Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»

19 қаңтар 2014, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
Сыныбы: 8 «а»
Сабақтың мақсаты: 1. Көркем туындының мазмұны мен тақырыбын жан - жақты талдап, түсіндіру, оны басқа ақын – жазушылардың шығармасымен салыстыру.
2. Оқушы бойында адамгершілік сезім мен гуманистік идеяны қалыптастыру; туған жерге, төл әдебиетімізге сүйіспеншілігін арттыру.
3. Оқушының шығармашылық ойлау қабілетін, көркем сөйлеу тілін дамыту; шығармаға талдау жасату.

Сабақтың әдісі: ой шақыру, топтастыру, ассоциация, еркін ойлау әдісі, Эдвард де Боно “6 ойлау шляпасы” әдісі.
Көрнекілік: Т. Ахтанов портреті, 6 түсті шляпа, кроссворд, буклет.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен амандасу, түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларды 6 топқа бөліп, топ бойынша отырғызу. Эдвард де Боно “6 ойлау шляпасы” әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.
Ақ қалпақтылар: ақпараттық фактілер (Шығарма қай жылы жазылған, авторы кім? Шығармада көтерілген мәселе қандай?)
Қызыл қалпақтылар: кейіпкерлерге мінездеме
Сары қалпақтылар: Бақтығұл жеткен жетістіктер...
Қара қалпақтылар: Жағымсыз кейіпкерлер, олардың әрекеті, тигізген зияны.
Жасыл қалпақтылар: «Келешектен хат» Тұрар Рысқұловқа хат.
Көк қалпақтылар: Жалпы жоспарын жасау

Жаңа сабаққа көшер алдында оқушылармен сөз жұмбақ шешу.
1. Мұхтардың рухани қазынасы; өмірдегі, өнердегі ұстазы кім?
2. Мұхтардың әкесі кім?
3. 1928 жылы Мұхтар Әуезов қай қаланың университетін тәмамдады?
4. «Қараш – Қараш оқиғасы» романының жазылуына негіз болған мемлекет қайраткері кім?
5. Үзіндідегі Сәттің інісінің аты кім?
6. Сәлмен байдың ауылы, елі қалай аталады?
7. Романнан кіші, әңгімеден үлкен прозалық жанр?
Жауабы: 1. Абай, 2. Омархан, 3. Петербор, 4. Тұрар, 5. Сәлмен, 6. Қозыбақ, 7. повесть
Ассоциация: Тахауи Ахтанов туралы мәліметті тыңдау.

«Күй аңызы» қысқаша мұғалім сөзімен мазмұнын баяндау.
Топпен жұмыс:
1 – топ. Екі жолаушы портреті.
2 - топ. Күй туралы, күйші туралы ой.
3 – топ. Ботасы өлген аруана.
4 – топ. Жаңыл портреті.
5 – топ. Екі күйшінің өнерін салыстыру
6 – топ. «Нар идірген» күйінің тууы.
Еркін ойлау әдісі:
Жамал дұрыс жасады.... Жамал дұрыс жасамады...
Аргумент: «Тең теңімен...» аргумент: «Өнерді орға жығу»
Оқушылар жұмысын бағалау.
Үйге тапсырма: Т. Ахтанов «Күй аңызы» мазмұндау, жоспар құру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 990
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық құндылықтар (Алты қалпақ әдісі)
Ұлттық құндылықтар (Алты қалпақ әдісі)
Ұлттық құндылықтар туралы әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар төңірегінде ой қорыту, өздерінің “ойларын білдіру”.
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
Күй - музыкалық жанр, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында орындалатынын біледі; Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы және адамгершілікке баулу, білім алу, еңбек ету.
5 әдістен - 50 әдіске
5 әдістен - 50 әдіске
1. «Миға шабуыл» (әдіс) 2. «Шаттық шеңбері» (сергіту сәті) 3. «Ақылдың алты ойлау қалпағы» Эдвард де Боно бойынша 4. «Гүлмен тілек» (сергіту және топқа біріктіру) 5. «Сұраққа жетіп ал» әдісі
Тахауи Ахтанов "Күй аңызы"
Тахауи Ахтанов "Күй аңызы"
Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу, шығарманың тақырыптық - идеялық мазмұнын, құрылымдық және көркемдік ерекшелігін танытып, күй өнерінің құдіретін ұғындыру.
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесін талдау
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесін талдау
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, №14 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сундетбаева Оразгул Ибрайымовна
Тахауи Ахтанов “Күй аңызы” әңгімесі
Тахауи Ахтанов “Күй аңызы” әңгімесі
№194 орта мектебінің мұғалімі Мақұлбекова Жамал
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×