Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы «Қыс» өлеңі

29 қазан 2013, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы «Қыс» өлеңі (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Абайдың өмірі мен шығармашылығы және табиғат лирикасына деген сүйіспеншілігі туралы түсіндіру. «Қыс» өлеңінің мазмұнын игеру, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру арқылы білім көкжиегіне жетелеу;
Тәрбиелік: Оқушыларды әдебиетке деген сүйіспеншілігін оята отырып, туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу;
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, сатылай кешенді талдау, Венн диаграммасы арқылы жұмыс жасау, топпен жұмыс

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үйге тапсырмасын тексеру

«Өзен» өлеңін жаттап және өлеңді талдап келгендігін тексеру

Ыбырай Алтынсарин өмір сүрген кезеңдерге қысқаша шолу
1. Ыбырай Алтынсарин кім болған?
2. Ыбырай Алтынсарин қай жылы қай жерде дүниеге келген?
3. Ыбырайды тәрбиелеуші Балқожа өз заманында қандай қызметпен айналысқан?
4. Ыбырайдың білімге деген қызығушылығы қай кездерден бастау алған?
5. Мектеп ашуына себеп болған жағдайлар
6. Алғашқы қазақ мектебі қай жылы, қай қалада ашылған?
7. Ең алғашқы жасаған оқулығы не деп аталды және ол қандай бөлімдерге бөлінді?
8. Оқулықтың алғашқы беті Ыбырайдың қай өлеңімен басталады?
9. Жаңадан ашқан мектептері қай қалаларда ашылды?
10. Ыбырай атамыздың қандай өлеңдері, төл әңгімелері, аудармалары бар?
11. Ыбырай Алтынсарин өмірінің соңына дейін қай салада кім болып жұмыс жасаған? Нешінші жылы өмірден озды?

ІІІ. Жаңа сабақ
Жүрегімнің түбіне терең бойла
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

1. Қазақтың бас ақыны Абай өміріне қысқаша шолу.
Абай Құнанбаев 1845 жылы, тамыз айында Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыс тауында дүниеге келген.

2. Табиғат – адам баласының өмір сүретін ортасы.
Абайдың төрт мезгілі жайлы өлеңдері ақынның орыс поэзиясын тереңдеп оқып, үлгі тұтқан кездерінде жазылған.

3. «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқу
Ақ киімді, денелі ақсақалды
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды
Үсті - басы үскірік, аяз бен қар
Басқан жері, сықырлап келіп қалды

4. Өлең құрылысына сатылай кешенді талдау жүргізу
Өлеңнің авторы: Абай Құнанбаев
Тақырыбы: Қыс
Мағыналық мәні:
- Негізгісі – мезгілді;
- Туындысы – іс – әрекетті білдіреді.
Жанр түрі: Өлең
Әдісі: кейіптеу әдісімен жазылған
Кейіптеу – жансыз затқа, құбылысқа жан бітіре суреттеу
Өлең құрылысына қарай: 6 шумақ
5 шумағы төрт тармақ, соңғысы 2 тармақ
3 бунақ
11 буын
1 шумағы қара өлең ұйқасы, қалған шумақтары аралас ұйқаста жазылған.

5. Ойтолғау: Қыс сипаты

6. Венн диаграммасы арқылы қыс мезгілі мен жаз мезгілін салыстырамыз, антонимдік жұп арқылы

7. Ой сергіту: Сөзжұмбақ Абай атамыздың атымен байланысты
----қ а р А ш ұ н а қ
ө с к е н Б а й
---------т А м ы з
---------а Й г е р і м

1. Құнанбайдың Абайға еркелетіп қойған аты?
2. Абайдың атақты би – атасы
3. Абай қай айда дүниеге келген?
4. Абайдың асыл жары

ІҮ. Қорытынды
- Жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз;
- Адамгершілікпен арлылық, махаббат пен зұлымдық туралы білігіңіз келсе, Абайды оқыңыз;
- Өмір мен өлім, адам жанының қалтарыстарымен сырлары туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз;
- Тіршілікті мәңгі сауалдарына жауап іздеп, он сегіз мың ғаламның құпиясы туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.

Ү. Бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма: «Қыс» өлеңін жаттап және өлең құрылысына талдау жасау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 210
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысу. Табиғатқа деген сыйластығы, оларға қамқорлықпен қарауға үйренеді.
Абай Құнанбаев "Қыс" өлеңі
Абай Құнанбаев "Қыс" өлеңі
Абайдың өмірі мен шығармашылығы және табиғат лирикасына деген сүйіспеншілігі туралы түсіндіру. «Қыс» өлеңінің мазмұнын игеру, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру;
Cегіз аяқ өлеңі
Cегіз аяқ өлеңі
Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының өнегелі өмір жолына шолу жасап, шығармашылығы жайлы жан - жақты білім беру; ұлы ақынның өмірін өнеге тұтып, оқушыларды адами қасиеттерге баулу, өзін - өзі ұстай білуге, адамгершілікке, жауапкершілікке
Абай Құнанбаев «Күз» өлеңі
Абай Құнанбаев «Күз» өлеңі
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Хазретовка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жұбаниязова Г.Е
Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Ақмола облысы, Астана қаласы, Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баймаганбетов Руслан Тлепович
Табиғат лирикасы
Табиғат лирикасы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матниязова Айнур
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×