Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістік

03 желтоқсан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты: Етістік туралы оқушыларға түсінік беру.
Сабақтың міндеті:
1. Білімділік: заттың қимылын білдіретін сөздерді ажырата білуге, оларды таба білуге үйрету, етістіктің дара және күрделі болып бөлінетіні туралы ұғымын кеңейту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Сөздік қорларын молайтып, сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру, сауатты көркем жазуға төсілдіріп, ойын, тілін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың логикалық сезімін оятып, әдептілікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, татулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, жазбаша түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, ребус, кестелер.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың оқу құралдарын түгелдеп, сабаққа әзірлеу.
- Бүгін біздің сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Үш топқа бөлініп, өз білімдерімен сайысқа түседі.
І топ. «Алғырлар»
ІІ топ. «Тапқырлар»
ІІІ топ. «Ойшылдар»
Өткен сабақтағы материалды қамти отырып, үйге берілген жаттығуды әр топтан үш оқушыға оқыту, оны талдау.

Миға шабуыл.
- Кәне, балалар, қазір сендермен «Дұрыс тап» деген ойын ойнаймыз. /Екі топқа суреттер сен сөз үлестіріледі. Үш топтың балалары жауабы жазылған суреттер мен сөз тіркестерін көрсетеді./
Мысалы: Жылқы кісінейді. Түйе боздайды. Ит үреді. (Зат есіммен етістікті байланыстыру).
Ауызша жұмыс «Тығырықтан шығу».
1. Сөз таптары туралы түсінік бер.
2. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтарын ата.
3. Сан есім дегеніміз не? Сұрақтарын ата.
4. Сын есім дегеніміз не? Сұрақтарын ата.
5. Етістік дегеніміз не? (Не істеді? Қайтты?)

VІ Жаңа сабақты меңгерту.
- Балалар, қазір мына сөзжұмбақты дұрыс шешсек, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.

Сұрақтары:
1. Ең нашар баға?
2. Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі? 3. Сүттен жасалатын тағам?
4. Ең жақсы баға?
5. Кім? не? Сұрағына жауап беретін сөз табы?
6. 7 ондық неше болады?
7. Зат есімнің сұрағы?
- Ендеше бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы – Етістік.

V Дәптермен жұмыс.
- Өткен сыныптағы етістік туралы алған білімімізді есімізге түсірейік.
- Етістік дегеніміз не?
Сұрақтарын атап, мысал келтір.
- Етістік нешеге бөлінеді?
VI «Ойлан да, тап!» ойыны.

Дара етістік --------- Күрделі етістік
ұшты ----------------- ұшып барады
күреді --------------- күреп жатыр
сүзді ----------------- сүзіп жатыр
үйді ------------------ үйіп жатыр

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 551
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Етістік
Етістік
Заттардың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді ЕТІСТІК дейміз. Етістіктің сұрақтары: Не істеді? Қайтті? Не қылды?
Етістіктен өткенді қайталау
Етістіктен өткенді қайталау
Етістіктерді тауып дара және күрделі екенін ажырата білуге үйрету. Тілін сөздік қорларын дамыту
Етістік
Етістік
Етістіктерді тауып дара және күрделі екенін ажырата білуге үйрету. Тілін сөздік қорларын дамыту. Байқампаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Етістік
Етістік
Тақырып: Етістік
Етістік
Етістік
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Панфилов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Намазбаева Айнаш Джексембековна
Етістік
Етістік
Ақтөбе қаласы,"Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Насумова Замзагуль Сагинбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×