Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Портфолио

02 тамыз 2019, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
ПОРТФОЛИО
Дәстүрлі емес сабақтарды биология сабақтарында қолдану: таңдау себебім, түсініктеме беру, енгізу
БАҒДАРЛАМА МАЗМҰНЫ
Осы Бағдарламаның негізгі міндеті – қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады. Бағдарлама барысында педагогиканың әртүрлі аспектілері талқыланады. Осы Бағдарламаның негізгі қағидаты тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады. Яғни, мұғалімдер педагогиканың тиісті аспектілеріне қатысты ғылыми (зерттеу) материалдармен танысатын болады. Мұндай жұмыс мұғалімдер Бағдарламаға кіргізілген оқыту мен оқудағы стратегия мен тәсілдерді қарастыру (таңдау, зерттеу, танысу т. б.) барысында сүйенетін теориялық негіздемені қамтамасыз ету үшін қажет.
Оқуға арналған негізгі материалдар «Курсалды тапсырмаларды орындауға арналған нұсқаулық», «Мұғалімге арналған нұсқаулық» және «Мектептегі тәжірибе кезінде орындауға арналған тапсырмалар» болып табылады. Құрылымдалған үлестірме материалдар мен қосымша онлайн - материалдар тиісті сабақтар барысында беріліп отырады. Бағдарлама мен жоғарыда аталған материалдар Бағдарламаның біртұтас оқу - әдістемелік кешенін (бұдан әрі – Бағдарламаның ОӘК) құрайды. Мұғалімдер, сондай - ақ, қажет болған жағдайда және кәсіби қажеттіліктеріне қарай Бағдарламада пайдаланылған және ұсынылатын әдебиеттерді өз беттерінше оқи алады.
«Мұғалімге арналған нұсқаулықта» негізгі материал тиісті сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған. Алайда, осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады.
Бағдарламаның модульдері:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, олар оқыту барысында аралас түрде ұсынылады.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Әлеуметтік - сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну (Vygotsky, 1978; Wood, 1998) осы Бағдарламада айтылған «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. «Диалог негізінде оқыту және оқу» (Mercer, 1995; Alexander, 2008), метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйрену» (Flavell, 1976; Vygotsky, 1978) деген атаулармен танымал педагогикалық тәсілдер әлеуметтік - сындарлылық идеяларының қазіргі заманғы маңызды түсіндірмелері ретінде қолданылады. Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеяларды оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйренуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік - сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой - пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. «Қалай оқу керектігін үйрену» немесе метасана оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.

Ақмола облысы, Зеренді ауданы,
«Куропаткино орта мектебі» КММ
Биология пәні мұғалімі Сарин Жарас Темиртасулы
Портфолио. жүктеу
1 911
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Компьютерлік сауаттылық
Компьютерлік сауаттылық
Информатика және есептеуіш техника негіздері пән ретінде қалыптасқан ғылымның бір саласы. Ал таңдау сабағында негізгі сабақта аяқтай алмаған ұғымдар, түсініктер тереңірек ұсынылады.
В есебі
В есебі
Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлексивтік есеп
Инновациялық әдістер - заманауи талабы
Инновациялық әдістер - заманауи талабы
Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Искаков Елубай Сагитович
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
Қарқаралы қаласы №44 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асанова Асель Карибаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×