Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұқағали Мақатаев "Фантазия" өлеңі

18 ақпан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Құттықожа ауылы №164 орта мектебінің
қазақ тілімен әдебиет пәні мұғалімі
Курбаназарова Дариха Налибаевна

Сабақтың тақырыбы. М. Мақатаев «Фантазия
Мақсаты: Оқушылардың өзін - өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру арқылы оқу мен оқыту үдерісінің тиімділігін арттыру
Міндеттері
Танымдылық: Өз ойын тұжырымдай білуге, ізденуге, ойлануға, ой - өрістерін дамытуға, қорытынды жасап, пайымдауға, салыстыруға ықпал ету.
Эмоциялық: Психологиялық жағымды орта қалыптастыру
Әлеуметтік: Оқығандарын ортаға салып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, алған білімдерін өмірде пайдалануға шақыру
Оқу нәтижесі: Оқушы өзін - өзі реттейді, ортақ нәтижеге қол жеткізуге талпынады. Шығарманы сезіне жатқа оқу қиялына, сезіміне әсер етеді Сабақ барысында топтасып жұмыс жасай отырып, танымдық қабілеттерін көрсетеді.. Жұптық жұмыс жасайды, сабаққа белсенділіктері артады
Негізгі идеялар
Мен тұжырымдама. Өзін - өзі реттеу Диалогтік жұмыс. Ынтымақтастық идеясы.
Ұйымдастыру(5мин)
1. Суреттерді алу арқылы оқушыларды топқа бөлу. Психологиялық тренинг: «Жақсы көңіл күй»
Күн болып ашылайық,
Қызғалдақтай құлпырайық,
Жақсы тілек лебімізбен
Қане амандасып алайық. (жақсы көңіл күй сыйлауға ықпал ету)
Бағалау парағын таратып беру.
1.«Сарғалдақ», «Қызғалдақ», «Бәйшешек» суреттерін алуы.
2. Топ ережелерін бекіту
Оқушылар өлеңді қимылмен жасай отырып, бі - біріне жақсы көңіл сыйлайды.
Топ басшысы сайланып, тапсырмаларды орындағанда бағалау парағын толтырады
Үй тапсырмасын сұрау( 5 мин) Үй тапсырмасы тексеріледі. Батырлық, ерлік туралы мақал - мәтелдер және Абылай хан туралы деректер жинау. Әр топтан екі оқушыдан шығады.

Жаңа сабақ
Ой шақыру(3мин) - Балалар, бейнетаспаға қарайық.- Бейнетаспадан кімді көріп отырсыңдар? – Ақын туралы біз не білеміз? Бейнетаспаны қарайды. Мұқағали туралы мағлұмат алады
Білу, тану, түсіну(5мин) Оқулықпен жұмыс. 1 Мәтінді іштей оқыту. 2 Өлеңдерді шумақ бойынша оқу 3 Cөздік жұмысымен таныстыру
Түсіну, тану, білу(12 мин) Топтық жұмыс. Жоба қорғауға тапсырма беру
1. Ассосация 2. Венн диаграммасы 3. Қабырға газеті
1. Мұқағалиға ассосация жасайды. 2. «Сабалақ» және «Фантазия» өлеңдерінің ұқсастығы мен айырмашылығы. 3. Қабырға газетін шығарады.
«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы топтар бірін - бірі бағалайды
Қолдану(6 мин) Кеңейтілген тапсырмаларды таратып беру және критерийлерімен таныстыру

Тану Сәйкестендіру тесті: 1. Сәйкестендіру тесті.
1Төменде берілген шығармалар мен авторларын сәйкестендіріңіз:
1. М. Жұмабаев «Ақын қонақтар»
2. Ғ. Мүсірепов «Қажымұқан»
3. Қ. Әбдіқадыров «Қысқы жолда»
4. Ж. Молдағалиев «Жамырап күнде жас өмір»
5. Қ. Шаңғытбаев «Жаңа достар»
6. М. Әуезов «Сабалақ»
7. Қ. Аманжолов «Ар - ұят туралы»

6 - 7 дұрыс жауап "5"
3 - 5 дұрыс жауап "4"
1 - 4 дұрыс жауап "3"

Білу Ашық сұрақ:
2. Мұқағалиға арналған ашық сұрақтардың жауабын жазыңыз:
1. М. Мақатаев қай жылы, қай күні, қай жерде дүниеге келді,
2. Ақынның әкесінің есімі
3. Ақынның анасының есімі
4. Ақынның «Үш бақытым» өлеңіндегі бақыттарды атаңыз:
5. Мұқағали өлеңді неше жасынан бастап жазған:
6. М. Мақатаевтың азан шақырып қойған аты кім?
7. Ақынның Галилей, Коперниктер есімі аталатын өлеңі 8. Мұқағали үшін жер жаннаты
9. Ақынның егізі
10. Мұқағалидың өмірінің соңғы сәттерінде жазып, кейін әнге айналған өлеңі
8 - 10 дұрыс жауап "5"
5 - 7 дұрыс жауап "4"
1 - 4 дұрыс жауап "3"

Қолдану Тақырыпқа өзіндік ой – пікірін қолданған "5"
Сөздік қоры мол, бірақ қайталаулар кездеседі. "4"
Сөйлемдері қысқа байланыспайды. "3"

3. Мұқағали атаға хат
Жинақтау (4 мин) Өз көзқарасыңды білдір. Берілген сұрақ бойынша өз ойларын айтуы керек.
- Күн, бұлт, кемпірқосақ арқылы рефлексия жазуды тапсыру Ақын ертегідегі қиял мен бүгінгі шындықты қалай байланыстырған?
Күн - не үйрендім?, бұлт - не ұнамады?, кемпірқосақ - не қызық болды? - сауалдарына жауап жазады.

Үйге тапсырмаа«Фантазия» жаттау. Мұқағали әндері, өлеңдерін жинақтау. Күнделіктеріне жазып алады
Қорытынды«Саржайлау» әнін тыңдау Оқушылар қосылады.
3 117
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
«Үш бақытым» өлеңімен таныстыру. Оқушыларды Мұқағали Мақатаев өмірімен таныстыру; Оқушыларды туған жерін, елін қорғай білуге баулу. Патриоттық сезімдерін ояту және ой белсенділігін арттыру.
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға» өлеңі
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға» өлеңі
Поэзияға деген ықыласын арттыру арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды тану және әдеби теориялық ұғымдарды талдау мүмкіндіктерін кеңейту
Сындарлы оқыту
Сындарлы оқыту
ШҚО, Семей «№13 ЖОББМ» КММ Траих пәні мұғалімі:Н. Кульджина
Мұқағали Мақатаев «Фантазия» өлеңі
Мұқағали Мақатаев «Фантазия» өлеңі
Мұнайлы ауданы, № 1 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дүйсенбаева А. Б.
Мұқағали Мақатаев “Фантазия"
Мұқағали Мақатаев “Фантазия"
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева
Мұқағали Мақатаев
Мұқағали Мақатаев
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×