Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


А. Құнанбаевтың табиғат лирикасы

12 маусым 2018, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаевтың табиғат лирикасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: А. Құнанбаевтың табиғатқа байланысты өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшелігін меңгерту. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын, ой - өрісін дамыту. Оқушыларды өз ойын айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды табиғаттағы тіршілік иелерінің әсемдік, әдемілік сипаттарын тануға, оларды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ақынның портреті, өлеңдер жинағы, әндері, табиғатқа байланысты суреттер, кесте, сөзжұмбақ, презентациялар, кластер, флипчарт.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту, іздену.
Сабақтың әдісі: сатылай кешенді талдау, мәнерлеп оқу, түсіндіру, талдау - жинақтау, топтық, ұжымдық жұмыс.

Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру. Оқушының өз қалауы бойынша:
1) Өлеңдерді мәнерлеп оқу.
2) Презентация. «Абай Құнанбаев»
3) Кластер. «Абай кім?»
4) Абайдың әнін орындау

Сынып 4 топқа бөлінеді:
1 - топ. «Жазғытұры» Тапсырмалары: 1) «Жазғытұры» өлеңін мәнерлеп оқу.
2) Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау. 3) Жыл мезгілдерінің белгілерін салыстыру.
2 - топ. «Күз». Тапсырмалары: 1) «Күз» өлеңін мәнерлеп оқу. 2) Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау. 3) Жыл мезгілдерінің белгілерін салыстыру.
3 - топ. «Қыс». Тапсырмалары: 1) «Қыс» өлеңін мәнерлеп жатқа оқу. 2) Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау. 3) Жыл мезгілдерінің белгілерін салыстыру.
4 - топ. «Желсіз түнде жарық ай». Тапсырмалары: 1) «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін мәнерлеп жатқа оқу. 2) Өлеңге сатылай кешенді талдау. 3) Жыл мезгілдерінің белгілерін салыстыру.

Жаңа сабақ.
Бір туатын ғасырда... рабайда,
Мен ешкімді теңемен ұлы Абайға. (Иран - Ғайып)

Біз бүгін қазақтың жазба әдебиеті тілінің негізін салушы, теңдесі жоқ ақын, өзгелерден ерекше, ұлы Абайдың табиғат лирикасын өтеміз. Табиғат – адамның еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Табиғат туралы әлем ақындарының бәрі де жырлаған.
- Сонымен, балалар, Абайдың табиғат лирикасына арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?
- «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай».
- Біз бүгін А. Құнанбаевтың табиғатқа арнап жазған «Күз», «Қыс», «Жазғытұры», «Желсіз түнде жарық ай» өлеңдерін оқып талдаймыз.

1. Өлеңдерді мәнерлеп оқу.
Жазғытұры
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан - жануар, адамзат анталаса,
Ата - анадай елжірер күннің көзі.

Түйе боздап, қой қоздап - қорада шу,
Көбелек пен, құстар да сайда ду - ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.

Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал - кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш, қурай.

Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Бурадай бұрқ - сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

2. Өлеңдерге сатылай кешенді талдау
Жазғытұры
1. Авторы – А. Құнанбаев
2. Тақырыбы – жазғытұры мезгіліне тән көрініс
3. Жанр түрі – поэзия
4. Идеясы – жыл мезгілінің жанға жайлы, еңбекке қолайлы екендігін дәріптейді
5. Шумақ – 2 шумақты
6. Тармақ – 8 тармақты
7. Бунақ – 3 бунақты
8. Буын саны – 11 - 12 буынды
9. Ұйқас түрі – қара өлең ұйқасы (а - а - б - а)
10. Әдеби теориялық ұғымдар:
Эпитеттер – жоқ
Теңеулер – масатыдай, ата - анадай
Кейіптеулер – ата - анадай елжіреп күннің көзі
11. Сөздік жұмысы.
Жазғытұры – көктем
Сыз - суық
Масаты – қымбат мата
12. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні.
Адамдарды табиғатпен бірге құлпыруға, еңбек етуге тәрбиелейді.

А. Құнанбаевтың табиғат лирикасы. жүктеу
14 179
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абайдың табиғат лирикасы
Абайдың табиғат лирикасы
Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдерін мазмұнын меңгерту, адам мен табиғат арасындағы байланыс туралы түсінік беру.
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысу. Табиғатқа деген сыйластығы, оларға қамқорлықпен қарауға үйренеді.
Абайдың өлеңдері
Абайдың өлеңдері
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «Н. Г. Чернышевский атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп» Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмағұлова Бибінұр Бекенқызы
Сабырсыз, арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
Сабырсыз, арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жанғазиева Аққайша Сағадиқызы
Абайдың табиғат лирикасы
Абайдың табиғат лирикасы
РФ Алтай Республикасы, Қосағаш ауданы қазақ тіл мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Актанова Токжан Мудиновна
Күз Абай Құнанбаев
Күз Абай Құнанбаев
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Үңгітбаева Нұргүл Рамазанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×