Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістік категориясынан өтілген материалға жаттығу жұмыстары

08 ақпан 2014, Сенбі
1. Сабақтың тақырыбы: Етістік категориясынан өтілген материалға жаттығу жұмыстары
2. Сабақтың түрі: Семинар сабағы.
3. Сабақтың білімдік мақсаты: Етістік категориясының лексика – грамматикалық ерекшелігін, сөз топтарының ішінде формаға бай категория екендігін, басқа сөз топтарынан өзіндік қандай ерекшеліктері барлығын оқушылардың меңгергендігін семинар сұрақтарын талдау арқылы көз жеткізу, етістік категориясы бойынша сатылай комплексті талдаудың толық үлгісін көрсету.
4. Сабақтың әдісі: а) ауызша баяндау,
ә) зерттеу,
б) жүйелеу,
в) сұрақ – жауап,
г) қайталау,
ғ) тілдік талдау,
д) тіл ұстарту.
5. Сабақтың дамыту мақсаты: а) семинар сұрақтарын өз бетінше әзірлеуге баулу; ә) лекцияда берілген теориялық материалды тұжырымдап, сызба – кестеге түсіруге үйрету; б) сызба – кестені басшылыққа ала отырып, материалды жүйелі, ғылыми стильде баяндау дағдысын қалыптастыру.
6. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: ұлттық мінез, ұлттық тәрбие, ұлттық үлгі – өнеге, ұлттық намыс жайлы ата – бабаларымыздың айтып кеткен қанатты сөздерін, әңгімелерінен үзінді алып, жаттығу жұмыстарын жүргізу ұлағатта сөздердің мән – мағынасын жете түсіндіру.
7. Сабақтың көрнекілігі: а) кесте,
ә) сызба,
б) карточкалар.
8. Сабаққа қажетті оқулықтар, оқу құралдары:
а) Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы. – 1991.
9. Сабақта орындалатын жаттығудың түрлері:
а) теориялық материалдарды бекіту жаттығулары,
ә) тілдік объектілерді ажырату жаттығулары,
б) тілдік объектілерді дәлелдеу жаттығулары,
в) тілдік объектілерді талдау жаттығулары,
г) тіл ұстарту жаттығулары.
10. Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі, яғни, оқушылардың сабаққа әзірлігі тексеріліп, зейіндерін сабаққа аудару.
2. Семинар сұрақтары бойынша оқушыларды топ – топқа бөліп, теориялық материалды қайталау. Сабақты жүйелі түрде өткізу үшін «Етістікке» арналған (17) кесте басшылыққа алынады. Кестеде көрсетілген жүйе бойынша әр топқа «Етістіктің категориялары бөлініп беріледі:
а) Бірінші топ – етістіктің мағыналық жақындықтары жағынан жіктелу ерекшеліктерін, лексика – грамматикалық мағынасы мен синтаксистік қызметі жағынан жіктелуін қарастырады;
ә) екінші топ – етістіктің морфологиялық құрылымын, етістіктің мағыналық топтарын қарастырады;
б) үшінші топ – етістіктің «Етіс» категорияларын сөз етеді;
в) төртінші топ – етістіктің «Рай» категориясын талдап көрсетеді;
г) бесінші топ – етістіктің «Шақ» категориясын қарастырады.

Етістік бойынша өтілген теориялық материалдар толық еске түсірілген соң, жаттығу жұмыстары орындалады.
1. Теориялық материалдарды бекіту жаттығулары:
Мақалды оқып, мағынасын түсіндір, етістікке сатылай комплексті талдау жаса.
Батыр болар бала бесікте жатқанда – ақ білінеді, жүйрік болар тай кермеде тұрып керілер. Ұлдың жақсы болмаған әкеден, қыздың жақсы болмағы шешеден.
Жаттығулардағы етістікті сатылай комплексті талдаудың үлгісі былай жүргізілуі керек:
а) тұрып – бұл сөз екі құрамнан тұр, тұр + ып, тұр – негізгі түбір морфема, өйткені, сөздің әрі қарай бөлшектенбейтін, мағына беретін бөлігі; ып – өткен шақтық көсемшенің жұрнағы; дара, негізгі, салт, өткені, өзінің алдындағы сөздің табыс септікте тұруын қажет етіп тұрған жоқ, болымды, өйткені, іс – әрекеттің болатындығын көрсетеді, қимыл – әрекет етістігі;
ә) керіледі – бұл сөз (кер + іл +е + ді) төрт құрамнан тұр, кер – негізгі түбір морфема, іл – ырықсыз етіс жұрнағы, ді – жіктік жалғауының III жағының грамматикалық көрсеткіші, салт, болымды, қимыл – әрекет етістігі;

2. Тілдік объектілерді ажырату жаттығулары.
Төмендегі мақалдарды көшіріп жазып, мағынасын түсіндір, етістіктерге тілдік талдау жаса.
Болатын бала он бесінде жаспын деді, болмайтын бала отызында да жаспын дейді. Ұлың өссе ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе қызы жақсымен ауылдас бол.
3. Тілдік объектілерді дәлелдеу жаттығулары.
Төмендегі мақалдардан етістіктің категорияларын ажыратып, әрқайсысының ерекшелігіне тоқтал.
Атаға (әкеге) қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер. Шешесін көріп қызын ал, аяғын (табағын) көріп асын іш.

4. Тілдік объектілерді талдау жаттығулары.
а) Тәрбие төл бесіктен, ананың ақ сүтімен бірге дариды; сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді, яғни, жас бала жас шыбық тәрізді, қалай тәрбиелесең, солай иіледі.
ә) Туған - туысқанын сыйлай білген бала, туған елін де, жерін де, тілін де сыйлай алады.
Текстен етістіктерді тауып алып, сатылай комплексті талдау жасаңдар.
5. Тіл ұстарту жаттығулары:
а) Мағжан ағаларының мына өлең жолдарын оқып, не жайлы айтылғанын баяндаңдар, өлең жолдарындағы етістікке талдау жасаңдар.
Сезімді біреу алмас, біреу алар,
Құлағына біреу салмас, біреу салар.
Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар,
Солардан аз да болса белгі қалар.
Төмендегі сөйлемді көрсетілген жүйеде талдаңдар:
Ералыдағы жатақтарға қаладан қайтып келе жатқан Абай кеше келді.
1. Сөйлем айтылу мақсатына қарай қандай сөйлем?
2. Құрылысына қарай қандай сөйлем?
3. Жай сөйлемнің түрлеріне талдаңдар.
4. Сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
5. Етістіктің құрамын ажыратып, лексика – грамматикалық мағынасына талдау жасаңдар.
Үйге тапсырма: «Еңбек етсең ерінбей...» деген тақырыпта шығарма жазып, етістікке талдау жасау.
6 592
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сабақты етістік пен салт етістік
Сабақты етістік пен салт етістік
Етістіктің сабақты және салт етістік түрлерін табыс септігімен байланыстыра отырып меңгерту Тақырып бойынша алған білімдерін ауызша, жазбаша тілде пайдалану дағдысын қалыптастыру.
Етістік
Етістік
Заттың қимыл іс-әрекетін білдіретін сөзді етістік дейміз.
Етістік
Етістік
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жаңа жол ауылы, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шакирова Мейрамкул Елемесқызы
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Искакова Гүлзада
Етістік
Етістік
Қоңырбаева Нұрсұлу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×