Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесін талдау

17 ақпан 2015, Сейсенбі
Әдебиет (8 - сынып)

Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесін талдау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға көркем шығарманы оқыту арқылы әнгіменің мазмұнын аша білу, кейіпкерлер бейнесін жан - жақты аша білу;
Дамытушылық: озық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың өзіндік пікірін қалыптастыру, ауызша және жазбаша тіл байлығын дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды халқымыздың мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: СТО, СКТ.
Сабақтың әдісі: талдау, салыстыру, іздендіру, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, портрет, слайдтар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Сабақтың өту барысы.
1. Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу; оқушы зейінін сабаққа аудару.
2. Үйге тапсырма: Т. Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесі

Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Балалар, біз өткен сабақта Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесімен таныстық. Сонымен қатар жазушының қаламынан туған «Сәуле», «Боран», “Ант», «Әке мен бала», «Махаббат мұңы» драмалары, т. б. шығармаларының бар екендігінен хабардар болдыңдар. Жазушының алғашқы әңгімесі - «Күй аңызы» әңгімесі екенін өткен сабақта айтқан болатынбыз.
Балалар, әңгіме өзегі өздеріңе таныс. Әңгіме желісі бойынша мынадай топтық жұмыстар жүргіземіз. Бұл үшін сыныптағы оқушылар үш топқа бөлінеді.
І топ: «Күй аңызы» әңгімесінің авторы, тақырыбы, эпикалық жанр түрі, әңгіменің негізгі идеясы мен кейіпкерлер бейнесіне тоқталады.

«Күй аңызы» әңгімесі
Авторы – Тахауи Ахтанов.
Тақырыбы – Өнер тақырыбы, күй өнерінің құдіреті
Эпикалық жанр түрі – әңгіме.
Идеясы – Күй өнерінің құдіретін ұғынып, өнер адамын дәріптеу.

Кейіпкерлер бейнесі:
Жағымды кейіпкерлер: Естемес, Оразымбет, Жаңыл, қария
Жағымсыз кейіпкерлер жоқ.

ІІ топ: Шығарманың композициялық құрылысына талдап, әңгімені қысқаша мазмұндау. Әңгіменің тәрбиелік мәнін ашу.
Шығарманың композициялық құрылысы:
Басталуы. Қос салт атты.
Байланысуы. Жырада кездескен жалғыз нар.
Дамуы. Өрге шыға алмай тайғанақтаған күй.
Шиеленісуі. Әлденеге талпынған көңіл құрғыр...
Шарықтау шегі. Естемес күйшінің елде жоқ қолқа салуы.
Шешімі.”Нар идірген ” күйінің өмірге келуі.

ІІІ топ: Шығарманың көркемдік әдісі мен әдеби теориялық ұғымдармен жұмыс.
Баяндау – Әдеби шығарманың оқиғасын желілі түрде көркемдеп әңгімелеуді баяндау дейміз.
Суреттеу – жазушы кейде шығарма оқиғасын баяндау барысында оқиғаның болған жерімен, оқиғаға қатысушы кейіпкерлерімен, олардың жеке басына тән ерекшеліктерімен, оларды қоршаған ортамен таныстырады. Мұны суреттеу дейміз.
Портрет - Көркем шығармада кейіпкердің сырт тұлғасын, бет - әлпетін суреттеуді портрет дейміз.
Монолог - шығармадағы адамның ішкі ойы.

Диалог – Көркем шығармада кейіпкерлердің кезектесіп сөйлесуін диалог дейміз.
Теңеу – жібектей майысып, балшықтан құйғандай, сүйріктей саусақ, оңып кеткен шүберектей.
Эпитет – өткір қоңыр көзді, мүсәпір бейнесі, жұмсақ әуен бояуы.
Түсіндірме сөздік:
Таспадан “Нар идірген” күйінің шығу тарихын тыңдату.

Ширату сұрақтары.
1. Неліктен әңгіме Күй аңызы деп аталған?
2. Аңызға айналған қандай күйлерді білесіңдер?
3. Ботасы өлген аруана Естемес күйшіге қалай әсер етті?
4. Естемес күйшінің күй өнері туралы пікірі қандай?
5. Оразымбетке қандай мінездеме берген болар едіңіздер?
6. Әкемнің ұлы жоқ, айып етпеңіздер. Жаңылға қандай мінездеме берер едіңіздер?
7. Өлімнен ұят күшті. Шалға қандай мінездеме берер едіңіздер?
8. Естемес күйшінің жүрегін бүлк еткізер, көңілі құрғыр әлденеге талпынтқан не?
9. “Екі күйші, өнерлеріңді бірге салыңдар” деген қыз сөзінің астарында не бар еді? Немесе күйші Естеместің “Заманым өткен екен ғой” деп аһ ұруы нені білдіреді?
10. Жаңылдың іс - әрекетіне көз қарасыңыз қандай?

Сабақты бекіту.
Оқушыларға шығармашылық тапсырма: «Бүгінгі сабақтан алған әсерім…”
Қорытынды
Үйге тапсырма.
“Қазақ күй өнері” деген тақырыпқа шығарма жазып келу.
Бағалау.
35 790
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
Күй - музыкалық жанр, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында орындалатынын біледі; Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы және адамгершілікке баулу, білім алу, еңбек ету.
Тахауи Ахтанов "Күй аңызы"
Тахауи Ахтанов "Күй аңызы"
Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу, шығарманың тақырыптық - идеялық мазмұнын, құрылымдық және көркемдік ерекшелігін танытып, күй өнерінің құдіретін ұғындыру.
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
Тахауи Ахтанов 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады.
Тахауи Ахтанов “Күй аңызы” әңгімесі
Тахауи Ахтанов “Күй аңызы” әңгімесі
№194 орта мектебінің мұғалімі Мақұлбекова Жамал
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
Астана қаласы, № 45 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мухтарова Гульжайнар Кабдолдиновна
Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесі
Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесі
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×