Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мейірімділік – асыл қасиет

08 мам 2016, Жексенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Тақырыбы: Мейірімділік – асыл қасиет
Мақсаты: Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіну; жақсы - жаманды ажырата білуге адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Күтілетін нәтижелер:
1. Рухани - адамгершілік қасиеттер туралы түсінік қалыптасады, жақсы - жаманды ажырата біледі.
2. Бір - бірімен қарым - қатынастарын жақсартады. Адамгершілікке, мейірімділікке үйренеді.
3. Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсінеді.
Ресурстар: қанатты сөздер
Стратегиялар: тренинг:"Жылы лебіз", "Ой қозғау" стратегиясы."Ассоциация" стратегиясы,
Жағдаяттарды шешу, «Болады - болмайды» стратегиясы
Негізгі идея: «Мейрімділікті анадан үйрен»

Жүру барысы:
1. Тренинг:"Жылы лебіз"
"Шеңбер айналасында жылы лебіздерін білдіруді ұсынамын. Балалар, бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін» құрайық. Әр біріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі, жылы сөздермен, жылы жүрегімізбен, күлімдеген көзімізбен, жымиған езуімізбен жеткізейік. (Сен нағыз доссың, ең әдемі қызсың, мейірімдісің өте ұқыптысың, еңбекқорсың және т. б.)

2. Мәтінмен жұмыс.
Оқушылардың назарын мейірімділік туралы әңгіме тыңдауға аударамын.
Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?- деп сұрапты». «Сен әлі кішкентайсың. Өскеннен кейін түсінесің», деді анасы. Жолда ол жылап жүрген ешкіні кездестіреді, ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып алуға көмектесуін сұрайды. «Менде уақыт жоқ»,- деді балапан,- мен мейірімділіктің не екенін білуім керек»,- деді де, әрі қарай жүгіріп кетеді. Шалғайдан балапанды кездестіреді, ол ағашқа ілініп қалған шарды ала алмай жүреді. «Балапан, балапан маған шарды алуға көмектесіп жіберші»,- деп сұрайды қыз. «Менде уақыт жоқ, дейді балапан,
- Мен мейірімділіктің не екенін білгім келеді». «Маған айтшы»,- деді балапан. «Бірінші сен шарды алып бер дейді. Балапан шарды алып береді. «Мінеки, сен қайырымды іс істедің. Мейірім деген осы». «Қандай оңай?»- деп таң қалды балапан.
Мәтін бойынша оқушылардың өзіндік пікірлерін білу мақсатында сыныпқа төмендегідей сұрақтар қоямын.
а) Мейірімділік деген не?
ә) Неге мейірімді болу керек?
б) Қалай мейірімді болуға болады?

3."Ассоциация" стратегиясы
- Мейірімділік деген не?
1) Мейірімділік - ол басқаларға қамқор болу.
2) Қайырымды болу - жердегінің бәріне қамқорлық жасау дегенді білдіреді.
3) Мейірімділік адамдар мен табиғат және жануармен қарым - қатынаста байқалады, айқындалады.
4) Мейірімді болу адамдарға қамқорлық жасау және де қоршаған ортаға, өзіңе қамқорлық жасау.

4. Жағдаяттарды шешу:
1 - жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?
2 - жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет - журнал көтерген хат тасушы апай шықты, сен не істер едің?
3 - жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті, сенің әрекетің?
4 - жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?

5.«Болады - болмайды» стратегиясы
(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)

- Мейірімді болуға …. (болады)
Кешірімді болуға …. (болады)
Қатыгез болуға …. (болмайды)
Тәртіпті болуға …. (болады)
Әдепті болуға …. (болады)
Ұрысқақ болуға…. (болмайды)
Сыпайы болуға …. (болады)
Қайырымды болуға …. (болады)
Бұзық болуға …. (болмайды)
Бауырмал болуға …. (болады)
Ақылды болуға ….. (болады)
Мақтаншақ болуға …. (болмайды)
Шыншыл болуға …. (болады)
Арам болуға …. (болмайды)
Маман болуға …. (болады)
Жаман болуға …. (болмайды).

Сабақты бекіту:
- Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер? Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар, не үйрендіңдер? (оқушылар жауабы)
4 770
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адамгершілік – асыл қасиет
Адамгершілік – асыл қасиет
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Абай.
Жылы жүрек – жақсы тілек
Жылы жүрек – жақсы тілек
- жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру; - қайырымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
Адамгершілік – асыл қасиет
Адамгершілік – асыл қасиет
Адамның бойындағы ұнамды - ұнамсыз қасиеттерді айта отырып балаларды адамгершілікке тәрбиелеу, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге адамдармен қарым - қатынас дағдыларын жасауға баулу.
Мейірімділік - асыл қасиет
Мейірімділік - асыл қасиет
Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымыдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. - өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту;
Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімділік – асыл қасиет
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Байқоңыр ауылы, «№17 Байқоңыр орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Абдибекова Айгуль Жанкараевна
Бастауыш сыныптарына өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспарлары
Бастауыш сыныптарына өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспарлары
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Мичурин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кукеева Орынкуль Исмагуловна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×