Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тахауи Ахтанов "Күй аңызы"

20 қараша 2013, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Т. Ахтанов «Күй аңызы» 8 сынып.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Аңыз, күй туралы төменгі сыныпта алған білімдерін еске түсіру, шығарма идеясын ашу, әңгіме мұратын ұғындыру;
Дамытушылық: Аңыз және күй аңызы түрлерін ажырата білуге үйрету, оқушылардың ойын, тілін дамыту;
Тәрбиелік: оқушылардың өнерге деген эстетикалық қызығушылықтарын арттыру, өнерге, өнер адамына деген құрмет сезімін қалыптастыру, халқымыздың мәдени мұрасының дамуына үлес қосуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың өту әдісі: есе түсіру, сұрақ - жауап, мағлұмат беру, ой қозғау, салыстыру, іздендіру.

Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру бөлімінде оқушыларды сабақтың жоспарымен таныстырып өтемін.
Жоспары:
1. Қайталау - білім анасы.
2. Көкпар(сұрақ - жауап)
3. Біле бергім кееді, біле бергім...
4. Семантикалық карта.
5. Венн диаграммасы.
6. Білімді бекіту. «Кім жылдам?»
7. Сабақты қорыту.
8. Бағалау.

1. Қайталау - білім анасы.
Жазушы Тахауи Ахтанов туралы естеріне түсіре отырып, қайталау.
• Тахауи Ахтанов қай жылы, қай жерде дүниеге келген?(1923 - 1994)
• 1956 жылы жарық көрген тұңғыш кітабы қалай аталады?(Қаһарлы күндер)
• Тағы басқа қандай кітаптары бар?(«Махаббат мұңы», «Дала сыры», «Шырағың сөнбесін», «Ана даусы»
• Қандай әңгімелері бар?(«Алғашқы ән», «Ол солай еді», «Алыстан жеткен сарын»

2. Көкпар(сұрақ - жауап)
1) Қазақ халқының қандай ұлттық аспаптары бар?(Домбыра, қобыз, шаңқобыз, дабыл, дауылпаз, сазсырнай, т. б.)
2) Күй дегеніміз не?
3) Күйдің қандай түрі бар?
4) Күйші дегеніміз кім?
5) Қазақты қандай күйшілерін білесіңдер?
6) Аңыз дегеніміз не?

3. Біле бергім келеді, біле бергім...
Мұғалім сөзі: Қазақтың саз аспаптары - ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра. Халық өз өмірінде болған оқиғалар мен тіршілік тынысына табиғат сұлулығына тебірене көңілінен арып шыққан төл туындыларын сазды аспаптар арқылы бейнелеп отырған. Күй жанрында халықтың өткендегі өмірі мен тұрмыс - тіршілігі, әдет - ғұрып, салт - санасы, дүниетанудағы көзқарасы, арман - тілегі, т. б. толғанады. Домбыраны халқымыз қастерлеп, серік еткен өнер адамдарына ерекше құрмет көрсеткен. Домбырамен орындалатын күй өнерінде табиғат құбылыстары, аңыз ертегілер, тарихи оқиғалар, т. б. суреттеледі.
Қазақ халық аспаптық музыкасының ішінде күй жанры ерекше феномен деп саналады. Ол Тәттімбет, Құрманғазы, Қорқыт, Махамбет, Дәулеткерей, Ықылас, Абыл, Байсерке, Сейтектердің ғажайып күйлерінен бастап, Нұрғиса Тілендиев, Секен Тұрысбековтердің тамаша күйлеріне дейін ұзақ эволюциялық жолдан өтіп, қазақ халқының сан - салалы тыныс тіршілігі мен өмірін домбыра мен қобыздың сиқырлы тілімен жеткізе біледі. Күйші - композиторлар өз туындыларын туған халқының ішкі психологиялық жан дүниесін, дүниеге көзқарасын бейнелейді.
Күй жанры - қазақ музыка шығармаларының ішіндегі ең ірі жанырының бірі. Ал аңыз туралы, оның түрлері туралы сызбадан көруге болады.
Аңыз

Тарихи (Кенесары, Жошы хан, т. б.)
Топанимикалық(Жер - су атауына байланысты)
Шежірелік(ру, тайпа, жүз)

Күй аңызы

Мифтік
Әфсаналық
Хикаяттық
Жағдаяттық

4. Семантикалық карта.
Оразымбет, Нар, Жаңыл, Естемес
Кейіпкерлер портреті
● Әдемі дөңгелек қара сақалды, тарамыс денелі, биік, дөңес мұрынды, кішілеу өткір қоңыр көзді, қатқыл өңді, қағылез кісі.
● Түрі жүдеу, бүйірі солған, өркеші қисайған, тамыры қураған ағаштай семген, ірі тұлғалы, жас толы үлкен мөлдір көзді мүсәпір бейне.
● Қою қара қасты мөлдіреген қара көзді, дөңгелек жүзді, қара торы, талдырмаш денелі.

5. Венн диаграммасы.
● Күй Қазақтың ұлттық аспаптарымен орындалатын әуен
● Аңыз Ертеректе өмір сүрген адамдар, жер - су, мекен жайлы айтылатын ауызша проза үлгілері
● Қазақ халқының өткен өмірінен хабардар етеді.

6. Білімді бекіту. «Кім жылдам?»
Оқушыларға нөмірленген қима қағаздар үлестіріледі. Сол бойынша әңгімеге қатысты сұрақтар қойылады.

7. Сабақты қорыту.
Күй аңызы

♦ Тарихи
♦ Жағдаяттық

Күйші – Сазгер, күй тартады, домбырамен орындайды, сыбызғымен орындайды, қобызбен орындайды
8. Бағалау. Белсене қатысқан оқушылар білімін бағалау.
9. Үй тапсырмасы. Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
29 092
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
Күй - музыкалық жанр, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында орындалатынын біледі; Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы және адамгершілікке баулу, білім алу, еңбек ету.
Тахауи Ахтанов "Күй аңызы"
Тахауи Ахтанов "Күй аңызы"
Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу, шығарманың тақырыптық - идеялық мазмұнын, құрылымдық және көркемдік ерекшелігін танытып, күй өнерінің құдіретін ұғындыру.
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесін талдау
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесін талдау
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, №14 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сундетбаева Оразгул Ибрайымовна
Тахауи Ахтанов “Күй аңызы” әңгімесі
Тахауи Ахтанов “Күй аңызы” әңгімесі
№194 орта мектебінің мұғалімі Мақұлбекова Жамал
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
Астана қаласы, № 45 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мухтарова Гульжайнар Кабдолдиновна
Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесі
Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесі
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×