Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


В есебі

14 қаңтар 2016, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
В есебі

Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлексивтік есеп
Мұғалімнің ойы
Тренердің пікірі
Осы бағдарламаның негізгі міндеті – қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Бағдарламаның негізгі қағидаты тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады. Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, олар оқыту барысында аралас түрінде ұсынылады(Нұсқаулық 12 бет) Жеті модульді ықпалдастыру мақсатында тәжирібе кезінде 1 «А»сыныбында, ана тілі пәнінен өткізген бір сабағым бойынша рефлексивтік есебім.

Сабақ тақырыбы: «Ұзынсары».
Сабақтың мақсаты: Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіну, ұзынсары наурыздың ұзақ сары күні екенін білу.
Күтілетін нәтиже:
Мәтінді мәнерлеп оқиды, мазмұнын, мәнін түсінеді, ойларын айта алады, өзара пікір алмасады, сөздік қоры артады, өмірмен байланыстыра алады.
Сабақты ынтымақтастық ахуал орнатудан бастадым. Мақсаты: жас ерекшеліктеріне байланысты оқушылар бір – біріне жылы лебіз сөздер және тілектер тілей отырып, серіктестік қарым – қатынас жасауға, оқушылардың көңіл күйін көтеру, ынтымақтастық орта құру (Шеңберге тұрып, бір – біріне жылы лебіздерін айтады, сәттілік тілейді.) барлығы қайталап айтады.
Қане, шеңбер құрайық,
Дөңгелене тұрайық.
Ұнаған фигураны таңдап ап,
Тобымызды табайық.

Ынтымақтастық ортасын қалыптастыруда балалардың бойында көңіл күйлерінің көтерілгенін, бойларында сенімділік, ұялшақ, тұйық балалардың ашылуын байқадым.
Кездескен кедергілерде болды, балалардың ұялшақтығы, терең ойламаулығы, тілдерінің аздығы. Осы кедергілерден шығу үшін алдағы уақытта көп ізденуді талап етеді және тиімді жолдарын қарастыру керек деп түйдім. Жас ерекшеліктеріне байланысты логикалық ойлау мен визуалды қабылдауға, геометриялық фигуралар арқылы топқа бірігеді.(шеңбер, үшбұрыш, төртбұрыш). Сынып оқушыларын топтарға бөліп оқытудың тиімділігі, нашар оқитын оқушылар көпшіліктің көлеңкесінде қалмайды, әр оқушы өз бетімен жұмыс жасайды және шығармашылықпен бәсекелестікті қалыптастырады, өзін - өзі бағалауға үйренеді, оқушылардың қызығушылығын артады, көңіл күйлерін көтеріліп және сабаққа деген белсенділігін артады дегім келеді. Өйткені, дәстүрлі сабақта үлгерімі төмен оқушылар артқы партада жыл бойы отырып қалатын, ал қазіргі жаңаша оқуда күніне бірнеше рет ауыстырады және сыныптастарымен қарым - қатынас жасауға, әрекет жасайды. Оқушыларға ұнағаны сондай, келесі сабақта қандай топтастыру болар екен? - деп күнде асыға күтетін болды. Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылығы, белсенділігі артқаны көрінді. Топ өзара пікірлесіп сыныптағы ұялшақ, орташа оқитын оқушыларды топ басшысы етіп тағайындады. Ондағы мақсатым, нашар оқушыларды сөйлету, жауапкершілікке тарту, ұялшақтықтан арылту болды. Бұл жерден оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер орын алып отыр, яғни диалог арқылы оқыту, топ басшысын сайлаудағы пікір – талас.
- Бүгін топ басшы Н болады, өйткені өткен сабақта А болды, ғой
- Бүгін М болсын, өйткені ол да үйренсін – деген А оқушының ұсынысын, барлығы келісіп, топтық әңгіме құрды.
Келесі кезеңді үй тапсырмасын сұраудан бастадым. Мақсаты: өткен сабақты пысықтау және не білгенін түсіну. ойын арқылы оқушылар арасында қарым – қатынас орнату, ұяң балалардың бойындағы қорқыныш пен ұялшақтықтан арылту.
Бұл жерде оқушыға үй тапсырмасын «Қағып ал да, жауап бер» әдісі бойынша, допты серпи отырып, бір оқушыға лақтырамын, сол оқушы жауабын айтып келесі оқушыға лақтырады, ойын осылайша жалғас береді, балалар бір – біріне сұрақ қойды. Мысалы:
- Жыл мезгілдерін ата?
- Қазір қай мезгіл?
- Көктем айларын ата?
- Көктемнің нешінші айы?
- Не өзгерді? Неге? - деген сұрақтар бойынша оқушылар жауап іздеді.
Олар мұндай ойын түрін көрменгендіктен, ұялшақтық танытты. Өзімнің шақыруым арқылы сыныптағы орташа оқитын оқушым А оқушымды шақырдым. Бұл тапсырманы орындау барысында сұрақ қойған, допты қағып алған оқушы жауап бере алмаса, өзі жауап беру керектігін түсіндірдім. Балалар сұрақ қоюға асығыс үстінде болды. Келесі шақырған оқушым сыныптағы нашар оқитын оқушы М оқушы еді. Ол берілген сұрақтарға өзінің шамасы келгенше белсенділік танытып, яғни сабаққа қызығушылығы бар екенін көрсетіп, сәл де болса ойын жүйелеп жауап берді. Бұл жерде айта кететінім жас ерекшеліктеріне сәйкес модулы өзінен өзі көрініс тауып отыр, себебі А оқушының жауап беруі М оқушыға салыстыра қарағанда жауабы дәлелді, ойы жинақы, сабаққа белсенді өйткені ол қыз бала, ал М оқушы бірден сабаққа кірісіп кете алмады, себебі ойындағысын айтқысы келеді, бірақ тілі қысқа, яғни А оқушы; Жыл мезгілдері төртеу, қыс, жаз, көктем, күз деп жауап берсе, М оқушы қазір көктем мезгілі деп қысқа жауап айтты. Джером Брунер жаңалық ашу арқылы оқу маңыздылығын атап көрсетіп, ақыл ой үдерісінің оқытумен өзара байланысу мүмкіндіктерін зерттеген, яғни балалардың белсенді қатысуын атап өтеді, тіпті бастауыш мектеп жасындағы балалар оқу мен даму үшін бастамашылық етеді деп сендірді.

Толық нұсқасын жүктеу
23 857
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Портфолио
Портфолио
Бағдарламаның негізгі міндеті – қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу.
"Басни Крылова" тақырыбына өткізілген сабаққа  рефлексивті есеп
"Басни Крылова" тақырыбына өткізілген сабаққа рефлексивті есеп
Сабақтың мақсаты: Мәтінмен жұмыс жасай отырып жаңа тақырыпты өздіктерінен оқып үйрену, тақырыпты ашу. Жұппен, топпен жұмыста өзара сыйластыққа, басқалар пікірін бағалауға үйрену.
Инновациялық әдістер - заманауи талабы
Инновациялық әдістер - заманауи талабы
Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Искаков Елубай Сагитович
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
Қарқаралы қаласы №44 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асанова Асель Карибаевна
Кешкі ас. Көмектес септік
Кешкі ас. Көмектес септік
Рамазанова Ә. М. қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі №4 орта мектеп
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×