Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұқағали Мақатаев «Фантазия» өлеңі

17 наурыз 2014, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Фантазия» өлеңі (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушылардың қазақ ақыны, біртуар тұлғасының бірі – Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылық дүниесімен таныстырып, жас буынды поэзия нәрімен сусындату. Мұқағали өлеңі арқылы қазақ ауыз әдебиетіндегі қиял - ғажайып ертегілердің қазіргі таңда шындықпен байланысын көрсету, ұлттық құндылықтармен танысу.
ә) дамытушылық: оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге одан әрі дағдыландыру, ізденушілік қабілетін дамыту, ғылыми ізденіске жол ашу, шығармашылық жұмыстар жасай білуге үйрету.
б) тәрбиелік: оқушыларды поэзияны сүйе отырып, өз халық әдебиетінің бай мұрасын құрметтеуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдіс – тәсілдері: мәнерлеп оқу, талдау, ізденушілік, сұрақ – жауап.
Сабақтағы жұмыс түрлері: шығармашылық, іздендіру, салыстыру, талдау.
Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі, тарих
Көрнекіліктер: М. Мақатаевтың өлеңдер жинағы, слайд, видеоролик
Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Топқа бөлу (оқушыларды үш түсті кәмпит таратып, сол арқылы топтастырамын. Қызыл түсті кәмпит І топ, сары түсті кәмпит ІІ топ, жасыл түсті кәмпит ІІІ топ)
Үй тапсырмасын сұрау:
Доп лақтыру арқылы сұрақтар қою (Оқушылар орнынан тұрады. Алғашқы сұрақты мұғалім озі қойып, бір оқушыға доп лақтырады. Қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, келесі оқушыға жалғастырады)
1. Өлеңдегі басты қа арман кім?
2. Абылай қандай бейне?
3. Ер Төстік қандай кейіпкер?

1. Ой қозғау кезеңі
Фантазия – қиял, ертегі арман, сиқыр
Жаңа сабақ:
М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы видеоролик
Мұғалім: Ал енді осы «Фантазия» өлеңінің мәтінімен танысайық (кітаппен жұмыс)
1. Мұғалім жатқа оқиды.
2. 2 оқушы мәнерлеп оқиды
3. Мағынаны тану кезеңі
«Түртіп алу» стратегиясы. Әр топқа кесте таратылады. Сол кестеге оқушылар өлеңдегі таныс және таныс емес сөздер жазып толтырады.
Таныс сөздер:
Жеті қат жер, жеті қат аспан, қиял, ертегі, ғаламаттар
Таныс емес сөздер:
Галилей, Коперник - жер мен жұлдыздарды зерттеген Еуропа ғалымдары.
1. Жеті қат жер асты дегенді қалай түсінесіңдер? Қай ертегіде кейіпкер жер астына түсетін еді?
2. Аспанға ұшу деген не? Ақын өлеңіндегі айтылған ойды қазіргі заманмен қалай байланыстырасыңдар?
Топтық жұмыс
1. Өлеңнің тақырыбын, идеясын ашу.
2. Өлеңнің құрылысына талдау.
3. Өлеңдегі әдеби - теориялық ұғымдар
Сабақты қорытындылау:
3. Ой толғаныс кезеңі
«Қиял шамы» (эссе)
Әр топқа шам беріледі. Оқушылар шамға қарап, қиялға ерік бере отыра, нені байқағандарын жазады.
Мұғалімнің қорытынды сөзі («Есіңе мені алғайсың» әні орындалып тұрады):
«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» - деп Абай атамыз айтқандай, Мұқағали мәңгі тірі, ол бізбен мәңгілік бірге, жырлары да мәңгі жасай бермек. Ендеше оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыз осымен аяқталмайды, әлі де болса өлеңдерін оқи отыра талдаймыз. Нағыз тума таланттың екі өмірі бар. Бірі – шектеулі өмір, екіншісі – мәңгілік өмір. Мұқағалидың шектеулі өмірінің күні батқанымен, оның мәңгілік шығармашылық өмірінің таңы атып, күні шықты.

Бағалау
Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап келу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 671
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Поэмаға талдау жасай отырып, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы жайында игерген білімдерін тереңдету, поэманың идеясын, мақсатын ұғындыру.
Мұқағали Мақатаев. Мен таулықпын
Мұқағали Мақатаев. Мен таулықпын
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мутигуллина Гүлсара Мергенқызы
Поэзия! Менімен егіз бе едің?!
Поэзия! Менімен егіз бе едің?!
«Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Смадиярова Мадина Нұржігітқызы
Мұқағали Мақатаевтың «Фантазия» өлеңі
Мұқағали Мақатаевтың «Фантазия» өлеңі
Қарағанды облысы, "Сәтбаев қаласындағы №3 орта мектебі" КММ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Алпысова А. Д.
Мұқағали Мақатаев “Фантазия"
Мұқағали Мақатаев “Фантазия"
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева
Мұқағали Мақатаев
Мұқағали Мақатаев
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×