Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абайдың табиғат лирикасы

29 қаңтар 2014, Сәрсенбі
Қазақ әдебиеті 10 сынып
Тақырыбы: "Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасы"

Білімділік мақсаты׃ Оқушыларға Абай өлендерін орыс классиктерінің өлеңдерімен салыстыра отыра терең меңгерту, жатқа айту, өлеңдерді талдау машығын жетілдіру, теориялық ұғымдарды түсіндіру, этнографиялық танымдарды кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты ׃ Оқушыларға эстетикалық, экологиялық тәрбие беру,
олардың поэзия, саз өнері, бейнелеу өнері секілді көркем өнер
дүниесіне сүйіспеншіліктерін арттыру. Абай ұлылығын терең сездіру,
туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты ׃ Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, өлеңдерді сатылай кешенді талдау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Сабақ түрі аралас
Әдіс-тәсілі баяндау, әңгімелеу, салыстыру, талдау
Пәнаралық байланыс орыс әдебиеті, тарих, табиғаттану, халық ауыз әдебиеті, музыка
Көрнекілік компьютер, слайдтар, суреттер
Сабақ барысы I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдау

II. Өткенді пысықтау.
Кластер әдісімен өткенді пысықтау. Абай туралы не білетінін анықтау
Абай

Ұлы ақын, аудармашы, философ, ойшыл, сыншы, сазгер
Хронологиялық хат жазу
1. 1845 жылы
2. 10 жас
3. 3 ай
4. 1870 жылы
5. 1882 жылы
6. 46
7. 1904 жылы

1. Абай қай жылы туған? (1845 жылы 10 тамыз.)
2. Туған жерінің аты. (Семей облысы. Шыңғыстау тауының бөктері.)
3. Абайдың шын аты кім еді? (Ибраһим.)
4. Абайдың әжесінің аты кім? (Зере.)
5. Абайдың арғы аталары кімдер? (Өскенбай, Ырғызбай. )
6. Шешесінің аты кім болған. (Ұлжан.)
7. Құнанбай неше әйелді болған? (4 әйелді.)
8. Абайдың дүниеге көзін ашқан кім еді? (Михаэлис.)
9. Абай неше жасқа дейін оқыған (13 жас.)
10. Семейдегі Абай оқыған медресе қалай аталған? (Ахмет - Риза.)
11. Абайдың руы қаңдай? (Тобықты.)

Слайдтан Абай Құнанбаевтың өмірбаяны

III. Жаңа тақырыпты игерту
Слайдтан табиғат суреттерін - әр жыл мезгілін көрсету. Демек, бүгін біз не жайында сөз етпекпіз? Дұрыс табиғат туралы. Енді бұл сөзді естігенде ойларыңа қандай сөздер келеді?
Табиғат сөзіне ассоциация
«Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау - ана сүтін ақтамағанмен бірдей»
«Табиғат - поэзия бұлағы» (М. Әуезов)
Не то, что мните вы, природа:
Не слепок, не бездушный лик;
В ней есть душа, ней есть свобода,
В ней есть любовь, в ней есть язык (В. Белинский)
В любой травинке сыщется душа,
И не бездушны кедры - исполины…
Земля родная, как ты хороша
И дорога от кочки до вершины!
(А. Адаров алтай халқының ақын - жазушысы)

Табиғат – адам өмір сүрер тіршілік етер ортасы. Онсыз өмір жоқ. Міне, осы табиғат көріністерін, оған бөлінген қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс - хәлді суреттеуге Абайдың көптеген өлеңдері арналған және Абайдың бұрын табиғат көріністерін мұншалық терең әрі жан - жақты жырлаған ақын болған емес. Біз бүгін Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты «Қыс», «Жазғытұры», «Күз», «Жаз» « Қараша, желтоқсан, сол бір - екі ай» өлеңдерін оқып, талдаймыз. Бұл өлеңдерін ақын 1886 - 1890 жылдар аралығында жазған.
Абайдың жылдың төрт мезгілі туралы жазылған өлеңдері бейнеті мен азабы мол мал баққан шаруаны баянсыз көшпелі ауылды көрсететін сұлу шығармалар болып табылады. Табиғатқа жан бітіруге ұлы Абай өзінің орыс классиктерінен үйренген.
Абайдың табиғат лирикасы жалаң келмей, жамыраңқы келеді. Оның пейзажы қимылға, адаммен қарым - қатынасқа, мағыналыққа толы. Абайдың пейзажы біздің қанымызға дарып, санамызға сіңіп кеткен. Көктем келсе, біз Абайдың сөгілген бұлтын, ойнаған найзағайын еске аламыз. Жаз шықса, біз Абайдың көкорай шалғынына аунағандай боламыз. Күз болса, біз Абайдың дымқыл су бүріккен тұманына шомылғандай әсерленеміз. Қыс түссе, біз қалтыраған ақ сақалды шалды көз алдымызға елестетеміз. Абайдың самалы, сағымы, желі, жаңбыры, үскірігі, аязы баяғы күйінде тұрғандай сезінеміз. Оның байлығы баршамызға жетіп жататындай. Абайдың бір ұлылығы осында.
Екі оқушы Абайдың « Жаз» бен « Күз» өлеңдерін жатқа айтады. Мазмұнына тоқталу.
Сөздік жұмысы
Жалаң – отдельный
Жамыраңқы – многогранный
Дарып – внедряться
Көкорай шалғын – луг
Бүріккен – брызгать
Әсерленеміз – вдохновиться
Самалы – ветерок
Сағымы – мираж
Үскірігі – лютый мороз

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 842
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай Құнанбайұлы «Ғашықтық құмарлықпен – ол екі жол...» өлеңі
Абай Құнанбайұлы «Ғашықтық құмарлықпен – ол екі жол...» өлеңі
Абай ұлылығын терең сезіндіру, оқушыларға Абайдың махаббат лирикасына жататын өлеңдері тақырыбы жағынан, көркемдік сипат - өзгешелігін терең меңгерту, жатқа айту, өлеңді талдау машығын жетілдіру;
А. Құнанбаевтың табиғат лирикасы
А. Құнанбаевтың табиғат лирикасы
Абай Құнанбаевтың табиғатқа байланысты өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшелігін меңгерту. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру.
Абай Құнанбайұлы. «Ғашықтық құмарлықпен – ол екі жол...» өлеңі
Абай Құнанбайұлы. «Ғашықтық құмарлықпен – ол екі жол...» өлеңі
Абай Құнанбайұлы. «Ғашықтық құмарлықпен – ол екі жол...» өлеңі. Абай ұлылығын терең сезіндіру,
Абайдың өлеңдері
Абайдың өлеңдері
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «Н. Г. Чернышевский атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп» Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмағұлова Бибінұр Бекенқызы
Абайдың табиғат лирикасындағы физикалық құбылыстар
Абайдың табиғат лирикасындағы физикалық құбылыстар
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Касенова Ж. О Физика пәнінің мұғалімі: Осипова Ақбаян Айдархановна
Абайдың табиғат лирикасы
Абайдың табиғат лирикасы
Түркістан қаласы, № 15 М. Жұмабаев атындағы мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Өмірәлиева Майя Жетыбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×