Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тахауи Ахтанов "Күй аңызы"

10 ақпан 2016, Сәрсенбі
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы,
Қараөзен мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тасқалиева Альбина Ерболатқызы

Қазақ әдебиеті 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов. «Күй аңызы». Шығарманың құрылымы және көркемдік ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты:
a) Білімділік: Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу, шығарманың тақырыптық - идеялық мазмұнын, құрылымдық және көркемдік ерекшелігін танытып, күй өнерінің құдіретін ұғындыру.
ә) Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылық тұрғыдан дамыта отырып, шығарма кейіпкерлеріне жан - жақты талдау жасап, кейіпкерлерге сын тұрғысынан баға беріп, өз ой - пікірін білдіруге дағдыландыру.
б) Тәрбиелік: Еркін сөйлеуге, ашық пікір айта білуге баулу, өнер иелеріне деген саналы көзқарасын арттыру; халқымыздың мұраларын біліп, құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: бекіту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың әдісі: тест, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, талдау, ой қозғау, сергіту.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, интербелсенді тақта, қазақ халқының ұлттық аспаптары, жауап парақшалары.
Пәнаралық байланысы: қазақ тілі, биология, музыка.
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру.
ІІ Үй жұмысын сұрау.
ІІІ Оқулықпен жұмыс.
IV Топтық жұмыс.
V Ой қозғау.
VI Сабақты бекіту.
VII Үй тапсырмасы.
VIII Бағалау.
IX Қорытындылау.

ІІ Үй жұмысын сұрау.
1. Тахауи Ахтанов шығармашылығы.
2. «Күй аңызы» шығармасы.
3. Түйе малына биологиялық сипаттама.

Тақырыптық тест.
1. Тахауи Ахтанов қай жылдары өмір сүрген?
А) 1911 - 1955 ж.
Ә) 1923 - 1994 ж.
Б) 1897 - 1961 ж.
2. Тахауи Ахтанов соғыста неше рет жараланған?
А) 3.
Ә) 4.
Б) 5.
3. Алғашқы өлеңдері қандай жинақта жарық көрді?
А) «Кең арна».
Ә) «Халық сапары».
Б) «Жастар даусы».
4. «Қаһарлы күндер» романы қашан жарық көрді?
А) 1946 ж.
Ә) 1956 ж.
Б) 1966 ж.
5. Абайтану мәселелері жайында жазған мақаласы:
А) «Кең арна».
Ә) «Қаһарлы күндер».
Б) «Азапты сапарда».
6. Ақынға «Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық» берілді:
А) «Дала сыры» повесі үшін.
Ә) Күйшілігі үшін.
Б) Аудармалары үшін.
7. Қаламгердің драмалық туындысын тап.
А) «Кең арна».
Ә) «Күшік күйеу».
Б) «Күй аңызы».
8. «Күй аңызында» қай күйдің шығуы баяндалады?
А) Наридірген.
Ә) Бозінген.
Б) Жұмыр қылыш.
9. «Күй аңызы» шығармасындағы қарт күйшіні тап.
А) Оразымбет.
Ә) Естемес.
Б) Есіркеп.
10. «Әкемнің ұлы жоқ, айып етпеңіздер». Сөз иесін тап.
А. Ақсақал.
Ә) Жаңыл.
Б) Оразымбет.
Дұрыс жауаптар кілті.
1) Ә. 2) Ә. 3) Б. 4) Ә. 5) А. 6) Ә. 7) Ә. 8) Б. 9) Ә. 10) А.

ІІІ Оқулықпен жұмыс.
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы». Шығарманың құрылымы және көркемдік ерекшеліктері.
Әңгіменің композициялық құрылымын талдау.
Тақырыбы: «Наридірген» күйі.
Идеясы: Өнер адамдарын құрметтеп, халқымыздың ұлттық бояуын
танытатын өнерімізді қадірлеп, бойтұмардай сақтауға, келешек ұрпаққа насихаттай білуге шақырады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 872
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
Күй - музыкалық жанр, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында орындалатынын біледі; Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы және адамгершілікке баулу, білім алу, еңбек ету.
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесін талдау
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесін талдау
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, №14 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сундетбаева Оразгул Ибрайымовна
Тахауи Ахтанов “Күй аңызы” әңгімесі
Тахауи Ахтанов “Күй аңызы” әңгімесі
№194 орта мектебінің мұғалімі Мақұлбекова Жамал
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
Астана қаласы, № 45 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мухтарова Гульжайнар Кабдолдиновна
Тахауи Ахтанов "Күй аңызы"
Тахауи Ахтанов "Күй аңызы"
ШҚО. Глубокое ауданы, Алтайский кенті “Жаңа Ертіс орта мектебі” КММ Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Маманова Ақерке Мейрамғазықызы
Тахауи Ахтанов “ Күй аңызы” әңгімесі
Тахауи Ахтанов “ Күй аңызы” әңгімесі
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы, Мәншүк Мәметова орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Саулебек Оспанжан Мырзабайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×