабақ

Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған бір үлгісі – табиғат лирикасы. Табиғат – адам баласының өмір сүретін ортасы. Оны әлем классик ақындарының бәрі де жырлаған. Дәуірі мен ортасына, өзінің жеке басының көңіл - күйіне байланысты әр ақын өзінше жырлаған. Біреулер таза пейзаждық суреттер жасаса, екінші біреулер табиғат арқылы қоғамдық өмірді, тартысты, өз көңіл - күйін суреттейді. Абай да табиғатты өзінше жырлаған. Абайдың төрт мезгілі жайлы өлеңдері ақынның әлем поэзиясын тереңдеп оқып, үлгі тұтқан кездерінде 1886 - 1890 жылдар аралығында жазылған.
Абайдың бұл тақырыптағы тұңғыш өлеңі – «Жаз» (1886). Мұнда жазғы табиғаттың көркем көрінісі мен неше түрлі қызықты құбылыстар, бәйшешегі толысқан жайлау мен әлі қонып үлгермеген ауылдың қарбалас тіршілігі суреттеледі.
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып, өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда.
Өлеңде әзілдесіп, күлісіп үй тігіп жатқан қыз - келіншек, ат үстінде мал аралаған ауыл иелері, шешесін жағалап, қыңқылдаған жас балалар.
Ал, «Қыс» (1888) өлеңі – нағыз классикалық поэзия үлгісінен туған өлең. Мұнда да табиғат қозғалыс - әрекеттегі күйде алынады. Бірақ бұл әрекет табиғаттан гөрі адамның – жанды тіршіліктің әрекетіне ұқсайды.

Ақ киімді, денелі ақсақалды
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды
Үсті - басы үскірік, аяз бен қар
Басқан жері, сықырлап келіп қалды

Абайға дейінгі әдебиетте қысты жанды адам (шал) бейнесінде суреттеу әдеті болмаған. Бұл – Абай жаңалығы. Ақын оны қазақтың бейжай, енжар жатқан даласына қорқынышты үрей әкелген қатал бейнеде алады. «Демалысы – үскірік, аяз бен қарды кәрі құдаға» теңейді. Бұл жерде қазақтың байырғы ұғымы қолданылады. Мазасыз, сұрампаз, еселеп алып, тыным бермейтін кәрі құданың бейнесі арқылы қыстың да қайталап соғып, көшпелі елдің тіршілігін тарылта беретін жайын суреттейді. Өлеңде мал баққан қазақ даласының қысқы тіршілігі кеңінен суреттеледі.
Бұдан кейінгі күзге арналған екі өлеңі – «Күз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай» (1889). Алдыңғы екі өлеңде ақын назар аудармаған көшпелі елдің жүдеу тіршілігі, таптық, қоғамдық қайшылықтар соңғы өлеңдерінің негізгі мазмұнын құрайды.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай,
Қайыршы шал - кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш қурай, - деп
ақын осындай ортадағы кедей үйінің тұрмысын суреттеген. Күзгі суықтағы бай мен кедей үйлерінің тіршілігін бір – біріне қарсы қояды. Үлкен адамдар ғана емес, жас бала, кемпір - шалға дейін атап, осылардың ортасындағы күнкөрісі жайында өмір шындығын ашады.

Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып

... Қар жауса да, тоңбайды бай баласы,
Үйі жылы, киіз тұтқан айналасы.
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы, - деп ол еңбекші елдің мұңына ортақтасады.

«Байда мейір, жалшыда бейіл де жоқ, аңдыстырған екеуін құдайым - ай»,- деп ренжіп байға: «жас бала, кемпір - шалын тентіретпей, бір қыс сақта, тас болма сенде», - деген тілек айтады.
«Жазғытұры»(1890) өлеңінде - мұнда табиғат әлеміне кірген жаңалықтың иесі – «ата - анадай елжіреген күннің көзі» көбірек айтылады. Ақын сезімі қыстан қысылып шыққан ел қуанышына ортақтасады.
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы
Масатыдай құлпырар жердің жүзі
Жан - жануар, адамзат анталаса
Ата – анадай елжірер күннің көзі.
Ақын қазақ даласындағы жазғытұры мезгілін суреттеу арқылы ел тіршілігіндегі орнын жанға жайлы, еңбекке қолайлы сипатын да атап өтеді.
Мал семірер, ақ пенен ас көбейер,
Адамзат көңілі өсіп, көтерілер.
Қара тастан басқаның бәрі жадырап
Бір сараңнан басқаның пейілі енер.
Сөйтіп, адам мен табиғаттың бірлігі тақырыбын әлем поэзиясынан ала отырып, Абай қазақ өмірімен байланыстырып, кеңінен дамытты.
Енді, Абай атамыздың «Қыс» өлеңінің бір шумағына сатылай кешенді талдау жүргіземіз
1. Өлең құрылысына сатылай кешенді талдау жүргізу
_________________ Өлеңнің авторы: Абай Құнанбаев
_________________ Тақырыбы: Қыс
_________________ Мағыналық мәні:
- Негізгісі – мезгілді;
- Туындысы – іс – әрекетті білдіреді.
__________________ Жанр түрі: Өлең
__________________ Әдісі: кейіптеу әдісімен жазылған
Кейіптеу – жансыз затқа, құбылысқа жан бітіре суреттеу
__________________ Өлең құрылысына қарай: 1 шумақ
__________________1 шумағы төрт тармақ
__________________3 бунақ
__________________11 буын
__________________1 шумағы қара өлең ұйқаста жазылған.

ІҮ. Қорытынды Сабақты Сағынғали Сейітовтің «Кім?» өлеңімен аяқтаймыз.
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне өзі орнатып ескерткішті
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?

Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Көрікті көңілде жыр, қолда қалам
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,
Ол – Абай, ұлты – қазақ, аты - адам

Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма
Табиғат лирикасына арналған өлеңдерінен үзінді жаттап, өлең құрылысына талдау жасау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
26 717
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абайдың табиғат лирикасы
Абайдың табиғат лирикасы
Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдерін мазмұнын меңгерту, адам мен табиғат арасындағы байланыс туралы түсінік беру.
А. Құнанбаевтың табиғат лирикасы
А. Құнанбаевтың табиғат лирикасы
Абай Құнанбаевтың табиғатқа байланысты өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшелігін меңгерту. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру.
А. Құнанбаевтың өлеңдері (күнделікті сабақ жоспары)
А. Құнанбаевтың өлеңдері (күнделікті сабақ жоспары)
Абай Құнанбайұлының алдына қойған мақсаты қараңғы қазақтың көзін ашу, көңілін ояту оларды мәдениетті елдердің қатарына қосу еді. Осы мақсатпен ол оқушыларды оқу - білімге шақырған «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі еді.
Абай Құнанбаев "Қыс" өлеңі
Абай Құнанбаев "Қыс" өлеңі
Абайдың өмірі мен шығармашылығы және табиғат лирикасына деген сүйіспеншілігі туралы түсіндіру. «Қыс» өлеңінің мазмұнын игеру, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру;
Абайдың табиғат лирикасы
Абайдың табиғат лирикасы
РФ Алтай Республикасы, Қосағаш ауданы қазақ тіл мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Актанова Токжан Мудиновна
Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы «Қыс» өлеңі
Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы «Қыс» өлеңі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матниязова Айнур
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×