Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жылы жүрек – жақсы тілек

08 наурыз 2018, Бейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Өзін - өзі тану 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жылы жүрек – жақсы тілек

Мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;
Міндеттері:
- жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру;
- қайырымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- мейірімділікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу;
Көрнекіліктері: проектор арқылы презентациялар, дәптер, оқулық, глобус, көгершіндер, гүлдер мен күн суреттері.
Шаттық шеңбері
Мұғалім балаларға шеңбер айналасында жылы лебіздерін білдіруді ұсынады:
- Балалар, бәріміз ортаға шығып, «шаттық шеңберін» құрайық. Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен, күлімдеген көзбен, жымиған езумен жеткізейік:
- Сен нағыз доссың; сен ең әдемі қызсың; сен өте мейірімдісің; сен өте ұқыптықсың; сен еңбекқорсың т. б. осындай сөздерді оқушылар бір - біріне кезекпен айтып шығады.
- Жарайсыңдар, балалар! Әр біріңнің достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын.

Тыныштық сәті
Оқушыларға өз жүректерінің жылулығын сезіндіру мақсатында тыныштық сәті ұйымдастырылады. Мұғалім оны орындау жолын айтып өтеді.
- Әрқайсысымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей жақсы тілектер тілейік.
Ризашылық әні орындалады.
Оқулықпен жұмыс. Әңгімелеу
Адамның мейірімділігі оның жылы жүрегі мен жақсы ойларынан танылатындығын түсіндіру мақсатында әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады.
Мұғалім әңгімелеп береді.

Түрік жазушысы Енгін Көсеоғлұ
Аударған Сәуле Доғайқызы
Неше мен Айша

Бар екен де жоқ екен. Ертеде бір патшаның Неше, Айша есімді қыздары болыпты. Патша қыздарын жақсы көріп, қолынан келгенше олардың бір дегенін екі етпейді екен. Неше мен Айша өсе келе мінездері өзгере бастапты. Неше қаншалықты көңілді болса, Айша соншалықты көңілсіз болыпты. Әр нәрсені, өзіне дерт етіп жылап: «Мені ешкім жақсы көрмейді. Барлығыңыз Нешені жақсы көресіздер» деп мұңын шағады екен. Патша Айшаның бұл мінезінен айырылу үшін, жан - жақты ақылды адамдарды шақырып ақыл сұрапты. Бірақ Айшаны ешкім күлдіре алмапты. Соңында патша сарайдағыларға: «Бұдан бұлай Айша мен Нешеге бірдей қарайтын болыңдар» деп әмір беріпті. Патшаның бұл бұйрығына кім қарсы келсін? Сарайдағылардың бәрі патшаның айтқанын орындапты. Бірақ бұл Айшаны бақытты етіп, аз болса да күлдіре алмапты.
Бір күні білімді бір адам сарайға қонаққа келіпті. Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін сұрапты. Патша: «Е... сұрама. Күлмейтін бір қызым бар. Дертін ешкім білмейді». Саяхатшы: «Патшам, рұқсат етсеңіз, бір ай сарайыңызға қонақ болайын. Мүмкін қызыңыздың көңілсіз болуының себебін табармын».
Патша қуаныпты. Сол күннен бастап саяхатшы Неше мен Айшаны жасырын аңди бастапты. Қараса, екеуі де жатпай тұрып, жастықтарының астынан бір дәптер шығарып, бір нәрселер жазып, таңертең жазғандарын оқып тұрады екен. Саяхатшы бір түні Неше мен Айша ұйықтағаннан кейін дәптерлерін алып оқыпты. Неше өзіне жасаған жақсылықтарды жазса, Айша өзіне жасалған әділетсіздіктерді жазыпты.
Ертеңіне саяхатшы Нешеден рұқсат сұрап алып, дәптерін Айшаның жастығының астына қойыпты. Таң атысымен Айша жастықтың астынан дәптерді алып оқыпты. Сарайдағылар екеуіне де бірдей қарағандықтан Айша жазылғандарды жатырқамапты. Өзіне жасалған жақсылықтарды есіне түсірісімен жүзі күліп, қуанғаннан ән сала бастапты.
Патша Айшаның ән салғанын естіп, өз құлағына өзі сенбепті. Бірден саяхатшыны шақырып қалай жүзеге асырғанын сұрапты. Саятшы: «Патшам - депті,- өмір - айна сияқты. Оның жақсы жақтарын ойласақ, бізге әдемі көрінер. Айша, өмірінің жаман жақтарын ойлағаны үшін бақытсыз болған». Патша Айшаны шақыртып, оған бұдан кейін дәптеріне тек жақсы жақтарын жазуын, жамандықтарын ұмытуына ақыл - кеңес беріпті.
Сол күннен бастап Айша да Неше сияқты мейірімді, бақытты болыпты.

Балалардың пікірлерін білу үшін сұрақтар қойылады.
1. Айшаның көңілсіз, Нешенің көңілді жүруінің себебі неде?
2. Нешенің күнделігінде қандай сөздер болды?
3. Айшаның күнделігінде қандай сөздер болды?
4. «Өмір - айна» дегенді қалай түсінесіңдер?
5. Сендер кімдердің жақсы жақтарын еске түсіресіңдер?
6. Сол сәтте қандай сезімге бөленесіңдер?

Дәйексөз
Балалардың жауаптары мұғалім тарапынан дәйексөздің түсіндірілуімен түйінделеді.
Мұғалім тақтаға «Жақсы сөз – жан семіртер» деген халық мақалын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді:
- Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді. Ауыр сөз, жағымсыз әрекеттер адамның көңілін түсіреді, мұңайтады, оны уайымға салады.
Оқушылар дәптерге жазады.

Сергіту сәті
Балаларды барлық уақытта жақсы ойлап, жақсы тілек білдіріп жүруге дағдыландыру мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылады. Мұғалім оны орындау жолын айтады:
- Бәріміз орнымыздан тұрып, барша адамзатқа, айналамызға деген тілегімізді түрлі қимылдар жасай отырып, көрсетейік.
Тілек
Бейсебай Кірісбаев
Шөліркемей гүл тұрсын, (сол қолын жайып көрсетеді)
Жерім жайнап құлпырсын,(Оң қолынжайып көрсетеді)
Нұрын сыйлап біздерге, (Екі қолын жоғары көтереді)
Көкте мәңгі күн тұрсын,(Екі қолын екі жаққа жаяды)
Ортақ бізге туыстық,(Екі қолын төбесіне көтереді.)
Нұр сыйлаған күн ыстық,(Қолдарын жаяды)
Ыстық бізге кең өлке,(Оң жаққа қарайды)
Ыстық бізге тыныштық. (Солжаққа қарайды)

Жылы жүрек – жақсы тілек. жүктеу
30 146
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір сөз және туынды сөз
Түбір сөз және туынды сөз
бір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздердің түбірлес сөздер деп аталатынын түсіндіру.
Жылы жүрек - жақсы тілек
Жылы жүрек - жақсы тілек
Міндеттері: жақсы тілектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру қайырымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту ізгілікке, ізеттілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу
Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіну; жақсы - жаманды ажырата білуге адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Жылы жүрек - жақсы тілек
Жылы жүрек - жақсы тілек
Семей қаласы. Приречное ЖОББМ Бастауыш сынып мұғалімі Шакенова Карлығаш Кабыкеновна
Жақсы сөз – жанға қуат
Жақсы сөз – жанға қуат
Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады. (Науаи)
Жетімді жебеп, қолдаған жан
Жетімді жебеп, қолдаған жан
«Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының президенті Назарбаева Сара Алпысқызы туралы мағлұмат беру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×